Ыстықтау мен терінің күтімі жеткіліксіз болу нәтижесінде дамиды. Денеде, мойын тері қатпарларында серозды сұйықтыққа толы көптеген ұсақ көпіршіктер шығады. Айналасындағы тері өзгермйді. Тері бүтіндігінің бұзылуы оның инфекциялануына қолайлы жағдай туғазады. Емдеу күтім қатерліктерін түзеу, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі қосылған гигиеналық ванналарды күнделікті қолдану. Жергілікті балалар ұнтағы қолданылады.
Баздану. Жиі кездесетін тері зақымдалуы. Баздану тері қатпаларында және жамбаста орналасады. Баздану бала терісіне жүргізілетін күтімнің жеткіліксіз және дұрыс ұйымдаспауы нәтижесінде болады (сирек құндықтау мен шомылдыру). Базданудың 3 дәрежесін анықтайды:
І дәрежесі – терінің аздап қызаруы;
ІІ дәрежесі – терінің айқын қызаруы мен эрозиясы пайда болады;
ІІІ дәрежесі – айқындалған тері қызаруы мен беткейлі сулану анықталады. Баздану балаға біршама мазасыздану әкеледі. Нәжіс «зәр» ылғалды жаялықтар, сабын теріге тиіп, ауырсыну мен күйдіру сезімін тудырады. Бала мазасызданып, ұйқысы бұзылады, тынышсызданады.
Емдеу баланың терісіне дұрыс күтім жасауға негізделген, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі, түймедақ, емен қабығы, итмұрын қайнатпалары қосылған жергілікті және жалпы ванналар қолданылады. І дәрежесінде теріні қайнатылған өсімдік майымен, А дәріменінің майлы ерітіндісімен, балалар сықпасымен, ұнтағымен өндейді. Киімін ауыстыру кезінде «ауа ванналарын» жасайды, зақымдалған тері аймақтарын ашық қалдырамыз. ІІ-ІІІ дәрежесінде – терінің баздалған жерлеріне 0,5 % резорцин немесе 1,25% күміс нитратының, немесе 0,1% риванол ерітінділерімен суландыру қолданылады. Кварцтың пайдалы емдік әсері бар (бактерицидті құрғату әсерлері).