Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба (геморрагическая лихорадка с почечным синдромом) –қызба, интоксикация, бүйрек зақымдалуымен және геморрагиялық синдроммен көрінетін жедел зоонозды табиғи ошақты вирусты инфекциялық ауру.

Ауру әртүрлі жолдармен беріледі.

Ашылу тарихы:

  • 1913 жылы ауру алғаш сипатталып, 1932 жылы орыс ғалымдары Сібірден толықтай зерттеп анықтама берді.
  • Вирустық этиологиясы 1944 ж. А.А. Смородинцев анықтады.
  • Ұқсас аурулар көптеген мемлекетте табылғанымен осы аурудың вирусы тек 1976 жылы оңтүстік корея ғалымдары бөліп алды.
  • Аурудың таралу аумағы өте кең, Еуразия материгінің орманды және орманды дала аумағын қамтиды.

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба этиологиясы:

Қоздырғышы –Hantavirus тұқымдастығының вирусы. Арбовирустарға жататын түрі.
Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба табиғи ошақты ауру. Ауру көзі –кеміргіштер мен улы жәндіктер. Қазақстанда негізгі таратушылар болып орман тышқаны, егеуқұйрық және басқа кеміргіштер жатады. Олар сипмтомсыз инфекцияны зәр және фекалиямен таратады. Сол аумақта шаңды жұтқанда, гүл иіскегенде, су ішкенде ауру вирустарын жұқтырады.

Патогенезі: Ауру патогенезі толықтай зерттелмеген. Қоздырғыш ағзаға тыныс алу жолдарының, асқорыту жолдарының шырышты қабатынан, теріден енеді. Вирустың алғашқы репликациясы макрофагальді –моноцитарлы жүйеде жүріп, вирусемия туындайды. Оның көрінісі болып интоксикация, генерализденген васкулит соның әсерінен плазморея, тромбогеморрагиялық синдром, бүйрек зақымдалуы пайда болады.

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба клиникалық көрінісі

Инкубациялық кезең4-49 күнге созылады. Аурудың 4 периоды анықталады олар:

  1. Бастапқы (қызбалық);
  2. Олигоуриялық;
  3. Полиуриялық;
  4. Рековалисценция кезеңі;

Аурудың ағымы жеңіл қызбалық түрден өте ауры, өлімге алып келетін түрге дейін жүруі мүмкін.

Ауру дене температурасының жедел жоғарылауымен, интоксикация көріністерімен басталады. Температураның 38-40 С жоғарылауы бас ауру, миалгиямен қосылады. Науқастар шөлеу, ауызының құрғауы, көрудің нашарлауы (көз алдында сетка тұрғандай сезім) шағымданады.

Қарау кезінде беттің гиперемиясы, склера тамырларының инъекциясы, мойын және жоғары кеуде бөлімінің гиперемиясы.  Алғашқы күндерінде пульс жоғарылаған, кейін брадикардия және артериальді гипотензия туындайды.

Аурудың 2-3 күнінде немесе кейінрек, қанағыштық көріністері байқалады: конъюнктива қанталауы, кейінен склерада, жұмсақ таңдайда да көрініс береді. Кейбір жағдайларда мұрыннан, ішектен, жатырдан қан кету, макрогематурия байқалуы да мүмкін.

Науқастардың кейбіреулерінде алғашқы күннен бастап белінің тұйық ауруы, ұрғылау симптомының оң болуы байқалады. Құсудың іш ауруымен бірге жүруі мүмкін.

5 күнен кейін дене қызуы түсіп, температура субфебрильді немесе қалыпты болады. Олигуриялық кезең температураның түсу кезінен басталады. Осы кезден бастап науқас жағдайы одан әрі қиындай түседі. Осы кезеңнің негізгі көрінісі диурез төмендеуі, бел аумағының ауырсынуы күшею немесе пайда болуы. Тері жабындылары түссіз, геморрагиялық көріністерің күшеюі байқалады. Асқорыту жүйесінен метеоризм, сұйық нәжіс, кекіру байқалады.

Науқастар адинамиялық, сопор, есінің төмендеуі байқалады. 9-12 күннен бастап ауру полиуриялық кезеңге ауысады. Диурез жоғарылап тәулігіне 3-8 литр (қалыптыда 1,5 л) құрайды. Бел аумағындағы ауру мен геморрагиялық көріністер жоғалады. Науқастар белсенді, тәбетінің қалпына келуі көрінеді. Бірақ әлі де шөлдеу, әлсіздік, ентігу сақталады.

Реконвалисценциия кезеңіне ауысу баяу жүреді. 10-15 күннен бастап диурез қалыптыға дейін төмендеп, шөлдеу және физикалық әлсіздік жоғалады. Аурудың ауырлығына байланысты бұл кез бірнеше күннен бастап, айға дейін жетуі мүмкін. Бүйрек қызметінің бұзылуы (каналшалық жетіспеушілік) бірнеше айдан 8 жылға дейін сақталуы мүмкін.
Асқынуы: инфекциялық токсикалық шок, Жедел бүйрек жетіспеушілігі, ми ісінуі, өкпе ісінуі, массивті қан кетулер, ми затына қан құйылу, пневмония, пиелонефрит.

Диагностикасы

  • Бастапқы сатыда қан анализінде лейкопения, нейтрофильдердің солға жылжуы, тромбоцитопения көрінеді.
  • Олигоуриялық кезде лейкопения нейтрофильді лейкоцитозбен алмасады. ЭТЖ жоғарылайды және тромбоцитопения. Биохимиялық қан талдауында азотемия туындап, креатинин және мочевина жоғарылайды. Натрий және калий төмендейді. Ауыр жағдайларда гипергликемия және метаболитикалық ацидоз туындайды.
  • Бастапқы сатыда зәр анализінде әлсіз протеинурия және қанның формалы элементтерінің жоғарылауы көрінеді. Олигурия туындау изогипостенурия, массивті протеинурия (10-30г/л және одан да көп), микрогематурия, бүйрек эпителийі жасушалары.
  • Полиуриялық кезеңде және реконвалисценция кезеңінде ұзақ уақыт бойы изогипостенурия сақталады.

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба емі

  • Науқастарды дереу госпитализациялау керек. Тасымалдау кезінде бүйрек жыртылуы болмас үшін абайлау керек. Төсек режимі көрсетілген. Диета (№7 стол) ұсынылады.
  • Вирусқа қарсы препараттар (рибавирин) алғашқы 3 тәулікте ғана тиімді. Рибавинді 0,2 г. 4 рет тәулігіне 5-7 күн бойына тағайындайды.
  • Емнің негізі болып патогенетикалық –дезинтоксикациялық ем жатады. Декстроза (глюкоза) ертіндісін енгізу, ауыр жағдайда глюкокортикоидтарды 0,5-3,0 мг/кг тағайындайды. Протеаза ингибиторлары, гепарин препараттары гемостаз көрсеткіштері бойынша тағайындайды. Олигоанурия дамығанда плазма ультрафильтрациясы және гемодиализ жасау қажет.

Болжамы: Аурудың болжамы аймаққа және аурудың өтуіне байланысты. Еуропа, Урал, Украина аумағында өлім көсеткіші 1% аспайды. Ресейдің шығыс бөлімі, Қытай аумағында 3-10% деңгейінде. Қазақстанда өлім көрсеткіші жайлы нақты мәліметтер жоқ. Жазылған адамдарда бүйрек функциясы қалпына баяу болса да, келеді. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамымайды.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!