Бала жасындағы коллапс

Бала жасындағы коллапс

Коллапс – тамыр жетіспеушілігінің мидың уақытша анемиясы нәтижесінде пайда болатын, терең емес, аз уақыттық естен танумен жүретін жедел жеңіл түрі.

Этиологиясы мен патогенезі. Көп жағдайларда коллапстың себебі – тамыр тонусының, жедел дамыған рефлекторлы төмендеуі. «Кезбе» нервтің және симпатикалық нерв жүйесінің дистониясы, әдетте, вазомоторлық және эмоциональдық сезімталдығы жоғары балаларда болады. Бұл, артериялық және веналық қысымның аса төмендеуіне әкеледі. Коллапске, жедел инфекциялық аурулар, аз тамақтану салдарынан әлсіреген ағза себепші болады. Сонымен қатар, коллапс шприц инесімен шаншығанда, қанды көргенде, тіс экстракциясы кезінде, жатқан орнынан тез тұрғанда пайда болуы мүмкін. Әдетте коллапс кенеттен дамиды. Кейде естен танбай тұрып, бас айналуы, көз алдында тұмандану, жүрек айну, аяқ-қолдың ауырлауы немесе жансыздануы болуы мүмкін.

Балалық жастағ коллапс

Клиникасы. Бұл кезде тері мен шырышты қабықтың лезде бозаруы байқалады, баланың көзі алайып, қарашықтары тарылады, жарыққа реакция бермейді, тыныс алуы беткей, баяу, тамыр соғысы сирек, толмаған, аяқ-қолдары суық, салқын, суық тер байқалады. Артериялық қысымы өте төмен, перифериялық веналар бос. Мұндай жағдай бірнеше секундтан 2-3 минутқа созылуы мүмкін. Бала есін жиғанда қабақтарын көтеріп, еріндерін қимылдатады, қоршаған ортаға реакция беріп, бет-әлпетінің түсі қалыпты түске ауысады.

Коллапсты истериялық немесе эпилепсиялық ұстамалардан, комалардан, жедел жүрек жетіспеушілігінен ажырату қажет. Кіші эпилепсиялық ұстамаға 1-2 секунд естен тану, бала ойын үстінде, әңгімелескенде кенеттен «қатып» қалуы тән, көз қарасы тоқтап қалады және де осы кезде қабақтың және бет бұлшық еттерінің дірілі байқалады.

Истериялық ұстамада бет түсі сақталады, тамыр соғысы қалыпты, қабақтары дірілдейді.

Комаға ұзақ уақыт естен тану, жалпы жағдайының ауырлауы, өмірге қажетті функциялардың бұзылысы, белгілі бір комаға сәйкес белгілер тән.

Емі. Таза ауамен тыныс алуын қамтамасыз ету, жағаны босатып, белбеуді шешу, баланы жатқызып, аяғын жоғары көтеру. Беті мен кудесіне су шашып, балаға қатты дауыстап атын атау, мүсәтір спиртін иіскету. Егер бұл шаралар көмектеспесе теріастына қоздыратын заттар енгізеді: кофеин, кордиамин, эфедрин (баланың жас мөлшеріне сәйкес).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Балалардағы құрсақ жарақаттары
  2. Балалардағы кома ерекшелігі. Емдеу тактикасы
  3. Кома ересектерде
  4. Балалардағы бас ми жарақат ерекшелігі

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!