Нефритикалық синдром
Созылмалы нефрит және басқада бүйрек ауралары кезінде аурулардың клиникалық белгілерінің күрт күшеюі байқалады, олардың бірлестігі жедел нефритті көрсетеді. Осындай ісінулердің пайда болуы мен өршуі беттің типтес бозғылт домалақ болуымен, олигоурия , протеинурия күшеюімен, гематурия, АҚҚ пайда болуы және өршуімен диастолалық қысым және жиі бүйрек қызметінің функциясының бұзылысымен жүріп жедел нефротикалық синдром көрінісін көрсетеді. Кей жағдайда жедел нефриттік синдром өзіне тән – бүйрек эклампсиясымен, жедел жүрек жетіспеушілігімен, ЖБЖ-мен асқынады. Негізінен жедел нефротикалық синдромның бүкіл клинико-лабораторлық кешені орын табады, бірақ кейде жеке белгілер ғана айқын болуы мүмкін (ісіну, зәрдегі өзгерістер).
Жиі жедел нефротикалы синдром тез қайтады (2-3 апта шамасында). Осыған байланысты нефриттің шынайы өршуінен ажыратылады.
Жедел нефротикалық синдром диагностикасы симптоматикалық айқындылығына байланысты қиындық туғызбайды. Практикада бір жағынан созылмалы бүйрек аурулары кезіндегі жедел нефротикалық синдромнан жедел нефритті, екінші жағынан, созылмалы нефрит кезіндегі жедел нефротикалық синдромнан, тез өрістеуші нефритті ажырату керек, себебі терапевтік шаралар көмегімен осы жағдайлардағы болжам әртүрлі. Жедел нефротикалық синдромның кенеттен пайда болу көріністері, бірақ анамнезінде ондай мәліметтер болмаса (зәр анализіндегі өзгерістер, АҚҚ жоғарлауы, ісінулер), ең алдымен жедел нефрит туралы ойлауға мүмкіндік береді. Анамнезінде айтылған өзгерістердің болуы, жедел нефротикалық синдромның негізінде созылмалы нефрит жатқаның дәлелдейді. Әсіресе бұл кезде зәрдің салыстырмалы тығыздығының және КФ мөлшерінің төмендеуі және олар жедел нефротикалық синдромның белгілері жойылғанда сақталса, кейде ажырату диагнозың сұрақтарына нақты жауап беру үшін бүйрек биопсиясы қолданылады.
Кейбір жағдайларда жедел нефротикалық синдромның клиникалық суреті – эклампсия, жедел жүрек жетіспеушілігі және ануриямен асқынады. Бүйректік эклмпсия басқа тырысулық жағдайларға қарағанда жалпы (мысалы, эклампсия кезінде) немесе жергілікті (мысалы, СБЖ кезінде) – тез арада пайда болып, АҚҚ жоғары және зәр синдромымен, психикалық және комамен ауысатын милық симптомдармен бірге жүреді. Жедел жүрек жетіспеушілігі кезінде жүрек ұстамасының көрсеткіштерімен бірақ қан айналуының жедел жетіспеушілігімен сипатталатын асқынуларға әкелетін классикалық аурулардың кейбір белгілерімен (миокардит, жүрек ақаулары) жүреді.олигоуриялық немесе ануриялық ЖБЖ жедел нефротикалық синдромы кезінде, ЖБЖ тән типті этиологиялық факторлардан басқа (жедел инфекционды-токсикалық бүйрек), соңғыдан артериалды гипертензиямен, ісінумен , зәрдегі айқын өзгерістермен ерекшеленеді. [7,12]
Осылайша, жедел нефротикалық синдром және оның асқынулары бүйрек ауруларының клиникалық көрінісін оданда ауырлата түсіп, ажырату диагностикасын қиындатады жәнеде қолданылған емге қосымша шаралар енгізуге мәжбүрлейді.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Нефротикалық синдром патогенезі
- Нефротикалық сидром
- Балалардағы жедел нефротикалық синдром
- Бүйректің шумақшалы фильтрациясын есептеу
- Бүйректің функционалды зерттеу әдістері