Эректильды дисфункция

Эректильды дисфункция

Жыныстық акті орындауға қажетті эрекцияны жыныс мүшесінің ұстай алмауын эректильді дисфункция деп атайды.

Этиологиясы (пайда болу себебі): 50–70% жағдайда органикалық бұзылыстар эректильды дисфункцияның себебі болып табылады. Эректильды дисфункцияның басты себептері төмендегі кестеде көрсетілген.

ПсихологиялықКүйзеліс, қорқыныш, психикалық бұзылыстар
Дәрілік препараттар, интоксикациялар.Алкоголь, гипотензивті дәрілер (диуретиктер, α-адренолокаторлар), циметидин, марихуана, героин, метадон, трициклдік антидепрессанттар, бензодиазепиндер, дигоксин, эстрогендер
Эндокринді ауруларГипогонадизм, гиперпролактинемия, қант диабеті, қалқанша без қызметінің бұзылыстары
Неврологиялық ауруларЖұлынның патологиясы, перифериялық және автономды нейропатия, шашыранды склероз
Қантамырлық патологияҚантамырлардың окклюзиялы аурулары, жарақаттар, қант диабеті, көктамыр жеткіліксіздігі
Басқа да себептерСырқаттың дамуын нашарлататын гемохроматоз, еркек жыныс мүшесінің ақаулары, простатэктомия

Патогенезі. Эрекция бұзылыстарының біріншілік психогенді себептері әлеуметтік ортада және тәрбиеде жатыр. Екіншілік бұзылыстар жедел дамып, нақты бір жағдаймен, қорқынышпен, сәтсіз аяқталған тәжірибені еске түсірумен байланысты дамиды. Еркек жыныс мүшесі қанайналымының бұзылуы 50–80% жағдайда органикалық генезді эректильды дисфункцияға тән. Ол артериялық қанайналымның (атеросклероз) немесе кавернозды дене окклюзиясының бұзылысынан дамуы мүмкін. Эректильды дисфункциямен көптеген неврологиялық сырқаттар ұштасады. Эрекция жұлынның жоғарғы бөліктері зақымданған науқастардың 95%-да және кұйымшақ бөлігі зақымдалған науқастардың 25%-да ғана сақталады. Эректильды дисфункцияның 5%  эндокринді аурулар әсерінен дамиды, яғни эндокринді патология көрініс берген ер адамдар арасында эректильды дисфункцияның жиілігі өте жоғары. 6 жылдан көп қант диабетімен сырқаттанған науқастардың 50 %-да эректильды дисфункция көрініс береді.

эректильді дисфункция
Эректильді дисфункция

Эпидемиологиясы. Ер адамдардың 10 %-да және 70 жастан асқан ер адамдардың 50%-да дамиды. 40 жастағы ер адамдардың 5 %-ы толық эректильды дисфункцияға және 15 %-ы жартылай эректильді дисфункцияға шағымданады. Эректильды дисфункция жиілігі ЖИА-ның жиілігімен салыстырғанда екі есе жоғары.

Клиникалық көрінісі. Эрекцияның бұзылуы гипогонадизм симптомдарымен немесе эректильды дисфункцияның дамуына әкелетін сырқаттардың симптомдарымен ұштасады.

Диагностикасы

  1. Анамнез. Эректильды дисфункцияның басталу уақытын, ұзақтығын және үдемелі дамуын (кенеттен басталуы психогенді дисфункцияға тән), түнгі және таңғы эрекцияның болуын (аталған симптомдардың көрініс бермеуі дисфункцияның органикалық табиғатты екенін көрсетеді), гипогонадизм симптомдарын (либидо төмендейді) анықтайды. Қабылданатын алкоголь көлемі, психобелсенді заттар мен дәрілік препараттар саны сұрастырылады.
  2. Физикалық зерттеу: аталық без пальпациясы, еркек жыныс мүшесі ақауын жоққа шығару.
  3. Зертханалық зерттеу: тестостерон, ЛГ, ФСГ, пролактин мөлшері, аш қарынға гликемия, ТТГ, бауыр трансаминазаларын, креатинин және т.б. анықтау.
  4. Аспаптық зерттеулер (көрсеткіштер бойынша): еркек жыныс мүшесінің доплерлік УДЗ-сі (артериялық және венозды қанайналымды бағалау); вазодилятаторлардың интракавернозды инъекциясы (папаверин, простагландин Е1)— эрекцияның дамуы дисфункцияның қантамырлық генезін жоққа шығарады.

Салыстырмалы диагностикасы. Эректильды дисфункцияны шақырған себептер арасында салыстырмалы диагностика жүргізіледі.

Емі

1. Этиотропты ем: гипогонадизм кезінде андрогендермен орынбасушы терапия, гиперпролактинемия кезінде дофаминомиметиктермен терапия, психотерапия және т.б.

2. Симптоматикалық ем:

  • фосфодиэстераза ингибиторлары (силденафил, тадалафил, варденафил);
  • простагландин Е1-мен интракавернозды инъекция;
  • хирургиялық ем (реваскуляризация, протездеу).

Болжамы. Эректильды дисфункцияның дамуына әкелген себептермен анықталады

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!