Қақырық айдайтын дәрілік препараттар

Қақырық түсіретін заттардың 2 түрі бар:

  1. Рефлекторлы әсер ететін.
  2. Тікелей әсер ететін.

Рефлекторлы әсер ететіндер – ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің препараттары (сығынды). Олардың құрамындағы алкалоидтар (ал термопсистегі сапониндер де) ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірпікшелі эпителидің белсенділігі жоғарлайды, бронх бұлшықеттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық біршама көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оның жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Тікелей әсер ететін қақырық түсіруші заттарға секреттерді сұйылтатын (муколитикалық заттар) жатады.

Ацетилцистеин (бронхолизин, мукосольвин) белсенді муколитикалық зат. Әсері молекуласында протеогликандардың дисульфидті байланыстарын үзіп, қақырықтың деполяризациясын шақырытын және тұтқырлығын төмендететін бос сульфгидрильді топтың болуына байланысты. Қақырықтың сұйылуы және көлемінің көбеюі оның бөлінуін жеңілдетеді. Ацетилцистеинді ингаляциялық жолмен, кейде парентеральді қолданады. Ішке енгізуге арналған әсері ұзартылған препараттар да алынған (АЦЦ-100, АЦЦ-200, АЦЦ-лонг). Ацетилцистеин ішектен толық сіңіріледі, бірақ оның биожеткіліктігі төмен (шамамен 10%), себебі, препараттың үлкен бөлігі бауырдан біріншілік өкпеде метаболизмге ұшырайды. Құрылысы және әсері бойынша ұқсас препараттар карбоцистеин (бранхокот, мукодин) болып табылады.

қақырық айдайтын препараттар
Қақырық айдайтын препараттар

Тиімді муколитикалық және қақырық түсіретін заттарға химиялық құрылыстары ұқсас амброксол (амбробене) және бромгексин жатады. Препараттардың муколитикалық әсері қақырықтың сұйылуына әкелетін, оның мукопротеиндері мен мукополисахаридтерінің деполяризациясына байланысты.

Екі препараттың фармакотерапиялық әсері альвеолярлық жасушаларда түзілетін, эндогенді беткейлік-белсенді зат (сурфанктанттың) өндірілуінің ынталануына байланысты деп те есептейді.Бұл кезде бронхиальді бездердің секрециясы қалыпқа келеді, қақырықтың реологиялық қасиеті жақсарады, оның тұтқырлығы азаяды, бронхтардан қақырықтың бөлінуі жеңілдейді.

Әсері 30 мин кейін басталады және 10-12 сағат сақталады. Препаратты ішке енгізеді. Жанама әсерлерінен кейде жүрек айну, құсу, аллергиялық реакциялар байқалады. Бұл топқа процеалитикалық ферменттердің препараттары да – кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин, дезоксирибонуклеаза (ДНК-аза) жатады.

Рекомбинантты альфа-ДНКаза препараты пульмозимтдеген атпен шығарылады. Муковицидозда муколитик ретінде қолданады. Ингаляциялық жолмен енгізеді.

Бронхтың шырышты қабатының бездеріне тікелей әсер көрсететін және олардың секрециясын күшейтетін препараттар да қолданады, мысалы, калий йодиді.

Натрий гидрокарбонаты да қақырықты сұйылтады, бронхиальді секрецияны біршама жоғарлатуы да мүмкін. Калий йодиді мен натрий гидрокарбонатын ішке және ингаляциялық жолмен (аэрозоль түрінде), ал кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин ерітінділерін, ДНКаза – ны ингаляциялық жолмен тағайындайды.

Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр (алтей) тамырының, истод тамырының, қызыл мия тамырының (солодка) препараттары, терпингидрад, натрий бензоаты жатады.

Балалардағы қолдану ерекшеліктері:

  • Ацетилцистеин – бұлшықетке бір жасқа дейін 10-15 мг/кг 2 рет; 1 жастан кейін – 10% ерітінді    0,5-1 мл.
  • Бромгексин: 3-4 жасқа дейін 2 мг. 5-14 жасқа дейін 4 мг.
  • Амброксол сиропы 2 жасқа дейін 2 мг. 5 жасқа дейін 5 мг 3 рет. Бұлшықетке 2 жасқа дейін ½ ампула.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!