Менингококкты инфекция-менингококкпен шақыралатын және клиникалық формаларының әр түрлілігімен: назофарингит және сау тасымалдаушыдан жайымалы формаларына дейін – менингококкцемия (септицемия), менингит және менингоэнцефалит түрінде өтетін жедел жұқпалы ауруы.
Ауру алғыш рет 1805 ж. «эпидемиялық цероспинальды менингит» атымен жазылған. 19-шы ғасырдың соңында менингококцемия менингококкты инфекция формаларының бірі ретінде жазылған. Біраз уақыттан соң тасымалдаушы мен жедел назофарингит түрінде өтетін аурудың жергілікті формалары белгісі болды. БДҰ ұсынысымен 1965 жылдан барлық клиникалық формалардың ортақ атауы болып «менингококкты инфекция» қабылданды.
Менингококты инфекция қоздырғышы –менингококк-грам-теріс диплококк Neisseria meringitis, қршаған ортада өте тұрақсыз, ликворда жасуша ішінде және сыртында полярлы арналасады. Эндотоксин бөледі. Менингококк серотоптарын ажыратады; А,В,С,Х,Y,Z. Менингококк L-формаларын түзе алады, бұл аурудың ұзақ ағыммен өтуін түсіндіреді.
Инфекция көзі –ауру адам мен бактерия тасымадаушы. Берілу жолдары –ауа тамшылы, контагиоздық индексі 10-15%. Менингококкты инфекцияға аурушаңдылыұтың әрбір 8-30 жыл сайын көтерілуі, күз көктемдік маусымдылық тән. Барлық аурулар оқиғаларының 70-80 %-ы үш жасқа дейінгі балаларға келеді. МИ кезінде летальділік 6-10% құрайды. III дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок дамығанда летальділік 50-70% және одан да жоғары құрайды.
Ену қақпасы мұрынжұтқаншақтың шырышты қабаты, сирек аранның шырышты қабаты. Қан ағысымен менингококк теріге, буындарға, бүйрек үсті бездеріне, бас миына енеді. Менингококк ену орнында тамырлардың перифокальды зақымдануымен бактериальды тромбтар түзілуін шақырады.
Менингококктың жаппай ыдырауы-токсинемия, ауру патогенезінде, әсіресе менингиальды формаларында маңызды роль атқарады.
Менингококкты инфекция кезіндегі жұқпалы үрдістің жобасы
Ауру кезеңдері | Кезеңнің орташа ұзақтығы күндермен, вариабельдік | Клинико-лабораторлық көрсеткіштер | |
Инкубациялық | 3-72-10
| Коздырғыштың мұрын жұтқыншақтың лимфоидты аппаратында көбеюі.Қорғану механизмдерінің мобилизациясы. | Жоқ |
жедел | 1-35-7
| Бактериемия мен эндотоксемия. Гемодинамика мен микроциркуляцияның бұзылыстары.ҚШҰ синромы. Бүйрек үсті бездерінің, тамырлар қабырғаларының геморрагиялық некрозы. Гипоксемия мен гипоксия. Метаболикалық ацидоз. Жұмсақ ми қабатының іріңді қабынуы. Бас мидың ісінуі. | 1.Инфекционды –токсикалық синдром.2.Тромбо-геморрагиялық синдром: геморрагиялық бөртпе. 3.Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі. 4.Менингит 5.Бас мидың ісінуі. 6.Мұрын-жұтқыншақ шырышын, қанды, ликворды себу. Қанның тура бактериоскопиясы. Серологиялық диагностика. Лейкоцитоз, нейрофилез, ЭТЖ жоғарлауы. |
Жазылукезеңі | 15-3015-90 | Зақымдалған ішкі мүшелер мен жүйелер функцияларын қалпына келуі | Инфекциядан кейінгі астенизация |
Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуі
(В.И.Покровский, 1965)
1.Жергілікті формалары:
- -менингококк тасымалдаушы;
- -жедел назофарингит;
2.Жайылмалы формалары:
- -менингококкцемия (типті, найзағай тәрізді: өте жедел менингококкты сепсис, созылмалы);
- -менингит, менингоэнцефалит;
- -аралас форма (менингит+менингококкцемия)
3.Сирек формалары:
- -менингококкты эндокардит;
- -менингококкты артрит (синовиит), полиартрит;
- -менингококкты пневмония;
- -менингококкты иридоциклит;
Инкубациялық кезең 2-ден 10 күнге дейін.
Менингококкты инфекцияның ең жиі варианты жедел назофарингит болып табылады (В.И. Покровский) және ол көбінесе жеңіл немесе орташа ауырлықтағы ауру өтеді: Науқастар басының ауырсынуына (жиі маңдай-төбе аймағында) тамағының жыбырлауына, мұрын бітелуіне, ауыр жағдайларда бас айналаға, бұлшықеттердегі ауырсынуға, тері гиперестезиясына шағымданады. Науқастардың көбінде дене қызуы 37,1-38,5 0С дейін жоғарылайды, одан жоғары сирек болады. Қызба ұзақтығы жиі 1-3 күндей, ал субфебрилитет 5-7 күнге дейін болады. ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға қарағанда менингококкты назофарингитпен ауыратын науқастар селқос, бозарған, адинамиялы болады, жұтқыншақ арты қабырғасындағы өзгерістер лимфоидты фолликулалардың гиперплазиясымен, гиперемиямен және ісінумен қатар жүреді. Бұл өзгерістер әсіресе жұтқыншақтың жоғарғы бөлігінде айқын аңықталады.
Менингит қалтыраудан, дене қызуының 39-40 0С ге дейін жоғарлауынан жедел басталады. Өте сирек жағдайда дене қызуы қалыпты болады. Науқастар басының ауырсынуына, қайталамалы құсуға шағамданады. Беттің гиперемиясы, қимылдардың қозуы көзге түседі (кішкентай балаларда өткір, монотонды айғай). Тітіркендіргіштердің барлық түрлеріне сезімталдығы жөғарылаған. Менингиальды симптомдар тез пайда болып айқыңдалады: шүйде бұлшықеттерінің тартылуы, Кернинг, Брудзинский симптомдары және с.т.б. Басында есі сақталады, кейін есеңгіреу, сопор, кома жағдайларымен ауысады.
Бірқатар жағдайларда бас-ми нервтері: көзқимылдатқыш, бет, есту нервтері зақымдалады. Мұндай ошақтық симптомдардың байқалуы менингоэнцефалит дамығанын көрсетеді. Соңғының ауыр ағымында бағаналық симптомдар: қарау парезі, нистагм, конвергенция, қимыл бұзылыстары пайда болады. Моно-және гемиплегия дамуы мүмкін.
Менингококкты инфекцияның бұл формаларында өлімнің негізгі себебі мидың ісінуі мен домбығуы болып табылады.
Менингиттің клиникалық диагнозы ликвордың мәліметтерімен дәлелденеді. Менингококкты менингитте тұнық ликворда санауға келмейтін нейтрофилдер есебінен айқын плеоцитоз байқалады- олардың құрамы 60-90% -ға жетеді.
Аурудың алғашқы сағаттарында, кейде күндерінде жұлын-ми сұйықтығы әлі мөлдір және аздаған нейтрофильды плеоцитоз болатынын ескеру қажет. Қабынуға қарсы ем нәтижесінде келесі кұндері нейтрофилдер пайызы азалды, ал лимфоциттер пайызы көбейеді. Ликворда белок құрамы 1,0-3,0 г/л, сирек одан да көп. Менингиттің ауыр ағымында қант және хлоридтер төмендейді.
Менингитте менингококкцемия жоқ болса, гемодинамика бұзылысы айқын емес. Пульс негізінен жиіленген, сирек баяулаған.
Уақытында және қажетті дұрыс емдегенде сауығу 10-14 күн ішінде байқалады.
Менингококкты инфекцияның жайылмалы формасына негізінен ауыр өтетін менингококкцемия жатады, оның негізінде буындардың, жүректің, бүйрек үсті бездерінің, терінің зақымдалуымен, тамырішілік тромбокоагуляциямен, токсемиямен жүретін қоздырғыштың гематогенді жайылуы жатыр.
Ауру жедел басталады ( науқастардың бірқатары аурудың басталған уақытын айтады) және қарқынды ағыммен сипатталады.
Қалтыраумен бірге дене қызуы 39-40 0С ге дейін жоғарылайды, жүрек айнуы, басының ауырсынуы, құсу, шаршау сезімі пайда болады. Ең тән клиникалық белгі бөртпе аурудың 5-12 сағаттарында пайда болады және негізінен бөксе, санда, балтырда, қолдарда, қабақтар аймағында орналасады. Ауыр жағдайларда бөртпе «жұлдызды аспанға» ұқсап бетте және денеде кездеседі. Көбінесе геморрагиялық бөртпе тән –қызыл, қою-қызыл, көк-қызыл. Бөртпе нүктелі элементтерден айқын қанқұюлулардан 5 тиындық және одан үлкен мөршерлі дұрыс емес пішінді жұлдызшалар түрінде болады. Мұндай элементтердің ортасында әр түрлі көлемдегі некроздар дамуы мүмкін. Кейде геморрагиялық бөртпе розеолезді немесе розеолезді-папулезді бөртпемен бірге байқалады; соңғысы менингококкцемияның жеңіл формаларында және тән геморрагиялық элементтерсіз болуы мүмкін (біздің мәлімеметтер бойынша науқастардың 5%-да)
Розеолезді –папулезді бөртпенің керідамуы пенициллинді бірнеше рет еккен соң тез болады.
Менингококкцемияда геморрагиялық бөртпемен қоса басқа да гемаррагиялық бөртпемен қоса басқа да гаморрагиялық көріністер: склераларға, конъюктиваларға, араңның шырышты қабаттарына, жүрек бұлшықетіне, бүйректер паренхимасына, бүйрек үсті бездеріне және ми затына қан құюлулар, асқазан мен жатырдан қаң кетулер, макрогематурия болуы мүмкін.
Жоғарыда берілгендерді өте немесе шамалы айқын жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілік синдромы толықтырады: тері жабындарының бозғылттығы, құрғақтығы аяққолдарының салқындығы, қатты шөлдеу. Гемодинамика бұзылыстары, жиі, әлсіз пульс тез анықталып, артериальды қысым төмендеп, диурез азаяды.
Мұндай ауыр ағыммен қатар менингококкцемияның орташа ауырлықта және тіпті жеңіл түрде өтетін формаларыда кездеседі.
Менингококкты инфекцияның әсіресе найзағай тәрізді формасы ауыр өтеді –«аса жедел менингококкты септик».
Бұл аурудың формасында патогенезінде және клиникасында инфекционды –токсикалық шок басты болып табылады. Менингококкцемияның найзағай тәрізді формасы жиі жақсы шыныққан, мықты жас адамдарда және балаларда- нормотрофиктарда байқалады. Ауру жедел басталумен, қарқынды ағыммен сипатталады. Аурудың алғышқы сағаттарында айқын қызба 40-41 0 С фонында ұсақ петехиялардан ортасында некрозы бар ірі қанқұюлуларға дейінгі геморрагиялық бөртпелер пайда болып тез дамиды (кейде көз алдында). Құлақ қалқандарының, мұрын, саусақтар ұштарының құрғақ некрозы болуы мүмкін. Құсу болады, кейде қанды, мұрыннан және жатырдан қан кетулер болуы мүмкін. Науқастар бозарып кезеңді түрде қозулшен алмасатын, есінен тану жағдайына енеді. Пульс жиі, әрең ұсталынатын, соңында сезілмейді. Қарқынды түрде артериальды қысым төмендейді. Терінің кейбір аймақтары мәйіт дақтарына ұқсас болуға ие болады. Олигурия немесе анурия. Дене қызуы басында жоғарылап кейін субфибрильды және тіпті. Субқалыпты сандарға дейін төмендейді. Ентікпе айқын. Қажетті дұрыс ем көрсетілмесе, ауру басталғаннан 6-48 сағаттан кейін, жүрек қызметінің тоқтау нәтижесінде өлім басталады.
Диагнозды зерттеудің лабораторлы әдістерімен дәлелдеу қажет. Менингококкты инфекцияның лаьораторлы диагностикасы бактериологиялық зерттеулерді: мұрынжұтқыншақ шырышын, қанды, ликворды себуді жүргізуден тұрады. Менингококк қоршаған ортада тұрақсыз екенін есте сақтау керек. Сондықтан материалды алған соң, қоректік ортағы сеуіп термостатқа қою қажет. Тура бактериоскопия әдісін және серологиялық реакцияларды (кезекпелі иммунды электрофорез әдісі мен геммаглютинация реакциялары) қолдануға болады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз нейтрофильді жылжумен, ЭТЖ жөғарлауы табылады.
Менингококты инфекция ажырату диагностикасы
Менингококкты инфекцияны ажырататын аурулар шеңбері жеткілікті түрде кең. Менингококкты менингитті жиі (45,9 %) жедел респираторлы аурулармен ажыратады. Аурудың жедел басталуы, дене қызуының жоғарлауы, гипертензионды синдромның болуы (басының ауырсынуы, құсу) участкелік дәрігерлерге менингококкты менингитке күмәндануға себеп болатын. Менингиальды синдромның жоқтығы ( шүйде бұлшықеттерінің тартылуы, Керниг, Брудзинский симптомдары) респираторлы синдромның айқындылығы, эпидемиологиялық анамнез (ЖРВИ мен ауыратын науқаспен қатынас) менингококкты менингит диагнозын алуға жол береді. Күмәнді жағдайларда диагнозды қоюға люмбальды пункция көмектеседі.
Басқа этиологиялы іріңді менингиттерді ( стафилококкты, пневмококкты) көкіріңді таяқшамен, сальмонеллалармен және с.т.б. шақырылған) басында менингококкты менингиттерден ажырату қиынға түседі. Менингококкты менингит менингококцемиямен қатар болғанда. Жағдай аңықталады, өйткені оған тән жұлдызшалы геморрагиялық бөртпе бірден диагноз қоюға мүмкіндік береді. Менингококкцемия жоқ болғанда, пенициллин мен левомицетин емінен нәтиже болмағанда және ауру қарқынды дамығанда менингококкпен емес, басқа микробпен шақырылған менингит деп есептеу қажет. Анамнезінде созылмалы немесе іріңді отит, гайморит, бас сүйек жарақаты және с.т.б. берілгендерінің маңызды зор.
Қортынды диагноз бактериологиялық және бактериоскопиялық берілгендер нәтижесінде қойылады. Біздің мәліметтері бойынша провизорлық бөлімде, менингококкты инфекция барына күмәнданнған науқастар әр түрлі этиологиялы іріңді менингиттері бар науқастар тек 0,7%-н құрады.
Паротитті және энтеровирусты, басқа этиологиялы серозды менингиттерді менингококкты менингитпен ажырату өте сирек жағдайда ғана жүргізеді. Паротитті менингит диагнозы клиникалық көріністер, ликвор ( лимфоцитарлы плеоцитоз), зәрде диастазаны анықтау негізінде, эпидемиологиялық анамнезді ескеріп қойылады.
Энтеровирусты этиологиялы серозды менингит негізінен көктем –жаз-күз айларында байқалады (тән мерзімдік ). Аурудың 4-5 күндері дене қызуының төмендеу фонында науқастардың бір бөлігінде иық аймағында тән орналасатын дақты-папулезді бөртпе пайда болады және эпидемиологиялық анамнездің маңызы да орын алады. Жұп қан сары сулар әдісін қолдану арқылы белгілі бір вирусқа вирусбейтараптаушы антиденелер титрінің өсуін байқауға болады.
Аурудың жедел басталуы, дене қызуының жоғарлауы, құсу, тырысу, кейде есінен тану жедел дизентерияның ауыр ағымында да болуы мүмкін. Мұндай науқастар менингит күмәнімен стацинарға түседі, алайда ауру басталғаннан 8-20 сағаттан кейін, дизентерияға тән колидистальды синдром пайда болған соң дұрыс диагнозды қоюға болады.
Менингококкты менингитті субарахноидальды қан құюлумен, пневмониямен, вакцинальды рекциялармен ажырату берілген аурулардың клиникалық симптомдары, аурудың даму қарқыны, эпидемиологилық ситуация мен люмбальды пункция негізінде жүргізіледі.
Диагностикалық қателіктердің жиі себебі болып менингококкцемия табылады. Оны грипптің токсикалық формасымен ажырату керек. Ауыр грипптің басталуы менингококкты инфекцияға ұқсас болады, бірақ гриппте геморрагиялық бөртпенің дамуы өте сирек кездеседі (жиі менингококкцемияда кекздеседі). Гриппта петехиялар болуы мүмкін, ал жұлдызшалы ірі бөртпелер, некроздар ешқашан болмайды. Бөртпе негізінен дененің жөғарғы бөлігінде, мойын аймағында орналасады. Диагностикалауға гематологиялық берілгендерде қажет болады.
Капилляротоксикоздарды, жиі балаларда менингококкцемия деп есептелуі мүмкін. Геморрагиялық элементтердің сипаты, ауыз қуысының шырышты қабаттарының зақымдалуы, қанда қабыну реакциясының жоқтығы және жалпы инфекционды-токсикалық синдромның болмауы, капилляротоксикозбен жүретін ауруды анықтауға мүмкіндік береді.
Аурудың жалпы ауыр ағымымен, жиі қолайсыз болжамды токсикалық эндокардитте тромбогеморрагиялық синдромның дамуы, ажырату дианозын өткізгенде қиындық туғазады. Біз септикалық эндокардиті бар бірнеше науқастарды бақыладық, олардың денесінде және негізінен аяқ қолдарының терісінде геморрагиялық бөртпелер мен кейбір фалангалардың некрозыда дамыған, алайда бұл бөртпе ешқашанда жұлдызшалы болмайды және ірінді ұшы бар бірнеше элементтер міндетті түрде болады. Септакалық эндокардитті анықтау: бұл науқастардың қанынан стафилококкты сеуіп алу берілген ауруды менингококкцемиядан ажырату мүмкіндік береді.
Менингококкцемия орнына сонымен қатар краснуха, қызылша, қызамық, кейде бөртпе сүзегі, геморрагиялық қызба, токсико-аллергиялық бөртпе және с.т.б. қате диагностикаланады. Берілген аурулар мен менингококкцемия арасында ажырату диагнозын өткізгенде, элементтердің сипаты және орналасу сипаты, гематологиялық көрінісі, науқастардың жалпы жағдайы, сонымен қатар менингококкты инфекцияда пенициллиннің жоғары дозаларын қолданғанда тез нәтиже болатыны ескеріледі.
Сондықтанда, менингококкты инфекцияның ажырату диагнозын өткізу, әрдайым жеңіл бала бермейді. Кейде динамикада бақылау, люмбальды пункция нәтижелері, лабораторлы тексерлерді жүргізу дұрыс диагнозды қоюға мүмкіндік береді. Сол себепті, менингококкты инфекцияға аздаған күмәндану болғанда, науқастар тәжірибелі инфекционисипен қаралу қажет.
Менингококты инфекцияны емдеу жолы
Стационар жағдайында емдеу. Төсектік тәртіп. ( жайылмалы формалары)
Этиотропты ем-бензилпеницеллин тұздары 500 мың Б кг-ға тәулігіне, әрбір 3 сағат сайын, ауыр жағдайларда және кеш госпитализацияда 800 мың Б-т 1 млн Б кг-ға тәулігіне. Менингококкцемияда пенициллин дозасы 200-300 мыңБ кг-ға дене салмағына тәулігіне құрайды.
Дегидратационды ем-осмодиуретиктар маннит (0,5-1,5 гр кг-ға дене салмағына тәулігіне); лазикс 1-3 мг/кг/тәулігіне калий препараттарымен бірге. Менингитте пенициллінді алу критерийлары болып табылады: ликвор санациясы (бақылаулы цитоз 1 мл-де 100 клетка лимфациттер басымдылығымен). Антибактериальды емнің орташа ұзақтығы 7-10 күн. Инфекционды-токсикалық шок дамығанда бірнеше перифериялық көктамырларға ағынмен сұйықтық енгізіледі ( РҚЕБ жағдайында ). Инфекционды-токсикалық шок емінде, гормональды емнің маңызды да зор.
- Инфекционды-токсикалық шоктың I дәрежесінде-преднизолон 2-5 мг/кг/тәулігіне тәуліктік тәртіпті сақтамай беріледі, дексазон 0,2-0,3 мг/кг.
- Инфекционды-токсикалық шоктың II дәрежесінде-преднизолон дозасы 10-15 мг/кг/тәулігіне дейін, дексазон 0,5-1,0 мг/кг жоғарлайды.
- Инфекционды-токсикалық шоктың III дәрежесінде-преднизоло 20 мг/кг/, дексазон 1,0 мг/кг.
Артериальды қысым тұрақты болғанға дейін допаминді минутада 5-10 мкг/кг дозада береді. ДТҰ синдромында-гепаринді 100-200 Б/кг/тәулігіне (1-ші фазада), 2-ші фазада 50-100 Б/кг/тәулігіне+жаңа мұздатылған плазма беріледі.
Тырысуға қарсы ем жүргізіледі-седуксен 0,1 мл/кг (бір реттік доза), ГОМК-натрий оксибутираты –20% ерітінді 50-100-150 мг/кг есебімен (бір реттік доза).
Менингококкты инфекцияны алдын алу
Жайылмалы формасы бар науқасты клиникалық сауығудан кейін және антибиотиктерді алғаннан кейін 3 күн өткен соң, мұрын жұтқыншақ шырышын 2 күндік интервалмен 2 реттік бактериологиялық зерттеуден кейін шығарады.
Жергілікті формасы бар науқасты 7 күн ішінде санациялайды (пероральды эритромицин 40 мг/кг/ тәулігіне немесе ампицилин 100 мг/кг/тәулігіне) және клиникалық сауығудан кейін және мұрын жұтқыншақ шырышын 1 реттік зерттеуден кейін шығарады.
Қатынаста болғандарды 10 күн бойы бақылайды. Ошақтарда қатынаста болғандарға гамма-глобулин енгізізеді (0,2 мл/кг бір рет).
Менингококкты инфекциядан кейінгі реконвалесценттерді балалар мекемелеріне мұрын жұтқыншақ шырышын 2 реттік зерттеулер теріс болғанда жіберіледі, анализді 2 күндік интервалмен жүргізеді, антибиотиктерді алғаннан кейін 3 күн өткен соң және стационардан шыққаннан кейін 5 күн өткен соң бір рет анализді алады. Менингит және менингоэнцефалит реконвалесценттері шыққан соң, 2 жыл бойы неврологта бақыланады.
ИТШ емі.
ИТШ І дәрежелі.
Препараттар көктамырға еңгізіледі.
- Преднизолонның алғашқы 1/2 тәуліктік дозасы енгізіледі: (ТД – 10 мг/кг, 1/2 гидрокартизонға ауысады),
- 12,5 мг/кг (25 мг/кг тәулігіне). Солукортеф – к/т-ға.
- Гепарин к/т-ға, ТД – 200 – 300 Бірлік/кг, 4 қабылдауға.
- Левомицитин сукценаты 25 мг/кг бірретке (100 мг/кг тәулігіне – 4 енгізуге).
- Реополиглюкин глюкозамен к/т-ға тамшылатып 50 – 80 мл/кг, С вит, ККБ К+ препараттары, 2% трентал 2 мг/кг гидрокарбонат натриймен, 10% глюкозамен 50 мл;
- Жүрек прапараттар.
- Дегидратация – 1% лазикс – 3 – 4 мг/кг/ тәулігіне, 3 – 4 қабылдауға, 2,4% эуфиллин – 0,1 мл/кг, 1 мл жасына (Б.Д.)
Оксигенотерапия, симптоматикалық ем.
ИТШ ІІ дәрежелі.
Препараттар бір көк тамырға енгізіледі.
- Преднизолонның ½ тәуліктік дозасы (ТД – 30 мг/кг), яғни түскенде – преднизолон 15 мг/кг, гидрокартизон 25 мг/кг, дексазон 0,75 мг/кг (1,5 мг/кг тәулігіне).
- Гепарин 300 – 400 Бірлік/кг, 4 қабылдауға к/т-ға.
- Левомицитин сукцинаты 25 мг/кг бір ретке (100 мг/кг тәулігіне – 4 енгізуге)
- Реополиглюкин к/т-ға ағынмен 100 – 200 мл жасына байланысты АҚ қалыптаспаса – допамин, мезатон.
- Қ/т тамшылатып 80 – 100 мл/кг (альбумин, реаполиглюкин, глюкоза), С витамині, ККБ, калий препараттары, 2%ентал – 2 – 3 мг/кг/тәулігіне глюкозамен, бикарбонат натрий 2 – 3 мл/кг.
- Жүрек препараттары.
- Протеоза ингибиторлары контрикал 500 – 1000 Бірлік/кг Б.Д. тәулігіне 2 – 3 рет.
- АҚ тұрақтанғанда – лазикс, эуфиллин,
- Бас ми ісінуі болғанда – 15% маннит – 1 г/кг тәулігіне.
- Оксигенотерапия, симптоматикалық ем.
ИТШ ІІІ дәрежелі.
Препараттар бір уақытта екі көктамырға енгізіледі:
І – көктмырға:
- Гормондар – преднизолон 50 – 70 мг/кг тәулігіне, солюкортеф – 100 мг/кг, дексазон – 205 мг/кг;
- 1 енгізуге: преднизолон 12 – 15 мг/кг, дексазон 1,75 мг/кг,
- Гепарин 300 – 4000 Бірлік 1 кг тәулігіне, 4 қабылдауға,
- Левомицетин сукцинаты 25 мг/кг, тәуліктік 100 мг/кг 4 енгізуге;
ІІ – көктамырға:
- Рефортан к/т-ға ағынмен – 200 – 300 мл/кг; к/т-ға тамшылатып – 100 – 120 – 150 мл/кг;
- Бикарбонат натрий (сода) – 2 – 3 мл/кг;
- Жүрек препараттары;
- Контрикал, гордокс 500 – 1000 АТЕ бір реттік доза тәулігіне 3 – 4 рет;
- Бас ми ісінуі болғанда 15% маннит – 1 г/кг тәулігіне,
Оксигенотерапия, симптоматикалық ем.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: