Уретерогидронефроз

Уретерогидронефроз ауруы балаларда

Уретерогидронефроз – бүйрек пен несепағарға су жиналуы. Баладағы ауырсыну сезiмi аяқ астынан қозуы мүмкiн. Кейде ол несеп шығарғанына байланысты да байқалады. Гематурия белгiсi сирек, ал пиурия белгiсi пиеленефрит қосарланғанда ғана бiлiнедi. Бүйрек функциясының шамасын хромоцистоскопия жасау арқылы анықтауға болады. Уретерогидронефрозға шалдыққан бүйректiң функциясы баяулайды.

Диагнозды анықтауға экскреторлық урограмма өз көмегiн тигiзедi, сол арқылы бүйрек қалталарының, несепағардың қатты кеңейгенi байқалады. Қуыққа суда еритiн контраст заттар енгiзу арқылы микциондық цистограмма жасалғанында несепағар пен қуық арасының рефлюксы анықталуы да мүмкiн. Ол белсенді (активті) және бәсең (пассивті) болып бөлiнедi.

уретрогидронефроз қазақша
Несепағартың төменгі/3 бөлігінің ахалазиясы нәтижесінде пайда болған уретерогидронефроз

Диагнозды анықтауға ультрадыбыстық тексеру және компьютерлi томография тәсiлдерi кеңiнен қолданылуы қажет. Уретерогидронефрозды емдеу консервативтiк емдеу жолдарын қолданудан басталады. Ол үшiн балаға антибактериальдық дәрiлер, спазмолитиктер берiледi. Арнайы тексерудiң нәтижесiне сәйкес, несепағар пен қуық арасына пластикалық операция жасалынады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Нефроптоз
  2. Бүйректің даму ақаулары
  3. Балалардағы гидронефроз

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!