Балалардағы гидронефроз

Балалардағы гидронефроз

Гидронефроз дегеніміз – бүйрек ауруы, бүйрек тостағаншаларымен зәр ағысының бұзылысы, яғни бүйрек паренхимасының атрофиясы және бүкіл функцияларының төмендеуімен сипатталады. Бала жасындағы гидронефроз ана құрсағында жатқанда диагностикаланады. Оны жүктіліктің 20 аптасында анықтауға болады. Егер ұрықта өзгерістер анықталса динамикалық бақылау жүргізіледі, егер патология анықталса жүктілікті үзу немесе емдік іс – әрекеттер қолдану туралы шешім қабылданады.

Біріншілік және екіншілік гидронефроз деп ажыратылады. Біріншілік гидронефроз кезінде – туа біткен тыртық және қан тамырлардың қысылуы кезінде несепағар сегменттерінің жиырылуы болады. Ал екіншілік гидронефроз кезінде, яғни несепағарда немесе бүйректе тастың болуы, капиллярлы ісік, қуықтың ісігі.

Классификациясы 3 кезеңге бөлінеді.

  • І кезең – бүйрек тостағаншалары кеңейген, бүйрек функциялары өзгермеген немесе бұзылысы жеңіл дәрежеде.
  • ІІ кезең – 15 – 20 % бүйрек көлемі ұлғайған, бүйрек тостағаншалары кеңейген, қабырғалары жұқарған. Бүйрек тостағаншаларының эвакуаторлық қасиеті бұзылады. Бүйрек функциясы 20 – 40% – ға төмендейді.
  • ІІІ кезең – бүйрек көлемі 1,5 – 2 есе ұлғайған. Бүйрек тостағаншалары кеңейген, бүйрек көпкамералы кеңістікке ұқсас келеді. Эвакуаторлық қасиеті тез арада бұзылады. Бүйрек функциясы 60 – 80 % төмендеген.
Балалардағы гидронефроз
Гидронефроздың саты бойынша көрінісі

Клиникасы. Гидронефроздың клиникалық картинасы әртүрлі. Оның локализациясына, зәр ағысының бұзылу дәрежесіне, тостағаншаларының анатомиялық ерекшеліктеріне, біржақты немесе екіжақты процестердің асқынуына байланысты.

Жиі кездесетін симптомдары:

  • Бел аймағында ауру сезімдері, бүйректің периодты ұстама түрінде шаншып ауруы.
  • Бүйрек көлемінің ұлғаюы негізінде қабырғааралықтарында ісіктердің пайда болуы
  • Гематурия (зәрде қанның болуы). Тотальды түрде болуы мүмкін, бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады, біржақты болады. Гидронефроз кезінде гематурияның пайда болуы созылмалы пиелонефрит және зәр – тас ауруына байланысты.

Созылмалы пиелонефрит және зәрде тұздардың болуы зәрдің лайлануына әкеледі.

  • Әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы.
  • Екіжақты процесс кезінде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды

Диагностикасы.
УДЗ (гидронефроз кезінде бүйрек көлемінің ұлғаюы, бүйрек тостағаншаларының кеңеюі, паренхима қалыңдығының төмендеуі)

Гидронефроз кезінде негізгі диагностикалаудың әдістері сәулелік:

  • Рентгенологиялық әдіс (обструкция деңгейін, бүйрек жүйесінің кеңею дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді)
  • КТ

гидронефроз қазақша

Қазіргі таңда диагностикалауда радиоизотопты әдіс кең қолданылған:

  • Ретроградты ренография
  • Ретроградты реноангиография
  • Бұл зерттеулер бүйректің функционалды жағдайын, гидронефротикалық дәрежесін анықтауға көмектеседі.
  • Жаңа әдістерге – компьютерлі және магнитті томография контрасты препараттарды енгізуімен жатады.
  • Олар гидронефроздың себептерін, бүйрек және бүйрек қантамырлардың аномалиясын анықтауға көмек береді.

Емі.

  1. Гидронефрозбен емдеуде оперативті ем кең қолданылады. Гидронефроздың І дәрежесінде созылмалы қабыну процесі болмаса динамикалық бақылау жүргізіледі.
  2. ІІ кезеңде хирургиялық ем. Мақсаты несепағардағы зәрдің пассажын қалпына келтіреді. Қазіргі таңда лапароскопиялық операция қолданылады. Мақсаты, несепағардағы жиырылған сегментті сылып тастау. Науқас қысқа уақытқа стационарға жатқызылады. (2-3 күн).
  3. ІІІ кезеңде – бүйректі алып тастайды. Лапароскопиялық әдіспен.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!