Шизофрения ауру тарихы

Психиатриядан ауру тарихы

Паспорттық бөлім

  • Аты-жөні: ————-
  • Туған күні: 02.06.1987 ж.
  • Мекен-жайы: ————
  • Жұмыс орны: жұмыссыз
  • Ауруханаға түскен күні: 24.10.2018ж.
  • II Топ мүгедегі

Клиникалық диагнозы: Ғ20.0 Параноидты шизофрения, Ғ20.*0 үздіксіз ағымды,  импирикалық вербальді псевдогаллюцинация, галлюцинаторлы-депрессивті  синдром.

Шағымдары: Курация кезіндегі шағымы: ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ғана ұйықтайды.

Отбасы анамнезі:

Науқастың айтқаны бойынша ата-анасы мен жақын туыстарының жүйке-психика және басқа да жұқпалы аурулары болған жоқ.

Маскүнемдік, есірткіге әуестік жоқ. Туыстары арасында өзін-өзі мерт етушілер болған жоқ. Үй ішіндегі ақуал: отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жақсы, тұрмыстық жағдайы орташа.

Өмірі (жеке басы) жайлы анамнез:

Науқас Бесқарағай ауданы, Бозтал ауылында туылған. Отбасында 2 бала ( 2 ұл) үлкені. Анасының аяғы ауыр кезінде және босанған кезінде өзгешеліктер болған жоқ, осы уақыт ішінде дене және психика жарақаттары орын алған жоқ. Науқас нәресте күндерін анық білмейді, психика жарақаттарын алған жоқ. Өсуі мен дамуы жағынан өзімен жастылардан қалыспады. Отбасындағы тәрбие жағдайы жақсы болған, балалар ұжымында өсіпті.

Сыртқа тепкен сезім ерекшелігі: эмоциясы қалыпты, көңіл-күйі орташа бірқалыпты.

Мектепте жүргенде: Мектепке 6 жасында барды. Мектептегі үлгерімі «3» – «4». 2004 жылы мектепті бітірген. Әрі қарай Семей гуманитарлық-заң колледжінде оқыған, курстастарымен жақсы қарым-қатынаста болған. 2007 жылы бітірген. Содан бері науқас үйде, оқуға түспеген, жұмыссыз. Науқастың ауруханаға дейінгі мінез-құлқы ашық болған,  көңіл-күйінің  өзгерістері болған жоқ, әлденеден қорқу, күдіктену сезімдері  байқалмаған.

  •  Науқас тұрмыс құрмаған, балалары жоқ.
  • Отбасымен тұрады. Әлеуметтік жағдайы жақсы.
  • Басынан кешкен аурулары: тұмау.
  • Зиянды әдеттері: шылым, ішімдікке әуестенбейді.
  • Аллергиялық реакцияларды жоққа шығарады.

Осы сырқатының даму барысы.

Науқастың айтуы бойынша: осы сырқатының алғаш көрініс беруі және алғаш белгілері 2007 жылы басталған. Бірден қатты басталып, тез дамыды. Бастың ішінен, құлаққа дауыстар естіле  бастапты. Екі ар адамның «өл» деген дауыстарын естіген. Ол дауыстардың айтқанын істемеген, бәрібір қайталана берген. Ол дауысты ешкімге ұқсатпайды. Түрлері корінбеген. Қатты шошынып, 2-3 күн ұйықтамаған. Ештеңеге зауқы соқпаған, айналадағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарайды, ешкіммен сөйлеспей жата берген. Тамаққа тәбеті болмаған, тамақ ішпеген. Көңіл-күйі бір қалыпты, төмен, депрессивті жағдайда. Семейде емші бар екенін естіп емшіге қаралған. Емші ішіне жын кірген деп ұшықтап, айтуы бойынша «қасиетті»  су ішкізіп, бірнеше  дұғалар оқыған. Бірақ сырқаты басылмаған   дауыстар  сонда да мазалай  бергендіктен анасы  өз  ауылдарынан  таксимен алып келіп,   ауруханаға жатқызылған, онда 2 ай емделген.

Жыл сайын ауруханаға жатып ем алып шығады (көктем, күз айларында). Үйде синорум, циклодол, азалиптол қабылдап отырады екен.

2011 жылы 4-рет ауруханаға жатқанын айтады. Соңғы ретте тағы ұйықтай алмай, дауыстар естігендіктен анасы, әкесі және әкесінің бауыры әкеліп жатқызған.

Науқас сырқатын ештеңемен байланыстырмайды.

Психикалық жағдайы.

Науқастың қазіргі шағымдары: ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ғана ұйықтайды.  Жалпы жағдайы орташа. Палатада уақытты өз төсегінде жатып өткізеді, төңірегінде болып жатқан оқиғаларға көңіл бөле бермейді. Тез тіл табысады, бірақ көңіл-күйі төмен, бір тонды жауап қайтарады.

Ақыл-есінің жайы: Ақыл-есі көмескіленбеген. Сөйлескісі келеді, бәрін ашық айтып береді. Ауырғанын анық біледі. Қойылған сұрақты жақсы түсініп, бірден жауап береді. Өзінің кім екенін біледі. Уақытқа, жерге, өзіне бағдары толық сақталған.

Қойылған қосымша сұрақтар:

  • Сіз жатқан мекемені атаңыз? – науқастың жауабы: Семей психиатриялық ауруханасы
  • Сізді емдеуші кім? – науқастың жауабы: Анар Дәулетбекқызы

Қабылдау өрісінің бұзылуы. Қателесу, бұрмалау, елестер. Курация уақытында науқаста елестер, тактильді сезімдер, айрықша иістер, дауыстар байқалған жоқ.

Ойлаудың бұзылуы. Ойлау жүйесі дұрыс. Аздап шатасу бар. Науқасқа дұрыс көңіл бөлінеді. Жаулары, жасырын қаскей адамдары жоқ. Оны ешкім қудалап, мазақтамайды. Біреудің айрықша әсер етуін сезінбейді. Аса құнды идеялары жоқ. Көңіл-күйі бір қалыпты. Өзін дарынды, талантты адам деп санамайды. Айтқанын екінші рет сұрағанда, мазмұнын өзгертпей қайталап жауап береді.

Сезім сферасы. Көңіл-күй өзгерістерінде немқұрайлылық  байқалады. Сезімдері тұрақты. Сыртқы себептерге байланысы бар. Өзін-өзі сезінеді.

Қимыл-ерік өрісі: Науқас әр нәрсеге коп  көңіл аудармайды. Агравацияға бейімділігі жоқ. Қимыл қозғау актілері сақталған. Еркінен тыс сезім белгілері жоқ. Теріс әрекеттер байқалмайды.

Назары: Ерікті назар аударады. Назар аудару бұзылыстары жоқ. Қажу көріністері байқалмайды.

Ес (жады): Есте сақтау қабілеті сақталған. Білім деңгейі мектептегі оқу деректерімен тексерілді. Өзен, қала атауларын, есіне түскен өлеңдерінің біреуін айтып берді. Есте сақтау қабілетінің бұзылыстары байқалмайды. Еске сақтау сынамасы қолданылды: айтылған 10 сөздің 9-ын айтып берді.

Интеллект – ой өрісі: Ой өрісінде кемшілік байқалмайды. Есептеу операцияларын талдауға қабілетті. Мақал-мәтелдердің астарын дұрыс ұғынып айтып береді: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» – «дұрыстап тексер, содан кейін істе», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – «еңбек етпей, қарның тоймайды», «ит өлген жер» – «алыс».

Алдын-ала диагноз қою және оны негіздеу.

Осы ауру анамнезіне сүйене отырып:

Осы сырқатының алғаш көрініс беруі және алғаш белгілері 2007 жылы басталған. Бірден қатты басталып, тез дамыды. Бастың ішінен, құлаққа дауыстар естіле  бастапты. Екі ар адамның «өл» деген дауыстарын естіген. Ол дауыстардың айтқанын істемеген, бәрібір қайталана берген. Ол дауысты ешкімге ұқсатпайды. Түрлері корінбеген. Қатты шошынып, 2-3 күн ұйықтамаған. Ештеңеге зауқы соқпаған, айналадағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарайды, ешкіммен сөйлеспей жата берген. Тамаққа тәбеті болмаған, тамақ ішпеген. Көңіл-күйі бір қалыпты, төмен, депрессивті жағдайда. Семейде емші бар екенін естіп емшіге қаралған. Емші ішіне жын кірген деп ұшықтап, айтуы бойынша «қасиетті»  су ішкізіп, бірнеше  дұғалар оқыған. Бірақ сырқаты басылмаған   дауыстар  сонда да мазалай  бергендіктен анасы  өз  ауылдарынан  таксимен алып келіп,   ауруханаға жатқызылған, онда 2 ай емделген.

Жыл сайын ауруханаға жатып ем алып шығады (көктем, күз айларында). Үйде синорум, циклодол, азалиптол қабылдап отырады екен.

Алдын-ала диагнозымды: импирикалық вербальді псевдогаллюцинация, галлюцинаторлы-депрессивті синдром деп қойдым.

Психологиялық зерттеу:

  1. «медицина» деген сөзді түсінгені бойынша қағазға суреттеп беруін сұрадым. Науқас дәрігер мен стетоскопты салып берді.
  2. 2. Ұсынылған 10 сөздің 9-ын еске сақтап айтып берді: «Қалам», «доп», «дәптер», «орындық», «стол», «қыз», «ұл», «терезе», «гүл», «нан».

Күнделік:

23.11.2011 ж.

Ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ғана ұйықтайтынына шағымданады. Курация уақытында науқаста көру, есту, дәм сезу, тактильді т.б. галлюцинациялар байқалған жоқ. Алып жатқан емінен соң науқастың жағдайы анағұрлым жақсарған. Қойылған сұрақтарға нақты жауап береді. Есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Ауырғанын нақты біледі. Жағдайы орташа.

24.11.2011ж.

Ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ғана ұйықтайтынына шағымданады. Курация уақытында науқаста көру, есту, дәм сезу, тактильді т.б. галлюцинациялар байқалған жоқ. Алып жатқан емінен соң науқастың жағдайы анағұрлым жақсарған. Қойылған сұрақтарға нақты жауап береді. Есте сақтау қабілеті бұзылмаған. 2 психологиялық тесттар ұсынылды. Екеуін жақсы орындап берді. Ауырғанын нақты біледі. Жағдайы орташа.

25.11.2011 жыл.

Ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ғана ұйықтайтынына шағымданады. Курация уақытында науқаста көру, есту, дәм сезу, тактильді т.б. галлюцинациялар байқалған жоқ. Алып жатқан емінен соң науқастың жағдайы анағұрлым жақсарған. Қойылған сұрақтарға нақты жауап береді. Есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Ауырғанын нақты біледі. Жағдайы орташа. Кеше сұраған сұрақтарға бүгін өзгеріссіз жауап берді.

Соңғы негізделген диагноз:

Осы ауру анамнезіне сүйене отырып:

Осы сырқатының алғаш көрініс беруі және алғаш белгілері 2007 жылы басталған. Бірден қатты басталып, тез дамыған. Бастың ішінен, құлаққа дауыстар естіле  бастаған. Екі ар адамның «өл» деген дауыстарын естіген. Ол дауыстардың айтқанын істемеген, бәрібір қайталана берген. Ол дауысты ешкімге ұқсатпайды. Түрлері корінбеген. Қатты шошынып, 2-3 күн ұйықтамаған. Ештеңеге зауқы соқпаған, айналадағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарайды, ешкіммен сөйлеспей жата бергеді. Тамаққа тәбеті болмаған, тамақ ішпеген. Көңіл-күйі бір қалыпты, төмен, депрессивті жағдайда. Семейде емші бар екенін естіп емшіге қаралған. Емші ішіне жын кірген деп ұшықтап, айтуы бойынша «қасиетті»  су ішкізіп, бірнеше  дұғалар оқыған. Бірақ сырқаты басылмаған,   дауыстар  сонда да мазалай  бергендіктен анасы  өз  ауылдарынан  таксимен алып келіп,   ауруханаға жатқызылған, онда 2 ай емделгендіктен;

Жыл сайын ауруханаға жатып ем алып шығады (көктем, күз айларында). Үйде синорум, циклодол, азалиптол қабылдап отыратынына қарап;

2011 жылы 4-рет ауруханаға жатқан. Соңғы ретте тағы ұйықтай алмай, дауыстар естігендіктен анасы, әкесі және әкесінің бауыры әкеліп жатқызғандықтан;

Науқас сырқатын ештеңемен байланыстырмағандықтан соңғы негізделген клиникалық диагнозды:

Ғ20.0 Параноидты шизофрения, Ғ20.*0 үздіксіз ағымды,  импирикалық вербальді псевдогаллюцинация, галлюцинаторлы-депрессивті  синдром деп қойдым.

Емі:

  1. Режим – қарапайым (обычный)
  2. Стол №15, жалпы (общий)
  3. Психофармакотерапия:

Rр.: Tab. Нaloperidoli 0, 0015 N. 50

D.S. 1 таблеткадан күніне 3 рет

Rp.: Dragee Aminazini 0, 025 N. ЗО

  1.       S.  1 дражеден күніне 3 рет тамақтан кейін

Rр.: Tab. Нaloperidoli 0, 0015 N. 50

D.S.  1 таблеткадан күніне 3 рет

  1. 4. Психотерапия – индивидуальді

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!