Тредмил тест

Тредмил тест және диагностикалық мәні

Тредмил тест арнайы жүгірмелі жол – тредмилде физикалық жүктеме кезінде электрокардиографиялық зерттеу жүргізу. Физикалық жүктемеге жүрек – қан тамыр жүйесінің реакциясын анықтауға, жүктемеге толеранттылықты анықтау, миокард ишемиясының эпизодын анықтауға, физикалық жүктемемен байланысты жүрек ритмының бұзылысын анықтауға көмектеседі. Коронарлы қан айналымға байланысты кеуде тұсындағы ауырсынумен байланысты анықтауға көмектеседі.

Көрсеткіштері:

Жүрек аурулары бар адамдар:  

  • Физикалық жүктемеге толеранттылықты анықтау
  • Профессионалды таңдау (экстремальды жағдайдағы жұмыс үшін немесе жоғары физикалық жүктемемен байланысты жұмыс үшін)
  • Жүктемеге гипертензионды реакциялы адамдарды анықтау, яғни физикалық жүктеме кезінде бірден қан қысымы көтерілетін адамдар
  • Май алмасуының бұзылысы кезінде (жоғары холестерин) – жүректің “жасырын” қан айналым жеткіліксіздігін анықтау үшін – коронарлы қан тамырлары және ЖИА бар науқастарда атеросклероздың бастапқы көріністерін анықтау

Жүрек ауруы және жүрек тұсындағы ауырсынуы бар адамдар, ЭКГ өзгерістері анықталатын науқастар 

  • Ритм бұзылылысын анықтау
  • Миокардтың “жасырын” (“мылқау”) қан айналым эпизодтарын анықтау – ишемия – ЖИА диагностикасы және басқа жүрек ауруларын анықтау үшін
  • ЖИА диагнозы бар науқастарда физикалық жүктемеге индивидуалды толеранттылықты анықтау – функционалды (ФК) стенокардияны анықтау.
  • ЖИА бар науқастарда емдік терапияның эффективтілігін анықтау, соның ішінде инфаркт миокардысы бар науқастарда
  • Жүрек – қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарында еңбекке жарамдылығын анықтау

Сынаманы жүргізуге қарсы көрсеткіштер:

Жедел инфаркт миокардісі ( алғашқы 2-5 күн)

  • Субьективті симптомдары бар және гемодинамикалық бұзылыстары бар бақыланбайтын ритм бұзылыстарының болуы
  • Жүрек ақаулары
  • Ауыр жүрек жеткіліксіздігі
  • Жедел миокардит немесе перикардит
  • Аорта аневризмасы

Функционалдық диагностикалық бөлімшеде тредмил-тесттің клиникалық негізгі 4 түрін қолданады:

  1. ЭКГ-мен рутинды тредмил-тест. Жүректің ишемиялық ауруының  дәрежесін анықтауға, жүрек ритмының бұзылысын анықтауға және бағалауға, артериалды гипертензияны диагностикалау және ауырлық дәрежесін бағалауға көмектеседі
  2. Газды анализы бар тредмил-тест (кардиопульмональды жүктемелік тест). ЭКГ көрсеткіштерін тіркеумен қоса, үздіксіз өкпелік вентиляция бақылауы, оттегі қолданылуын, көмірқышқыл газ бөлінуін, дем шығарған кезде ауада осы газдардың концентрациясын анықтауға көмектеседі. Науқастарда сол жақ және оң жақ жүректің қарыншасының насосты қызметінің жеткіліксіздігін анықтауға, жүктемелі өкпелік гипертензияны анықтауға, тыныс жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесі анықталады.
  3. ЭХОКГ-мен тредмил – тест (стресс-эхокардиография). Жүктемелі тестқа дейін немесе кейін эхокардиография жүргізіледі. Сол жақ қарыншаның жиырылғыштығы және жүрек ішілік қан айналым тексеріледі. Миокард ишемиясын нақты анықтауға, жиырылу және босаңсу дәрежесін тексеруге, тыртықты алаңдары бар жүрек бұлшықетінің жарамды бөліктерін анықтау
  4. Артериалды қан айналымы бар допплерографиямен тредмил – тест, аяқ қан тамырларының қан айналым ишемиясын анықтау үшін

Ишемиялық лактат – ацидоз туындауы кезінде аяқ қан тамырларының ишемиясын анықтауға және бағалауға көмектеседі.

Тредмил – тестке дайындық:

  • Сынаманың алдында 3 сағат бұрын тамақ ішпеу
  • Стресстік жағдайлар, ауыр физикалық жүктемелерден кейін сынаманы жасамау керек
  • Тредмил-тестті жасамай тұрып, дәрігердің ұсынысымен қабылданатын дәрілер туралы хабардар ету және бір күн бұрын бета-блокатор және нитраттарды қабылдамау
  • Зерттеуді жасар алдында кардиологпен консультация жүргізу және мүмкін болатын қарсы көрсеткіштерін ескеру.
  • Жүктеме науқас шаршағанша, ентігу, кеуде тұсында ауырсынулар пайда болғанша жүргізіледі

Жүргізу техникасы:

Кеуде торына арнайы электродтарды жабыстырады немесе арнайы белдемше салады. Тест алдында немесе бүкіл тест жасау кезеңінде қан қысымын тексеріледі. ЭКГ көрсеткіштерін жазып алған соң, жүктемелі тестты бастайды. Жүктеме жылдамдығы белгілі уақыт интервалы ішінде жоғарылап тұрады. Зерттеу кезінде ЭКГ көрсеткіштері мен қан қысымы өлшенеді.

Тредмил тест қазақша
Тредмил тест жүргізілу кезіндегі көрініс

Физикалық жұмысқа қабілеттігін немесе толеранттылықты анықтау

Әр 3 минут сайын жүктеме дәрежесіЖылдамдықБұрылу бұрышы
02,70
1/22,72,8
12,75,7
24,06,8
35,58,0
46,20
58,010,0
68,911,0

Бұрын болған миокард инфарктысы және төмен физикалық жүктеме кезінде ЖИА – ны анықтау және реабилитация кезінде физикалық жаттығулар жасау кезінде нолдік немесе жартылай табылдырықты қолдану қажет (1/2). Жүктеме арнайы Шепард номонограммасы арқылы бағаланады.

Физикалық жүктеменің келесі сатыларына өту критерилері:  

  • Физикалық жүктемеге ЖСЖ жоғарылауының азаюы
  • Қан қысымының жоғарылауының болмауы немесе азаюы
  • Стенокардия ұстамасының азаюы мен жоғалуы
  • Физикалық жұмысқа қабілетінің жоғарылауы

Сынаманы тоқтату көрсеткіштері:

Зерттеуді пульстің белгілі жиілігінде немесе ЭКГ өзгерістері кезінде тоқтатады

  • Науқас шаршауы немесе ауырсынудың пайда болуы
  • АҚ жоғарылауы 210/120 мм.сын.бағ. жоғарылауы
  • Тұншығу ұстамасы, айқын ентігу
  • Жедел әлсіздік
  • Бас айналу, жүрек айну, қатты бас ауруы
  • Науқастың өз еркімен сынамадан бас тарту

Сынаманы тоқтатқан соң, бірнеше уақыт (5-10 минут) бойы ЭКГ тіркеп және қан қысымын тексереді.

Сынаманы тоқтатудың ЭКГ көрсеткіштері:

  • ST сегментінің 1 мм және одан көп төмендеуі
  • ST сегментінің баяу, қисық төмендеуі,  2 мм-ге j нүктесімен бірге ( j нүктесі изолиниядан 1 мм төмендеген).
  • ST  сегментінің 1 мм және одан көп жоғарылауы
  •  Жиі (4:40) экстрасистола және тағы басқалар., миокард қозуының бұзылысы (пароксизмальды тахикардия).
  • АВ және қарынша ішілік өткізгіштік бұзылысы
  • QRS комплексінің бұзылысы: R тісше вольтажының бірден төмендеуі, бұрын анықталған Q және QS тісшелерінің тереңдеуі

Осы көрсеткіштердің біреуі анықталса сынаманы бірден тоқтатады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар
  2. Балаларда жүргізілетін функционалды сынамалар
  3. Холтер бойынша ЭКГ мониторингі
  4. ЭКГ электрофизиологиялық негіздері
  5. ЭКГ жазу және тіркеу ережелері
  6. Жүректің өткізгіш жүйесі. Қалыпты ЭКГ. ЭКГ тіркеу.
  7. Жүрек кардиостимуляторы
  8. Жүрек тоқтағанда дефебрилляция жасау әдісі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!