Педиатрлар балалардағы несеп шығару бұзылыстары бүйректің органикалық ақауларына ғана байланысты емес, көбіне ондай өзгеріссіз болатынын білуі керек. Бұлар — дәретхананы әлі қолдана алмайтындай өте кішкентай балалар немесе оларда қуық сфинктері әлі жасына сәйкес емес, сондықтан қуықтың функционалды бұзылыстары бар. Себебін анықтау қиынға түсетін әр түрлі дамудың кідірісімен шақырылады. Несеп шығарудың функционалды бұзылыстары бар науқастарға, әдетте «қуықтың дисфункциясы» не «қуық — сфинктерлі дисфункциясы» термині қолданылады.
Анықтамасы. Халықаралық балалардағы шыжың ауруын зерттейтін қоғам (ICCS), жасөспірімдер мен балаларда төменгі несепшығару жолдарының дисфункциясын анықтайтын стандарттар ұсынды. Ең маңыздыларын келтірейік:
- Шыжың ауруы (күндіз несепті ұстай алмау), үзілісті (функционалды) немесе үздіксіз болады. Соңғысы туа пайда болған бұзылыстарға, мысалы несепағардың эктопиясы немесе ятрогенді зақымдалуларға байланысты (мысалы, қуықтың үшбұрышына немесе мойын аймағына жасалған операциялар)
- Энурез — түнгі уақытта несепті ұстай алмау, анығырақ болу үшін «түнгі» деген сөзді қосуға болады. Энурез моносимптомды және моносимптомды емес болып бөлінеді, яғни энурез төменгі несеп шығару жолдарының басқа да симптомдарымен қосарласады: күндізгі несеп ұстай алмаушылық, жіті несепке шақырулар және т.б. несепті жібермеу үшін істелінетін әрекеттер (аяқтарын қысу, бүгу т.б.).
- Гипербелсенді қуық — жіті несеп шығаруға қатысты «қуықтың тұрақсыздығы» деген көне терминнің орнында қолданылады.
- Гипобелсенді қуық — несепті сирек шығаратын балаларда кездесетін, әр түрлі әрекеттер арқылы құрсақішілік қысымды жоғарылатуды талап ететін қарама-қарсы жағдай. Бұл термин бұрынғы «еріншек қуық» деген терминді алмастырды.
Клиникалық белгілері. Қуық-сфинктерлі дисфункцияның (ҚСД ) негізгі екі түрі бар:
1) детрузордың тежеусіз жиырылуының нәтижесінде пайда болатын қуықтың толу фазасына байланысты түрі. Клиникалық көріністері жіті шақырулар;
2) «дисфункционалды несеп шығару» деп белгіленеді.
Бұл уретралды сфинктердің үздіксіз немесе оқтын-оқтын жиырылуына байланысты болатын несеп шығару түрі. ҚСД жеңіл түрден ауыр түріне дейін көптеген клиникалық көріністермен сипатталады. Қайталамалы НШЖИ ҚСД-ң айқын клиникасының көріністерінің бірі. Жиі қыз балаларда кездеседі. Көбіне төменгі несеп жолдарында дамиды. Алайда ерте жастағы балаларда пиелонефрит дамуы сирек болады деуге болмайды. Қайталамалы цистит себебі — толық босамаған қуықта қалдық несептің болуы. Гипербелсенді детрузор туғызатын несеп шығуының бұзылысы (дисфункция) ҚНР дамуына әкелуі мүмкін, оның себебі — қуықтағы қысымның жоғарылауы және қайта-қайта пиелонефриттің дамуы. Пиелонефриттің қайталануы бүйректің семуіне әкелуі мүмкін. Үзілісті несепті ұстай алмау — 5 жасқа дейінгі балаларда болатын ҚСД-ң тағы бір көрінісі.
Несеп шығып кетуі әр түрлі болады: не күн сайын, кейде анда-санда, кейде бірнеше ғана тамшы, кейде көбірек шығып кетеді. Жиі несептің шығуы және жіті несеп шақырылуы — ҚСД-ң белгілі көріністері.
Бұл балаларда жиі несеп шығару күндіз болады, кейбір кезде шыдатпай қуықты босатуға жіті шақырылу болып, бала несепті шығармау үшін әр түрлі әрекет етуге мәжбүр болады, бірақ несеп не дегенмен шығып кетеді. Кідірту әрекеттері ҚСД-нің жеке белгісі, бірақ көбіне несептің кенет шақырылуымен, несеп шығуы, не несептің кешігіп шығуымен, сонымен қатар қайталамалы НШЖИ-мен бірге көрінеді. Кідірту әрекеттері — сандарын қысу, сыртқы жыныс мүшелерін қолмен қысу, жамбасымен өкшесіне отыру, не тізесіне отыру. Энурез де сирек кездеспейді, бірақ анамнез оның әр түрлі табиғатын анықтауға көмектеседі. Бұл балаларда іш қату және үлкен дәретті ұстамау (энкопрез) жиі кездеседі.