Антибиотиктер
Антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін тежейтін және оларды жоятын заттар. Антибиотиктерге өсімдік, жануар және микробтық тегі бар заттар жатады. Антимикробтық препараттардың шығу тегі 1928 жылдан, А. Флеминг алғаш рет пенициллинді ашқан кезден бері басталды. Тірі табиғатта басқа микроорганизмдерден қорғану мақсатында, оны микроскопиялық саңырауқұлақтар Penicillium өндіреді.
Шығу тегі бойынша антибиотиктердің жіктелуі:
- Табиғи ( өсімдіктер мен жануарлар тіндерінен пайда болады)
- Жартылай синтетикалық ( табиғи молекула модификациясы арқылы алады)
- Синтетикалық (жасанды түрде өндіріледі)
Әсер ету бағыты бойынша антибиотиктердің жіктелуі:
- Антибактериальды (ішек және нейрохирургиялық инфекция, тыныс және зәр шығару жолдарының инфекциялары кезінде, эндокардит, менингит)
- Саңырауқұлаққа қарсы (тері инфекциялары, ауыз және жұтқыншақ инфекциялары, микоз)
- Ісікке қарсы ( онкологиялық аурулар мен қатесіз ісіктер үшін қолданылады)
Уақыт өте микроорганизмдер антибиотиктер әсеріне тұрақты болады, оны резистенттілік деп атады. Резистенттілік туындау механизмі – генетикалық мутация. Резистенттілік себептері:
- Шектен тыс антибиотиктерді пайдалану
- Кейбір елдерде антибиотиктерді рецептсіз сату
- Антибиотиктерді малдың тағамына және жуғыш заттарға қосу
Антибиотиктердің биологиялық әсер ету механизмі:
Жасуша қабырғасының бактериальды синтезін тежеу:
- Пенициллин
- Цефалоспорин
- Карбопинем
- Монобактам
- Гликопептид
- Фосфомицин
- Батитрацин
ДНК синтезін немесе функциясын тежеу:
- Сульфаниламид
- Триметоприм
- Фторхинолон
- Нитроимидазол
- Нитрофуран
- Анзамицин
Рибосомадағы бактериальды ақуыздардың синтезін тежеу:
- Аминогликозид
- Тетрациклин
- Макролид
- Линкозамин
- Левомицетин
Бактерия мембранасының функциясының бұзылысы:
- Полимиксин
- Градимицидин
- Имидазол
Барлық антибактериальды препараттарды әсер ету механизмі бойынша екі үлкен топқа бөлуге болады:
- Бактерицидтік – микроб өлімін тудырады;
- Бактериостатикалық – микроорганизмдердің көбеюін тежейді. Өсіп және көбейе алмайтын бактериялар науқастың иммунды жүйесімен жойылады.
Антибиотиктердің топтары
Бұл препараттардың топтары көп болғанмен оларды басты бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл жіктелудің негізінде химиялық структура жатыр.
- Пенициллин туындылары. Оларға жатады:
- Табиғи бензилпенициллин: метициллин, нафциллин.
- Синтетикалық препараттар: карбопенициллин және тикарциллин.
- Мециллам және азлоциллин.
2. Цефалоспориндер. Бұл топтың бірінші антибиотигі– цефазолин С, Cephalosporium саңырауқұлақтарымен өндіріледі. Бұл препараттар бактерицидті әсерге ие, яғни микроорганизмдерді жояды. Оларға:
- I қатар: цефазолин, цефалексин, цефрадин
- II қатар: цефсулодин, цефамандол, цефуроксим
- III қатар: цефотаксим, цефтазидим, цефодизим
- IV қатар: цефпиром
- V қатар: цефтолозан, цефтопиброл
- Макролидтер – күрделі химиялық құрылымы бар препараттар, бактериостатикалық әсерге ие және микробтардың кең спектріне әсер етеді. Өкілдері: азитромицин, ровамицин, джозамицин, лейкомицин және тағы басқа. Макролидтер қауіпсіз антибактериальды препараттар тобы болып саналады, тіпті жүкті әйелдерге де қолдануға болады. Азалид және кетолид – белсенді молекулалық өзгешелігі бар, макролидтердің бір түрі. Тағы бір артықшылығы бұл топ препараттары адам ағзасындағы жасушаларға еніп, жасуша ішілік инфекцияларға эффективті әсер етеді: хламидиоз және микоплазмоз
- Аминогликозидтер. Өкілдері: гентамицин, амикацин, канамицин. Аэробты грамм теріс микроорганизмдерге белсенді. Бұл препараттар токсикалық болып табылады және аса қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Зәр шығару жолдары ауруларында қолданылады, фурункулез кезінде.
- Тетрациклиндер. Негізінен ол жартылай синтетикалық және синтетикалық препараттар тобы, оларға: тетрациклин, доксициклин, миноциклин жатады. Көптеген бактерияларға эффективті. Бұл топ препараттарының кемшілігі қарама – қайшы тұрақтылық, яғни микроорганизмдер бір препаратқа тұрақтылық көрсетсе осы топтағы басқа препараттарға да аз сезімтал болады.
- Фторхинолондар. Ол толықтай синтетикалық препараттар, өзіндік табиғи аналогы жоқ. Бұл топ препараттары бірінші қатар (пефлоксацин, ципрофлоксацин, норфлоксацин) және екінші қатар (левофлоксацин, моксифлоксацин) жіктеледі. Жиі ЛОР- ағзаларының емінде (отит, синусит) және тыныс жолдарының емінде (бронхит, пневмония) қолданылады.
- Линкозамидтер. Бұл топқа табиғи антибиотик линкомицин және оның туындысы клиндамицин жатады. Бактериостатикалық және бактерицидтік әсер көрсетеді және әсері концентрацияға байланысты.
- Карбапенемдер. Бұл заманауи антибиотиктердің бірі, микроорганизмдердің көп түріне әсер етеді. Бұл топ препараттары резерв антибиотиктеріне жатады, яғни күрделі жағдайларда қолданылады. Өкілдері: имипенем, меропенем, эртапенем.
- Полимиксиндер. Арнайы препараттар синегнойдты таяқша емі үшін қолданылады. Оларға полимиксин М және В жатады. Бұл дәрілердің кемшілігі нерв жүйесі мен бүйректерге токсикалық әсері.
- Туберкулезга қарсы заттар. Бұл жеке топ препараттары туберкулез таяқшасына әсер етеді.Оларға рифампицин, изониазид және ПАСК жатады.
- Саңырауқұлаққа қарсы заттар. Микоздарды емдеуге арналған: амфотирецин В, нистатин, флюконазол.
Антибиотиктерді қолдану тәсілдері
- Пероральды – ауыз арқылы. Препаратты таблетка, капсула, сироп немесе ұнтақ ретінде пайдалануға болады. Қабылдау ұзақтығы антибиотик түріне байланысты, мысалы азитромицин тәулігіне бір рет қолданылады, ал тетрациклин – тәулігіне 4 рет. Әрбір антибиотик үшін ұсыныстары болады, яғни препаратты қай уақытта қолдану керектігі жазылады, тамаққа дейін немесе тамақтан соң. Соған байланысты емнің әсері және жағымсыз әсердің көріністері байқалады. Кішкентай балаларға антибиотиктерді сироп ретінде тағайындайды .
- Инъекциялық – бұлшықет және тамыр арқылы енгізу. Бұндай әдісте препарат инфекция ошағына тез жетеді және белсенді әсер етеді. Кемшілігі укол жасаған кездегі ауырсыну. Иньекцияны орташа ауыр және ауыр ауру ағымында қолданады.
- Жергілікті – инфекция ошағына мазь немесе кремдерді жағу. Жиі тері инфекциялары кезінде, сонымен қоса офтальмология саласында қолданылады.
Антибиотиктерге сезімталдық
Ұзақ уақыт антибиотиктерді қолданған кезде микроорганизмдер оларға қарсы төзімділік туындатады. Антибиотиктерді тағайындаған кезде қоздырғыштың сезімталдығын білу қажет. Дәрігер препаратты тағайындар алдында сезімталдыққа анализ жүргізу қажет және әсері бар препаратты тағайындауы қажет. Бірақ анализ жүргізу бірнеше күнге созылады, осы уақыт аралығында инфекция кері әсерге әкелуі мүмкін. Сондықтан инфекция кезінде анықталмаған қоздырғышы бар ауру кезінде дәрігерлер препаратты эмпериялық жолмен тағайындайды, яғни мүмкін болатын қоздырғыш және эпидемиологиялық бағдармен жүргізеді. Ол үшін кең спектрлі антибиотиктерді қолданады. Анализ жасалып болған соң, дәрігер препаратты эффективті түріне ауыстыра алады. Препаратты ауыстыру эффект болмаған кезде 3-5 тәулікте жүргізіледі. Эффективті әсер беретін әдіс антибиотиктерді этиотропты тағайындау. Бактериялогиялық зерттеу арқылы қоздырғыш түрі анықталады, кейін дәрігер осы микроб түріне резистенттілік жоқ белгілі препаратты тағайындайды.
Антибиотиктер әрқашан эффективті бола ма?
Антибиотиктер тек бактерия мен саңырауқұлақтарға ғана әсер етеді! Бактерия бір клеткалы микроорганизмдер болып табылады. Бактериялардың мындаған түрлері бар, олардың 20 шақты түрі адамның тоқ ішегінде өмір сүреді. Жартысы салыстырмалы –патогенді болып табылады, яғни олар белгілі жағдайларда ғана ауру шақырады, мысалы өздеріне сай емес тіршілік ортасына түскен кезде. Мысалы жиі простатитті ішек таяқшасы шақырады.
Антибиотиктер жөтел мен бронхит кезінде тиімді болады, егер ол бактериямен шақырылған болса. Анықтау үшін дәрігер қан анализін және қақырық талдауын тағайындайды.
Ангина кезінде антибиотиктер тиімді, себебі бұл ауру бактериальды табиғатты болып келеді және стрептококк және стафилококкпен шақырылады. Ангина емі үшін қарапайым антибиотиктер – пенициллин, эритромицин қолданылады. Ангина емінде басты мақсат препараттарды 7 күннен артық қабылдамау.
Өкпе қабынуы (пневмония) бактериальді және вирусты болуы мүмкін. Бактериялар 80% жағдайда пневмонияны шақырады, сондықтан антибиотиктерді эмпириялық тағайындаған кезде жақсы әсер көрсетеді. Вирусты пневмония кезінде антибиотиктер емдік қасиет көрсетпейді, тек бактериальды флора қосылуын тежейді.
Антибиотиктер және алкоголь. Кейбір препараттар алкоголь сияқты бауырда ыдырайды. Қанда антибиотик және алкогольдің болуы бауырға үлкен күштеме береді, яғни ол этил спиртін залалсыздандыра алмайды. Нәтижесінде жүрек айну, құсу, ішектік бұзылыстар дамиды. Кейбір препараттар алкогольмен әсерлесіп, препараттың емдік қасиетін төмендетеді.Оларға метронидазол, левомицетин, цефоперазон және тағы басқалар жатады. Алкогольмен бірге қолданған кезде тек емдік әсерін төмендетумен қоса, ентігу, діріл және өлімге әкелуі мүмкін.
Жүктілік кезінде антибиотик қолдану
Жүкті әйелдер инфекциялық аурулармен жиі ауырады, ал оларға антибиотиктерді қолдану қиын. Жүкті әйел ағзасында ұрық өсіп дамиды және ол әртүрлі химиялық заттарға сезімтал болып келеді. Кейбір антибиотиктер ұрықта даму ақауларын туындатады және орталық нерв жүйесін токсикалық зақымдайды. Алғашқы триместрде антибиотиктерді мүлде қолданбау қажет, ал екінші және үшінші триместрде қажетінше қауіпсіз түрлерін пайдалануға болады.
Жүкті әйелге тағайындалған антибиотиктерден бас тартуға болмайтын жағдайлар:
- пневмония;
- ангина;
- пиелонефрит;
- инфицирленген жара;
- сепсис;
- специфиялық инфекция: бруцеллез, бореллиоз;
- жыныс инфекциялары: сифилис, гонорея.
Жүкті әйелге тағайындауға болатын антибиотиктер:
- пенициллин,
- цефалоспорин қатарындағы препараттар: эритромицин, джозамицин.
- метронидазол, гентамицин және азитромицин (салыстырмалы қауіпсіз)
Жүкті әйелге тағайындауға болмайтын антибиотиктер:
- аминогликозидтер – кереңдікке әкеледі
- кларитромицин, рокситромицин
- фторхинолон;
- тетрациклин – сүйек жүйесінің түзілуін талқандайды
- левомицетин – баланың сүйек кемігін зақымдайды.
Ұрыққа кері әсер ететін препараттар тобы төртке бөлінеді:
А тобы: Жүктілік кезінде және 1 триместр кезінде ұрыққа кері әсер жоқ препараттар. Қазіргі кезге дейін бұл топқа енетін дәрілер анықталмаған, себебі жүктілерге кері әсерін анықтау зерттеуін жүргізу мүмкін емес.
В тобы: Ұрыққа әсері салыстырмалы қауіпсіз. Жүктілерге бұл топ препараттары тағайындалады, соның ішінде ауруханадан тыс пневмония емі кезінде қолданылады.
- пенициллин қатарындағы антибиотиктер (бензилпенициллин, амоксициллин, амоксициллин/клавуланат);
- цефалоспорин (цефуроксим, цефтриаксон, цефаклор, цефотаксим);
- макролид (азитромицин);
- монобактам (азтреонам);
- карбапенем (меропенем);
- нитроимидазол (метронидазол);
- фосфомицин, полимиксин.
С тобы: Бұл топ препараттарын қолдану ұрыққа кері әсерін беру қаупі жоққа шығарылмайды. Кей жағдайда дәрі көмегі, беретін қауіп әсерінен жоғары болады.
- карбапенем (имипенем)
- макролид (кларитромицин)
- аминогликозид (гентамицин)
- гликопептид (ванкомицин)
- сульфаниламид (ко-тримоксазол)
Д тобы: Ұрыққа және жүктілік ағымына кері әсерін беретін антибактериалды препараттар. Жүктілерге қатаң түрде бұл топ препараттарын қолдану қарсы көрсетілген.
- тетрациклин (доксициклин, тетрациклин),
- фторхинолон (ципрофлоксацин, офлоксацин),
- аминогликозид (амикацин).
Антибиотик түрлерінің толыққанды заманауи жіктеуі
- I. Пенициллиндер
А. Биосинтетикалық пенициллиндер
- Пенициллин (Benzylpenicillinum natrium): флаконда 1 000 000 ЕД, 100 000 ЕД/кг/ тәулг, менингококты менингит – 500 000, ЕД/кг/тәулг
- Феноксиметил – пенициллин (Phenoxymethyl -penicillin): табл. 0,1 және 0,25 драже 0,1, 25 – 30 мг/кг/тәулг
- Бензапин бензилпенициллин (Benzathine Benzуlpenicillin)
Бициллин – 1 (Bicillin – 1) (Extencilline): флаконда 1200 000 ЕД, 2,4 млн. ЕД, 12 жасқа дейін 0,6 – 1,2 млн ЕД, 1 рет аптасына, ересектер – 2,4 млн. ЕД
4.Бакампициллин (Bacampicillin) Пенглоб: табл. 0,4г – 0,8г
- Карбенициллин (Carbenicillin) Геопен, Кариндациллин: табл. 500 мг флакон 1,0; 0,5г, ересектер 400 мг – 2 р/тәул, балалар 12,5 мг/кг, 2 р/тәул
- Мезлоциллин (Mezlocillin) Байпен: флакон 1,0; 0,5г, 50 – 100 мг/кг/тәулг.
- Пенамецеллин (Penamecellin) Маринен: табл. 500 000 ЕД, 60 – 80 000 ЕД/кг/тәул. 3 рет
- Пиперациллин (Piperacillin, Pipracil): фл. 1,2; 3; 4 г, 100 мг/кг/тәулг. тамыр ішілік немесе б/е 2 – 4 рет
- Флуклоксациллин (Fluсloxaсillin): капс. 250 мг, 500 мг эликсир ( 5 мг – 125 мг), 250 мг 4 рет тәулігіне
Жартылай синтетикалық кең спектрлі пенициллиндер,
көк ірің таяқшаға белсенді
- Азлоциллин (Azlocillin) Секуропен: фл. 0,5; 1; 2; 5; 10г, 80 – 150 мг/кг 4рет тәулігіне
Жартылай синтетикалық пенициллиндер, пенициллиназаға резистентті
- Карфециллин (Carfecillin): таб.0,5 г, 30 – 60 мг/кг/тәул 3рет қабылдау
- Клоксациллин (Cloxacillin) натрий тұзы: фл. 250 мг, 500 мг, 250 – 500 мг 4р/тәулг., 2 жасқа дейін 125 мг – 4рет
- Оксациллин (Oxacillin) натрий тұзы : фл. 0,25; 0,5; 1г, табл. 0,25; 0,5 г, капс. 0,25 мг, 250 – 500 мг 4 – 6 рет қабылдау
Кең спектрлі ампициллиндер пенициллиназаға тұрақты (β – лактамазаға)
- Амоксициллин +клавулановая кислота (Амоксиклав, Аугментин) табл. 375 и 625 мг, сусп. 165 мг/5 – 100 мл, фл. 1,25 г, фл. 0,6 г; 2,5 мг – 2,5 мл- 3р., 2 – 7 мг – 5 мл – 3р., 7 – 12мг – 10 мл – 3р., т/і 30 мг/кг
- Амоксициллин +клоксациллин (Amoxicillin +Cloxacillin) Клонаком – Митимокс: капсула 0,5г; 1 кап. әрбір 6 – 8 сағат
- Ампициллин + Сульбактам (Уназин) Сультамициллин: фл. 0,75; 1,5г, табл. 0,375 г., сусп. фл. 250 мг; б/е, т/і ересектер 0,75 – 1,5г 3 – 4 р/тәулг. балалар 150 мг/кг
- Тазоцин Пиперациллин + тазобактам (Piperacillin + Tаzobactam): фл. 2,0 мг 4г; 100 мг/кг/тәулг тек тамыр ішілік
- Тикарциллин + клавулан қышқылы (Тимектин): фл. 3г; тымр ішілік 100 – 200 мг/кг тәулг 4 – 6 рет
- Хеликоцин Амоксициллин + метронидазол: табл. 0,75г; 50 – 100 мг/кг/тәулг.
Цефалосриндер тобындағы антибиотиктер
І қатардағы цефалосриндер
- Цефадроксил (Cefadrоxil), Биодроксил, Дурацеф, Цедрокс табл.1 г: капс. 0,25; 0,5 г, суспензия дайындауға арналған гранула 5 мл – 125 мг, 210 мг, 500 мг, ересектер. 1 – 2 г, 1 – 2 қабылдау, балаларға 25 – 50 мг/кг/тәулг 1 – 2 қабылдау
- Цефалексин (Cefalexin) табл. 125, 250 мг: капс. 250мг; 500 мг, сусп. 5 мл -125 мг, 250 мг; 25 -50 мг/кг/тәул. 4 р. тәулігіне
- Цефрадин (Cefradine) Сефрил: капс.0,5 г, сусп. 5 мл – 250 мг инъекция үшін б/е, т/і фл. 1г, парентеральды енгізу үшін; 25 – 50 мг/кг/тәулг. 4 қабылдау.
- Цефазолин (Cefazolin) Амзолин: фл. 250 мг; 500 мг; 1г; 20 – 40мг/кг/тәулг., 100 мг/кг/тәулг.3 рет.
- Цефалотин (Cefalotin): фл. 1г; 50 – 100 мг/кг/тәул. 4 рет тәулг
- Цефапирин (Cefapirin): фл. 1г; 50 – 80 – 150 мг/кг/тәул. 4рет тәул
ІІ қатардағы цефалосриндер
- Цефрамандол (Ceframandole), Цефрамабол, Цефат, Мандол : фл. 500 мг 1г; 2г:, 50 – 100 мг/кг/тәул. 3рет тәулігіне
- Цефметазол (Cefmetazole): фл. 500 мг, 1г; 2г; 25 – 100 мг/кг/тәул. 2 – 4рет тәулігіне
- Цефокситин (Cefoxitin): фл. 1 г, 100 мг/кг/тәул 3 – 4р.
- Цефотетан (Cefоtetan): фл. 1г; 20 – 100 мг/кг/тәулг
- Арсетин, Зинацеф, Зиннат, Кетоцеф: табл. 125, 250, 500 мг фл. 250, 750, 1,5 г, 100мг/кг/тәул. 2 – 3 рет
ІІІ қатардағы цефалосриндер
- Цефодизим (Cefodizime) Модивид: фл. 0,25; 0,5; 1; 2г, 100 мг/кг/тәул.
1 – 2 р. Тәулігіне
- Цефоперазон (Cefоperazone), Медоцеф, Цефобид : фл. 0,5; 1: 2г; 50 – 100 мг/кг/тәулігіне, 2 рет тәулігіне
- Цефотаксим (Cefаtxime), Клафоран, Цефабол: фл.250 мг; 500 мг;
2г; 1г; 50 – 100 мг/кг/тәулігіне 3 – 4 рет
- Цефпирамид (Cefpiramide), Тамицин: фл. 1г; 100 мг/кг/тәулігіне
- Цефтазидим (Ceftazidime), Фортум: фл. 1 ; 2 г; 30 – 50 – 100 – 150 мг/кг/тәулігіне 2 рет тәулігіне
- Цефтизоксим (Ceftizoxime), Эцелин: фл. 500 мг; 1г; 30 – 150 мг/кг/тәулігіне 2 – 4 рет тамыр ішілік
- Цефтриаксон (Ceftriaxone), Бетасрин, Офрамокс, Цефаксон: фл. 250 мг; 500 мг; 1г; 20 – 80 мг/кг/тәулігіне, 100 мг/кг/тәулігіне 1 рет тәулігіне
IV қатардағы цефалоспориндер
- Цефепим (Cefepime) Максипим: фл. 500 мг 100 мг/кг/тәулігіне
әрбір 12 сағ
- Цефпиром (Cefpirome)\Кейтен : фл. 250 мг; 500 мг; 1г; 2г, 50 – 100 мг/кг/тәулігіне әрбір 12 сағат сайын
Комбинирленген препараттар
- Сульперазон (Sulperazone) (Цефаперазон +сульбактам): фл. 2г; 40 – 80 мг/кг/тәулігіне 2 – 4 қабылдау, макс. доза 160 мг/кг/тәулігіне
ІІ қатардағы цефалосриндер ішке қабылдау үшін
- Цефаклор: табл. 0,5, капс. 0,25; 0,5 г, сусп. 5 мл – 125 мг; 250 мг; 20 – 40 мг/кг 3 рет тәулігіне
ІІI қатардағы цефалосриндер ішке қабылдау үшін
- Цефексим (Cefexim) капс. 200 мг; 400 мг,сусп. 5 мл – 100 мг, 8 мг/кг/тәулігіне1 – 2 р. Күніне
- Цефдоксим (Cefpodoxime): табл. 100 мг, 200 – 400 мг күніне 1 – 2 қабылдау
- Цефтибутен (Ceftibuten) : капс. 400 мг; 200 – 400 мг тәулігіне 1 – 2 қабылдау
Карбопенем қатарындағы антибиотиктер
- Имипинем +Циластатин (Imipipem + Cilastatin) Тиенам: фл. 1 г
фл. 1,5 г; 15 мг/кг әрбір 6 сағ. макс. доза 1,5 – 2 г
- Меропенем (Meropenem): фл. 500 мг; 1 г; 12 мг/кг әрбір 8 сағ.
Менингит кезінде 40 мг/кг әрбір 8 сағат сайын.
Монобактам тобындағы антибиотиктер
- Азтреонaм (Aztreonam) Азактам: фл. 500 мг, 1г, 30 – 50 мг/кг/тәулігіне
әрбір 6 – 8 сағат сайын
Макролид / азалид тобындағы антибиотиктер
- Азитромицин (Azithromycin) Сумамед: табл. 125 мг, 500 мг, капс. 250 мг, сироп ( 5 мл – 100 мг, 5 мл – 200 мг); 1–ші күні 10мг/кг/тәулігіне 1 р.
келесі 4 күн 5 мг/кг, курсты доза 30 мг/кг
- Джозамицин (Josamyсin) ( Вильпрофел, Стомакс – Солютаб): табл. 500 мг, сусп. 5мг – 150 мг, 30 – 50 мг/кг/тәулігіне 3 р
- Диритромицин (Dirithromycin) Динабак: табл. 250 мг, 50 мг/кг/тәулігіне
- Кларитромицин (Clаtrithromycin), Клабакс: табл. 250 мг, фл. 500, 7,5 мг/кг/тәулігіне
- Мидекамицин (Midecamycin), Макропен: табл. 400 мг, сусп. 5 мл -125 мг, 30 – 50 мг/кг/тәулігіне 2 қабылдау
- Олеандoмицин (Oleanolomycin): фл. 250, 500 мг; 3 – жастан 20 мг/кг, 3 – 6 жас 250 – 500мг; 6 жастан 14 жас 500 – 1 г; 14 жастан жоғары 1 – 1,5 г 4 – 6 қабылдау
- Рокситромицин (Roxithromycin) Реницин, Роксид: табл. 50 мг,
100 мг, 150 мг, Фильм – таблетки 50, 100, 300 мг, 5 – 10 мг/кг/тәулігіне
2 қабылдау
- Спирамицин (Spiramycin) Ровамицин: табл. 1,5 млн. МЕ, 3 млн. МЕ, фл. 1,5 млн. МЕ, сусп. 0,75 млн. МЕ; 0,375 млн МЕ; 1,5 млн. МЕ., 1,5 млн. МЕ/10 кг/1 тәулг., 2 – 3 рет қабылдау, балаларға 10 кг 2 – 4 пакетик 0,375 млн. МЕ
- Эритромицин (Erythromyсin): табл. 200мг, 400 мг, 500мг; капс. 250 мг;
сусп. ( 1 мл – 366 мг; 5 мл – 200 мг, 60 мл – 2,4г; 100 мл – 4 г); 20 – 50 мг/кг тәулігіне 4 рет тәулігіне
Аминогликозидтер
- Амикацин (Amikacin) Амикин Сульфат: амп. 100 мг, 250 мг, 500 мг; 10 мг/кг/тәулігіне 2 – 3 рет тәулігіне
- Гентамицин сульфат (Gentamycini sulfatis): амп. 4 % – 20мл; 2 – 5 мг/кг/тәулігіне 2 рет
- Исепамицин (Isepamiсin) Исепацин: амп. 1 мл – 250 мг; 15 мг/кг/тәулігіне 2 рет
- Канамицин (Kanamycin) сульфат: инъекцияға арналған ерітінді фл. 0,5 – 1г, 10 – 15 мг/кг/тәулігіне 2 рет
- Нетилмецин сульфат (Neomyсin Neomin): фл. 0,5 г, 6 – 7,5 мг/кг/тәулігіне 2 – 3 рет
- Паромицин сульфат (Paromycini sulfatis ): табл. 250 мг, сироп 1 мл – 250 мг, 10 мг/кг/тәулігіне 2 – 3 рет
- Сизомицин сульфат (Sisomycini sulfatis): 5% амп. ерітінді 1;
1,5; 2 мл; 1% 2 мл ерітінді; 1 жасқа дейін 4,5 – 6 мг/кг/тәулігіне, 1 жастан 3 жасқа дейін – 4,5 мг/кг/тәулігіне 2 – 3 рет
- Стрептомицин сульфат (Streptomycini sulfatis): фл. 0,25; 0,5; 1г, 15 – 20 мг/кг/тәулігіне 3 – 4 рет, туберкулез кезінде 1 рет
- Тобрамицин сульфат (Tobramycin Brulamycin): фл. 20, 40, 50,75 және 80 мг, 2 – 5 мг/кг/тәулігіне 2 – 3 рет
Тетрациклин тобының антибиотиктері
- 1. Доксициклин гидрохлорид (Doxycyline hydrochloridum): капс. 0,05 және 0,1г, табл. 0,1 г, фл. 100 мг, 200 мг; 8 – 12 мг;4 мг/кг/тәулігіне
1 –ші күні, кейін 2 мг/кг/тәулігіне 2 рет
- Метациклин гидрохлорид (Metacyclini hydrochloridum), Рондомицин: капс. 0,15 және 0,3г; 8 жастан жоғары 7 – 15 мг/кг/тәулігіне 2 – 4 рет
- Окситетрациклин (Oxytetracyclinum): табл. 0,25 г, көзге арналған тамшылар 1 мл – 0,01 г, 8 мг – 20 – 25 мг/кг/тәулігіне 3 – 4 рет
- Тетрациклин (Tetracyclinum): табл. 0,05; 0,1; 0,25 г., капс. 0,1 және 0,2 г; 8 жастан үлкен 20 – 25 мг/кг/тәулігіне 3 – 4 рет
- Тетрациклин 2сағ + олеандамицин 1 сағ, Тетраолеан, олететрин: фл. 100 мг, 250 мг, 500 мг; 10 – 20 мг/кг/тәулігіне 4 рет 1.
Рифампицин тобының антибиотиктері
- Рифаксимин (Rifaximin): табл. 200 мг, сусп. 5 мл – 100 мг, 12 мг – 20 – 30 мг/кг/тәулігіне; ересектерге 12 мг – 10 – 15 мг/кг/тәулігіне
1.2 – 3 – 4 рет
- Рифамицин (Rifamycin) (Oтофа,Рифогал): амп. 1,5 мл – 125 мг, амп. 3 мл – 250 мг, амп 500 мг; 10 – 30 мг/кг/тәулігіне 2 – 4 рет
- Рифампицин (Rifampicin): табл. 150, 300, 450, 600 мг, капс. 150 мг, 300мг, 450 мг, 600 мг, сусп. 65 мл –100 мг; 200 мг; 10 – 20 мг/кг/тәулігіне 1 – 3 рет
Менкозамин тобының антибиотиктері:
- Клиндамицин (Clindаmycin, Dalаcin, Cleocin) капс. 75 мг, 150 мг,
300 мг 15% р – р 2 – 4 мл; 10 – 20 мг/кг/тәулігіне 3 – 4 рет
- Линкомицин гидрохлорид (Linсomycini hydroсhloridum): 30 % ірітінді 1 және 2 мл, капс. 250, 500 мг; 10 – 30 мг/кг/тәулігіне
Хлорамфеникол тобының антибиотиктері:
- Хлорамфеникол (Chloramphenicol), Левомицетин: табл. 250 мг, 500 мг
табл. ретард 650 мг; 3жасқа дейін 15 мг/кг бір реттік доза, 3 – 8 жас 150 – 200 мг, 8 жастан 200 – 400 мг 3 – 4 рет
Гликопептид тобының антибиотиктері:
- Ванкомицин (Vanсomycin): фл. 500 мг, 1 г; 40 мг/кг/тәулігіне тамыр ішіне 60 мин бойы
Фторхинолондар
- 1. Грепафлоксацин (Grepafloxacin), Раксар: табл. 400 мг, 600 мг; 400 – 600 мг/тәул
- Ломефлоксацин (Lomefloxacin): табл. 400 мг; 400 – 600 мг/тәулг 1 рет
- Моксифлоксацин (Moxifloxacin), Авелокс: табл. 400 мг; 400 мг/тәулг
1рет
- Норфлоксацин (Norfloxacin), Норбактин: табл. 200 мл, 400 мл, 800 мл, 400 – 800 мг бір реттік доза 1 – 2 рет тәулігіне
- Офлоксацин (Ofloxacin), Залоцин: табл. 200 мг; фл. 200 мг; 200 -800 мг/тәул 2 рет тәулігіне
- Цефлоксацин (Pefloxacin), Абактал: табл. 400 мг, амп. 1 мл – 80 мг.тамыр ішілік иньекцияға 1 мл -4 мл; 800 мг/тәулг. 2 қабылдауға
- Спарфлоксацин (Sparfloxacin): табл. 200 мг, 200 – 400 мг 1 рет/ тәулігіне
- Флероксацин (Fleroxacin), Хинодис: табл. 200 мг, 400 мг; 200 – 400 мг/тәулігіне 1 рет
- Ципрофлоксацин (Ciprofloxacin), Ципробай, Цифран: табл. 250 мг, 500 мг, 750 мг, инфузияға арналған ерітінді 1 мл – 2 мг; бір реттік доза 100 – 200 мг/тәулг. 2 рет
- Эноксацин (Enoxacin): табл. 200 мг; 200 мг – 2 г
Оксазолидин
- Линезолид (Linezolid), Зивокс: табл. 400 мг, 600 мг; 400 – 600 мг 1 – 2 рет
Басқа антибиотиктер мен комбинирленген препараттар
- Спектиномицин (Spectinomycin), Кирин: фл. 2 г, 2 г бір реттік тамыр ішіне
- Тиамфеникол глицинат ацетилцистенат (Thiamphenicol glycinate Acetyl cystcinat) Флуимуцил, Антибиотик ИТ: фл. 810 мг; ересектерге бір реттік доза 500 мг 2 – 3 рет/тәулг, 2 – жастан бастап 125 мг; 3 – 6 жас 250 мг – 2 р., 7 – 12 жас 250мг – 3р
- Фосфомицин (Fosfomycin), Манурал: құрғақ қоспа 1 пакетик 3 г
- Фузидин – натрий (Fusidin – sodium): таб. 250 мг, фл. – 500 мг, сусп. 65 мг – 250 мг; 20 мг/кг/тәулігіне 3 рет ересектер мен 12жастан жоғары балаларға – 500 мг 3р
- Эрициклин (Erycyclin) Эритромицин+ Окситетрациклин дигидрат: капс. 250 мг.; бір реттік доза 0,25 г, тәулігіне – 2г 4 реттен
Сульфаниламидты препараттар.
- Сульфагуанидин. (Sulfaguanidine) Сульгин.: табл. 500 мг., 3жасқа дейін 200 мл/кг/тәулігіне 3 рет, 3 жастан жоғары 400 – 750 мг 4 рет тәулігіне
- Сульфади – метоксин. (Sulfadimethoxine): табл. 200 мг. 500 мг.; ересектер 1 ші күні 1 г, келесі күндері 500 мг/тәулг, балаларға 1 ші күні 25 мг/кг/тәулігіне 1 рет тәулігіне
- Сульфадимидин (Sulfadimidine), Сульфадимезин: табл. 500 мг.; 100 мг/кг/ алғашқы қабылдау, кейін 25 мг/кг, әрбір 4 – 6 – 8 сағат дизентерия кезінде, 3ж дейін – 200 мг/кг/тәулігіне 4 қабылдау, 3 ж жоғары 400 – 750 мг 4 рет/тәулг
- Сульфакарбaмид (Sulfacarbamide),Уросульфан: табл. 500 мг; 0,5 – 1 г 3 – 5 рет/ тәулігіне
- Сульфален (Sulfalene): табл. 500 мг: иньекцияға арналған ерітінді (1 мл – 185 мг); ересектерде 1 ші күні – 1г х 1р, кейін 200 мг/тәулг
- Сульфамоно метоксин (Sulfamonomethoxin): табл. 500 мг; 1 ші күні – 1 – 2 г/тәулг, келесі күндері – 500 мг – 1г/тәулг., балаларға 1 ші күні 25 мг/кг, келесі күндері – 12,5 мг/кг/тәулігіне 1 қабылдау.
- Сульфаниламид (стрептоцид): табл. 300мг;500 мг; 1 жасқа дейінгі балаларда 50 – 100 мг, 2 – 5 жас 200 – 300 мг, 6 -12 жас 300 – 500 мг қабылдауға 5 – 6 р/тәулг
- Сульфасалазин (sulfasalazine): табл. 500 мг; 5 – 7 жас 0,5 – 1 т
3 – 6 р/тәулг., 7 жастан жоғары 1табл. 3 – 6 р/тәулг.
- Сульфатиазол (Sulfathiazole), Норсульфазол: табл. 500 мг; 4 айдан.- 2 жас 100 – 250 мг; 2 -5 жас 300- 400 мг; 6 – 12 жас 400 – 500 мг әрбір
4 – 6 – 8 саған бір реттік доза
- Сульфаэтидол (Sulfaethidole): табл. 500 мг, иньекцияға ерітінді1 мл – 100 мг, 200мг; 2 жасқа дейін 100 -300 мг әрбір 4 сағ, 2 жастан 5 жасқа дейін 300 – 400 мг әрбір 4 сағат, 5 – 12 жас 500 мг әрбір 4 сағат
- Фталилсуль –фатиазол (Phthalylsul – fathiazole) Фталазол: табл. 500 мг, 3 жасқа деуліктік доза 200 мг/кг 3 қабылдауға, 3 жастан жоғары балаларға 400 – 750 мг – 4 р/тәулг
Комбинирленген препараттар
- Сульфадиaзин + триметoприм (Sulfadiazine + Trimethoprim) Антрим: табл. 480, 120 мг, сусп. 240 мг ( 2,5 мл – 100 мг + 20 мг); 2,5 мл сусп./5 кг 2 рет, 6 – 8 мг/кг/тәулігіне триметоприманы
- Сульфа метоксазол + триметоприм. Септрим, Бисептол: табл. 480, 960 мг, сусп. 5 мл – 240 мг, 6 – 8 мг/кг/тәулігіне триметоприманы 2 қабылдауға
- Сульфометрол + триметоприм, Лидаприм: табл. 480 мг, 960 мг
табл. 120 мг, сусп. 240 мл, иньекцияға арналған ерітінді 960 мг, 12 жасқа дейін 30 мг/кг/тәулігіне 2 рет, сусп. 6 – 12 жас 10 мл – 2рет, 3 – 6 жас 7,5 мл – 2 рет, 2 – 3 жас 5 мл – 2 рет, 6 аптадан 2,5 мл – 2рет
- Сульфамоно метоксин + триметоприм (Сульфатон): табл. 70 мг, 350 мг; 2 – 3 мг/кг – 1 рет
Нитрофуран туындылары
- Нитрофурал (Nitrofural), Фурациллин: табл. 100 мг; 100 мг 4 – 5 рет тәулігіне
- Нитрофурантоин (Nitrofurantoin): табл. 50 мг; 100 мг.; тәуліктік доза 5 – 7 мг 1 кг 4 қабылдауға
- Нифуртоинол (Nifurtoinol), Леваyтин: табл.40 мг; 40 мг – 4 рет, балаларға 3 – 5 мг/кг/тәулігіне
- Фуразидин (Furazidine): табл. 50 мг. Калий тұзы тамыр ішілік инъекция үшін ( 1 банкада – 8 г ); 100 – 200 мг 2 – 3 рет тәулігіне
- Фуразолидон (Furazolidone): табл. 0,05 г.; 10 мг/кг/тәулігіне 4 қабылдауға
8 – оксихиналин туындылары
- Нитроксолин (Nitroxoline), 5 – Нитрокс, 5 – Нок.: табл. 50 – мг.; 10 – 30 мг/кг/тәулігіне 3 – 4 рет
Хинoлон туындылары
- Налидиксий қышқылы (Nalidixic Acid): капс. 500 мг.; 60 мг/кг/тәулігіне 3 – 4 рет
- Оксолин қышқылы (Oxolin acid): табл. 250 мг; 2 жасқа дейін 25 мг/кг/тәулігіне, 2 жастан 12 жасқа дейін 250мг – 3рет
- Пипемид қышқылы (Рipemid acid), Пимидель: табл. 400 мг, капс. 200 мг; 400 мг – 2р. /тәулігіне
- Циноксацин (Cinoxacin), Цинобак: капс. 500 мг; ересектер 1 немесе 2 г тәулігіне 4 рет қабылдауға
ЕСКЕРТУ! Антибиотиктерді дәрігер тағайындауынсыз, өздігінен қабылдауға ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!! Тек дәрігер рұқсатымен ғана қолдану керек.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Супрастин дәрілік препараты
- Рациональды антибиотикотерапия принциптері
- Арбидол дәрілік препараты
- Дәрі дәрмектермен улану
- Қақырық айдайтын дәрілік препараттар
- Ас қорыту жүйесіне әсері бар дәрілер
- Жалпы фармакология. Дәрілік заттар ағзаға әсері.