Қуық-несепағар рефлюксі (ҚНР) қалыпты жағдайда рефлюксті болдырмайтын қуық-несепағар өзегінің аномалды құрылысына байланысты болады, ол несептің несепағармен қуықтан кері ағуымен сипатталады. ҚНР — балалардағы несеп шығару жүйесінің жиі кездесетін ауытқуы [6]. Бұл мәселе бүкіл әлемде балалар нефрологы мен урологтарының үнемі талқылауында. Себебі оның таралуы, анықталуы, емі, болжамы жөнінде көп тәжірибе жиналса да, әр ауру жөнінде көп сұрақтар туындайды. Бұның бірнеше себептері бар:
- ҚНР табиғаты әр түрлі болуы мүмкін. Олар:
– біріншілік немесе екіншілік;
– туа пайда болған немесе жүре пайда болған;
– генетикалық детерминирленген немесе кездейсоқ;
– тұрақты немесе қайталанатын;
– шағын, аздаған немесе ауыр болуы мүмкін.
Дәлелді медицинаға сай келетін проспективті рандомизация жасалған ҚНР-ға арналған ғылыми тексерулер аз. Оларды ұзақ бақылап, қорытындылау оңайға түспейді. Тек екі зерттеу ғана, жедел бүйрек жетіспеушілігінің жиі шабуылын есептемегенде, хирургиялық ем консервативті емге қарағанда артықшылығы жоқ екенін көрсетті. ҚНР бар балаларда микробқа қарсы препараттарды алдын алу үшін қолданылады, бірақ дәлелді деректер толық емес. Осы зерттеуге қатысқан барлық науқастар жіті қадағалауда болды және НШЖИ рецидиві кезінде жедел терапиялық көмек алды. Бірақ күнделікті өмірде бұл жиі қолданылмайды. Диагностика да, рецидив емі де кешіктіріледі. Сондықтан жедел ПН қайталанса, балалар қатаң медициналық бақылауда болуы керек. ПН көрінісі жіті несепті тексеруді және емді қажет ететін жедел жағдай болып табылады, сондықтан ата-аналары оның қаупі жөнінде мағлұмат алуы тиіс.
- Тәжірибелі маман УД-пен тексергенде патология болмаса, жедел ПН-тің алғашқы көрінісінде барлық балаларда ҚНР-ті анықтауға тырысу керек пе? Бұл сұрақ осы уақытқа дейін талқылануда. Көптеген дәрігерлер — балалар радиологтары, нефрологтары және урологтары микционды цистографияны тек, балаларда жедел пиелонефрит табылса ғана жасалу керек деп санайды. Жиі УДЗ-да ҚНР-тің кіші дәрежесінде (I және II) көрінбейді, бірақ олар қауіпті болып саналмайды деген түсінікке консенсус бар. Әр кезде ҚНР мәселесін дұрыс шешу дәрігерлер арасында бірнеше негізгі факторларға негізделуі керек.
- Айқын ҚНР (IV және V дәреже) негізінен туа біткен болады және гипоплазия немесе дисплазия деп аталатын бүйрек паренхимасының даму аномалияларымен қосарласады (төменнен қара). Көбінесе олар — ұлдар. Әсіресе, НШЖИ қабатталса, бұл балалар БСА-ның терминалды сатысына үдейтін қауіп тобына жатады. Бұларға барлық жағдайда микробқа қарсы алдын алу емін тағайындау қажет, жиі оперативті ем жүргізіледі. Бұл балалар ұзақ бақылауды және нефропротективті емді қажет етеді (мысалы, ААФи және т.б.).
- Орташа ҚНР жиі жүре пайда болады, олар сфинктер мен қуықтың дисфункциясына байланысты екіншілік түрде дамиды. Көбінесе ерте жастағы қыздарда кездеседі. Қуықтың дисфункциясы кетсе, ол да көп науқастарда жоғалып кетеді. ҚНР жиі НШЖИ-мен қосарланады, ол қуықтың дисфункциясын өршітеді. Сондықтан ұзақ антибактериалды емді жүргізу негізгі деп саналады. Сонымен қатар, дисфункцияның нәтижесінде дамитын қуықтағы жоғары қысым бүйректің семуіне әкеледі. Науқастардың аздаған тобында бүйректің созылмалы зақымдалуы — Хинман синдромы болуы мүмкін. Хирургиялық араласулар қарсы көрсетілген, өйткені, ол қуықтың қызметін нашарлатуы мүмкін.
- Антирефлюксті операция кейбір ауыр ҚНР бар науқастардың таңдау әдісі болып саналады. Бүгінгі таңда эндоскопиялық әдіс пен ашық хирургияны лапароскопиялық техника толықтырды. Эндоскопиялық әдіс орташа ҚНР кезінде қолданылады, ал ҚНР-тің жоғары дәрежесінде хирургиялық коррекция жасалғаны дұрыс. Рефлюкс-нефропатия. ҚНР кезінде тостағаншаға жақын орналасқан қыртысты қабаттың жергілікті немесе жалпы жұқаруы болса, оны рефлюкснефропатия деп атайды. Бірақ ҚНР болғанда бүйрек паренхимасының зақымдалуының екі бөлек нұсқасын ажыратады.
- Айқын туа пайда болған рефлюкс (IV және V дәрежелі) жиі бүйректің гипоплазиясы мен дисплазиясымен бірге болады (гиподисплазия). Гистологиялық суреті несеп шығару жүйесіндегі қысымның құрсақішілік жоғарылауының нәтижесінде дамитын қыртысты гипоплазиямен және медуллалы дисплазиямен сипатталады. Осыған ұқсас сурет обструктивті уропатияның әр түрлі түрлерінде кездеседі (пиелоуретралды обструкция, артқы үрпі қақпақшасы және т.б.). Нефропатияның бұл нұсқасы бүйректің даму ақауына жатады да, НШЖИ-на ешқандай қатысы жоқ.
- ҚНР-мен қосарланатын жүре пайда болған нефропатия. Оның себебіне жедел ПН-ның бір немесе қайталамалы көріністері жатады, олар екіншілік сегментарлы семуіне әкеледі. «Постпиелонефритикалық немесе постинфекциялық бүйректің тыртығы» термині осы жағдайды сипаттайды. Әдебиетте жиі көп айтылмайтын ҚНР-ның осы екі түрінің бөлінуінің маңызы зор, өйткені жүре пайда болған бүйрек зақымдалуын ерте диагностикалау арқылы, әсіресе жедел ПН-ті тез емдеу арқылы алдын алуға болатын жағдай. Шынымен де, жүре пайда болған жедел ПНның қайталамалы көріністері ауыр нефропатияға әкеледі.