ЭКГ жазу және тіркеу ережелері

ЭКГ тіркеуін жүргізу медицинада ең жиі кездесетін іс шаралардың бірі. Кез келген тексеру ішіне кіретін қарапайым ғана ЭКГ түсірілімі арқасында жүрек қызметі және оның бар патологиялары жайлы мол ақпарат алуға болатынын кез келген адам біледі.

ЭКГ түсірілім алу келесідей тізбекті қадамдардан тұрады:

I) Науқасты дұрыс  кушеткаға (арқасына) жатқызу керек. Науқас белге дейін шешініп, аяқтарын киімнен босатуы қажет. Зерттеуді тамақтан соң 2 сағаттан кейін және де демалғаннан кейін 10-15 минут кейін бастаған жөн.

II) Науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеудің уақыты мен күні жазу керек.

III) ЭКГ құралында тіркеу жылдамдығын қою (50 мм/с – 1 немесе 25 мм/с-1) (көп жағдайда дайын болады).

IV) ЭКГ құралын калибровка жүргізу (стандартты калибрлік күштеме 1mV, 10 мм тең)

V) Электродтарды қоятын жерлердің тері жабындары спиртпен өңделеді немесе арнайы гель жағылады.

VI) Аяқ-қолдарына электродтарды дұрыс қою керек:

  1. Оң қол- қызыл түс
  2. Сол қол- сары түс
  3. Сол аяқ – жасыл түс
  4. Оң аяқ – қара түс

VII) Willson бойынша электродтарды науқас кеудесіне дұрыс қою керек:

  1. VI – 4-ші қабырға аралық төстің оң жақ қырымен
  2. V2 – 4-ші қабырға аралық төстің сол жақ қырымен
  3. VЗ- V2 – V4 ортасына(сол жақ парастерналды сызығы бойымен 4 қабырға деңгейінде)
  4. V4 — сол жақ ортаңғы бұғана сызығы арқылы 5-ші қабырға аралық
  5. V5 – V4 горизонтальды деңгейімен сол жақтан алдыңғы қолтық сызығы
  6. V6 – V4 және V5 горизонтальды деңгейімен сол жақтан ортаңғы қолтық сызығы

Экг жазу қазақша

VIII) ЭКГ жазу қалыпты тыныс жағдайында жазылады. Әрбір әкетулерде 4-тен кем емес РQRSТ жүрек циклдарын тіркеу қажет

ЭКГ құралы

Ескерту! 3-4 қадамда көрсетілген ЭКГ құралын калибровка жасау және оның жылдамдығын қою көпшілік жағадайда қажет емес. Себебі бұл көрсеткіштер өздігінен дайын, реттелген болады.

Сонымен қатар ЭКГ талдауы (интерпретация) жайлы материал оқыңыз.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!