Фурункул. Карбункул.

     Фурункул-яғни шиқан ол терінің жүнді, түкті жерінде п.б. Алтын түстес немесе  әртүрлі стафилококк микробы терідеге түктің түбіне еніп алады да қабыну процесі басталады.

Терідегі жүннің 1 талында және оның төңірегінде іріңді безеу байда болып, түйін білінеді. Осы түйін шаншып ауырып содан соң қыши бастайды. Біраз күннен соң ісік п.б., терісі қызарып тұрады. Ісік ұшында ірің көрініп, ткань қарайып нүкте тәрізді болып көрінеді. Жүн талының төңірегінде п.б. инфильтрат ұлғая түсіп, 5-6 күн іріңдеп, шіріп кеткен жүн талшығымен қоса сыртқа шығады. Соған байланысты жара төңірегіндегі ісік кішірейіп, инфильтрат көлемі тарылады, ауру сезімі тиылады. Шиқанға қолданылатын амал жергілікті және жалпы емдеу. Жергілікті емдеу кезінде шиқан төңірегіндегі теріні 70% спиртпен сүртеді, 2% солицил спиртімен немесе 1-3% спирттелген көк метилен ерітіндісімен, не болмаса зеленкамен жуылады. Шиқан п.б. жердің төңірегіндегі жүнді қырып тастайды. Жаңа басталған кезде йод жақса, ол ары қарай асқынбай тоқтап қалады. УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шара.

Карбункул-ол бүкіл шаш түбінің бүлінуі б.т. қабыну процесіне шалынған түбі өзара қосылып сол процес төңірегіндегі май бездері  де қабынып, көлемі едәуір жайылған жалпы инфильтрат п.б. Ауру ең алғаш түймедей ісікпен басталады. Ісік күн сайын жайылып, көлемі ұлғайып, сыздап, солқылдап ауырады. Қол тигізе алмаймыз, ісік п.б. жердің терісі қара қүрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Терінің эпидермис қабығында тесіктер п.б. сол тесіктерден ірің аға бастайды. Біраздан соң ол ісіктер қосылып тері бетінде көлемі үлкен жара п.б.

      Емдеу жолдары: карбункул ауруы асқынып бара жатса іріңді хирургиялық бөлімшесіне орналастыру керек.  Жаңа басталған дертке антибиотиктерді, новокаин ерітіндісімен қосып б.еттерге енгізеді және де сульфаниламиттік дәрілерді іше бастау керек. Қабыну ісігінің үстіне құрғақ таза шүберек салады немесе синтомициндік эмульсия жағып байлап танады. Аяқ-қолы зақымданса гипске салып қояды, беті зақымданса адамға сұйық тамақ беріледі. Емдер көмегі болмаса операция жасалады. Ісік беті тілініп, шіріп кеткен тканьдер алынып тасталады,ірің жиналған жерлер тазартылады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!