Эндокардит

Эндокардит – жүректің ішкі қабатының қабынуы. Бұл топқа қақпақ эндокардтарының қабынуы, яғни қақпақтық эндокардиттер немесе вальвулиттер де жатады. Эндокард зақымдалуы негізінен ревматикалық және инфекциялық (бактериялық немесе септикалық) эндокардиттер болып келеді.

Ревматикалық эндокардит жедел стрептококктық инфекциядан немесе созылмалы тонзиллиттің қайталануынан кейін дамиды. Аурудың қызуы көтеріліп, жалпы интоксикациялық белгілер пайда болады. Кейінірек жүректен тыс мүшелердің зақымдалу белгілері (буындарының ісініп ауруы, терідегі бөртпелер немесе гиперкинездер, бұлшық ет гипотониясы сияқты неврологиялық бұзылыстар) пайда болады.

Миокардит белгілері де байқалуы мүмкін. Бұндай көп түрлі өзгерістермен қатар қанда айқын өзгерістер (лейкоцитоз, ЭТЖ-ның ұлғаюы) байқалады. 2- 3 аптаның аяғында ғана, митральды қақпақ зақымдалғанда, осы қақпақтың тыңдалатын жерінде, кішкене үрлеуші систолалық шу естіледі. Шу басқа жерге тарамайды. ФКГ-да осы шуға тән өзгеріс анықталады. Біраздан кейін эндокардтың зақымдалу белгілері жойылады. Кейде керісінше, тұрақтап, айқындылығы арытады.

Бірнеше айдан кейін қос жармалы қақпақтың жетіспеушілігі анықталады. Бактериальды эндокардиттің бастапқы кезеңінде клиникалық белгілері әртүрлі болады. Дене қызуы көтеріліп, терісінде кішкене дақты бөртпелер пайда болады.

Инфекциялық эндокардит екі түрлі клиникалық белгілермен білінеді: қос жармалы, аорталық немесе үш жармалы қақпақтар деңгейінде вальвулитке тән аускультациялық белгілер анықталады. Екіншісі – тромбоэмболиялық көріністер. Кейде тромбоэмболиялық құбылыс эндокардиальдық шудың алдын ала байқалуы мүмкін. Оның бір қан айналым шеңберінің аймағында байқалуы тән болып келеді. Мысалы, митральды және аорта тесігінің қақпақтарының эндокардиттерінде тромбогеморрагиялық асқынулар үлкен қан айналымы шеңберінде ғана байқалса, үш жармалы қақпақтың эндокардитіне тромбоэмболиялар тек қана өкпеде орналасады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!