Гемосорбция

Гемосорбция

Гемосорбция – ағзадан орта және ірі молекулярлы массалы метаболиттерді, гидрофобтарды, ыдыратылатын майларды және протеин байланыстырғыш токсикалық комплекстерді шығаруға көмектесетін көмірлі не синтетикалық сорбенттер арқылы қан перфузиясына негізделген әдіс.

Сорбенттердің келесі түрлерін ажыратады:

  • Тесіктердің болуына байланысты — ұсақ тесікті, ірі тесікті;
  • Шикізат көзіне байланысты — органикалық және бейорганикалық;
  • Бөлшектер түріне байланысты  — гранулирленген, пластиналы, талшықты.

Гемосорбцияға көрсеткіштер:

  • Алкоголизм, токсикомания, наркомания кезіндегі абстинентті синдром;
  • Психикалық аурулар және жағдайлар кезіндегі маниакальді және депрессивті жағдайлар;
  • Хлор- және фосфорорганикалық қосылыстармен, ұйықтатқыш медикаменттермен, алколоидтармен, салицилаттармен, ауыр металлдармен жедел улану;
  • Жедел химиялық аурулары бар науқастардағы экзо-, эндо- және аутоинтоксикациясы кезінде;
  • Иммунтәуелді ауруларда;
  • Ісіктерде;
  • Инфекционды аурулардың генерализденген түрінде;
  • Әртүрлі генезді шоктарда;
  • Күйіктер және травмалық аурулар кезінде;
  • Хирургиялық ауруларда ( панкреатит, перитонит, сепсис )
  • Қан және өкпе аурулары кезінде;
  •  Жедел және созылмалы бауыр, бүйрек жетіспеушілігі кезінде.
  • Сондай-ақ атеросклероз, әртүрлі генезді гиперлипидемияны емдеуде қолданылады.
Загрузка...

гемосорбция қазақша

Гемосорбцияға қарсы көрсеткіштер:

  • қан кетулердің барлық түрлері;
  • қанның ұйытқыштық жүйесінің бұзылуы;
  • АҚК жетіспеушілігі;
  • тұрақты гипотония;
  • электролитті бұзылыстар;
  • гемодинамиканың бұзылысы;
  • жүрек-өкпелік жетіспеушілік;
  • бауыр және бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары.

Гемосорбция кезіндегі детоксикациялық эффекттер қан торабынан протеин байланысқан және ыдыратылатын майлар  токсикалық субстанцияларды шығару жолы арқылы жүзеге асырылады. Алайда мүшелер мен тіндерде бекітілген токсиндерді гемосорбция кезінде жою мүмкін емес.  Қаннан токсиндерді шығару тек тура детоксикалық нәтиже көрсетпей, сондай -ақ  ағзадағы мүшелер мен тіндердегі микроциркуляция мен қанмен қамтамасыз етуді жақсартады.

Әдістің принциптері мынадай:

1­2 айналымдағы қан көлемі мөлшеріндегі қанды ( негізі 1-2 литрдей ) насос арқылы  сорбенті бар (белсендірілген  көмір,  смола, синтетикалық заттар т.б. ) колонкадан өткізеді. Сорбентте токсиндердің байланысуы жүреді. Осылайша «қанның тазаруы» жүреді. Гемосорбция арқылы  қанды токсиндерден тазартқаннан кейін, токсиндер басқа тіндерден  ­ бауыр, өкпе, ми және т.б.  шығуға миграцияланады. Ол жерде олардың концентрациясы  2 есе төмендейді, негізінен  процедурадан кейін 12­24 сағаттан кейін болады.  Дәл осы  кезеңде  екіншілік гемоперфузия жүргізіледі. Себебі бір  сеанстан улы заттар тез өз концентрациясын қалпына келтіреді. Сондықтан  айқын детоксикациялық нәтижеге жету үшін кейбір науқастарға   гемосорбцияның 2­6  сеансы қажет болады.  Гемосорбцияны көктамыр ­ артериалды жол  арқылы орындаған кезде  бұғанаасты көктамырды не ұйқы артериясын катетеризациялайды. Перфузия жылдамдығы  70-тен  200 м л\мин-на дейін. Перфузияның жалпы көлемі 1,5­3¸0  АҚК құрайды. Процедура уақыты екі сағат алады. Көктамыр-көктамырлық жол кезінде екі бұғанаасты не  бұғанаасты мен кубитальды көктамырды катетеризациялайды. Кубитальды көктамырдан қан алғанда қан алу шектеулі, сондықтан бұндай перфузияның жылдамдығы  40-50 мл минутынан аспайды.

Шығарылған сары су көлемі %-бенТоксикалық заттардың қалдық концентрациясыШығарылған сары су көлемі %­бенТоксикалық заттардың қалдық концентрациясы
1090,446054,72
2081,797049,48
3073,978044,75
4066,909040,47
5060,5010036,60

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Энтеросорбция
  2. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Гемодиализ
  3. Фосфорорганикалық заттармен улану
  4. Алкогольмен улану. Жедел көмек
  5. Дәрі дәрмектермен улану

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 3 часа

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 966Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (5 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: