Арбидол дәрілік препараты

Арбидол дәрілік препараты

Саудалық атауы: Арбидол

Халықаралық патенттелмеген атауы: Умифеновир

Дәрілік түрі: 100 мл капсулалар

Құрамы: белсенді зат: 100 мг умифеновир (умифеновир гидрохлоридінің моногидраты умифеновир гидрохлоридіне шаққанда), қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), повидон (коллидон 25), кальций стеараты, капсула қабығының құрамы: титанның қос тотығы (Е 171), хинолинді сары бояғыш (Е 104), күн батар түстес сары бояғыш (Е 110), сірке қышқылы, желатин.

Сипаттамасы: Қақпақшасы сары түсті, ақ түсті №1 капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – түсі ақтан жасылдау-сарғыш немесе крем реңдес аққа дейінгі құрамында түйіршіктері мен ұнтақ бар қоспа.

Фармакотерапиялық тобы: Вирусқа қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Вирусқа қарсы басқа да препараттар.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Умифеновир ағзалар мен тіндерге жылдам сіңеді және таралады. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 100 мг дозада қабылдағанда 1,5 сағаттан соң жетеді. Бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 17-21 сағатқа тең. 40%-ға жуығы өзгермеген түрде, негізінен өтпен (38,9%) және аздаған мөлшері бүйрекпен (0,12%) шығады. Алғашқы тәулік ішінде енгізілген дозаның 90%-ы шығарылады.

Фармакодинамикасы. Арбидол – вирусқа қарсы дәрі. А және В тұмау вирусын, ауыр жедел респираторлы синдроммен (АЖРС) астасқан коронавирусты спецификалық басады. Вирустарға қарсы механизм бойынша қосылу (фузия) тежегіштеріне жатады, вирустың гемагглютининімен өзара әрекеттеседі және вирус пен жасуша жарғақшасының липидті қабықшасының қосылуына кедергі етеді. Орташа иммуномодуляциялаушы әсер етеді. Интерферон индукциялаушы белсенділікке ие, иммунитеттің гуморальді және жасушалық реакцияларын, макрофагтардың фагоцитарлық қызметін көтермелейді, организмнің вирустық жұқпаларға төзімділігін жоғарылатады. Вирустық жұқпаға байланысты асқынулар дамуы жиілігін, сондай-ақ созылмалы бактериялық аурулардың асқынуын төмендетеді. Вирустық жұқпа кезінде емдік әсері жалпы уыттанудың және клиникалық құбылыстардың төмендеуі ауру ұзақтылығының қысқаруы арқылы білінеді. Уыттылығы аз препараттарға жатады (Ш50 >4 г/кг). Ұсынылған дозада ішу арқылы қабылдаған кезде адам организміне қандай да бір жағымсыз әсері жоқ.

Қолданылуы

  • А және В тұмауында, жедел респираторлық вирустық жұқпаларда (ЖРВЖ), жедел ауыр респираторлық синдромда (ЖАРС), оның ішінде бронхитпен, пневмониямен асқынған-ересектерде алдын алужәне емдеуде
  • екіншілік иммунтапшылық жағдайларда
  • созылмалы бронхитте, пневмонияда, қайталанатын герпесті жұқпаларда (кешенді ем құрамында)
  • ротавирустық этиологиядағы жедел ішек жұқпасын емдеуде (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары:

Спецификалық емес алдын алуда

  • 200 мг күніне бір рет 10-14 күн бойы.

Емдеу үшін

Тұмау, асқынбаған басқа да ЖРВИ

  • 200 мг тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 5 тәулік бойы.

Тұмау, бронхитпен, пневмониямен асқынған басқа да ЖРВИ

  • 200 мг тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 5 тәулік бойы, содан соң бір реттік дозаны аптасына 1 рет 4 апта бойы.

Жедел ауыр респираторлық синдромда (ЖАРС)

  • 200 мг тәулігіне 2 рет 8-10 тәулік бойы.

Созылмалы бронхит, пневмония, қайталанатын герпесті жұқпаларда (кешенді ем құрамында)

  • 200 мг тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 5-7 тәулік бойы, содан соң бір реттік дозаны аптасына 2 рет 4 апта бойы.

Ротавирустық этиологиядағы жедел ішек жұқпалары (кешенді ем құрамында)

  • 200 мг тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 5 тәулік бойы.

Ең жоғары бір реттік доза-200 мг.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі: Басқа да дәрілік заттармен тағайындаған кезде жағымсыз әсерлер байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар: Арбидолды жүрек-қантамыр жүйесі, бауыр мен бүйрек аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн. Орталық нейротропты белсенділік байқатпайды және медициналық тәжірибеде профилактикалық мақсаттарда, оның ішінде жоғары зейін қою мен қозғалыс үйлесімділігін қажетететін (көлік жүргізушілері, олераторларжәне т.б.) әртүрлі кәсіптегі іс жүзінде дені сау адамдарға қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері: Препаратты емдік дозада механизмдермен жұмыс істейтін адамдарға, автокөлік жүргізушілеріне қолдануға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Емі: симптоматикалық (артық дозалануы туындаған жағдайда).

Шығарылу түрі және қаптамасы: Поливинил хлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан. 1,2 немесе 4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары: 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі: 2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары: Рецептісіз

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!