Несеп тас ауруы

Бүйрек – несеп шығару жүйесінің орталық ағзасы- адам өміріне деген ең маңызды ағзаның бірі. Бұл біздің ағзамыздағы нағыз фильтр, зат алмасу өнімін шығарып отырады. Бүйрек ішінде ерекше құрылыс – оның тостағаншалары, олар түбегіне ашылады. Бұл жерде бізідің ағзамыз артық ие сияқты, кей-кезде лақтыратын затты алып қалады, яғни зиянды тастарды. Фосфорлы және зәр тұздарының зәрде жиналуынан тастар пайда болады. Қалыпты жағдайда әр түрлі қорғаныс заттардың секрециясынан және зәрдің қалыпты РН-тың нағыз механизмінен бүл тұздар еріп және ағзадан шығады. Бірақ олар белгілі бір шарттардың әсерінен кристалданады, топтасып және баяу қатайып, тастардың қалыптасуы болады.

Бүйректегі тастардың пайда болуы толық зеттелмеген. Зат алмасу бұзылысы белгілі бір рөл атқарада: фосфорлы-кальцилы, қымыздық қышқылдың, зәр қышқылының бұзылысы. Зәрде тастың түзілуінде маңызды факторлардың бірі болып, бүйректе және зәр жолдарында зәрдің екінші рет түзілу функциясынан пайда болады.

Фосфорлы-кальцийдың алмасудағы бұзылысын шақыратын қалқанша бездің гиперфункциясы, ішкі секреция бездерінің бұзылысы – бүйрек тас-ауруының жоғарғы қаупі.

Бүйрек тас ауруынуролитиаз деп аталады. Бүйрек тастары көптеген жағдайда операция жасауды талап ететін сырқат. Тастар бүректің ішінде, оның табақшаларында, түбекшесінде немесе несеп ағарда табылады.

бүйректегі тастар

Бүйректегі тастардың химиялық құрамы, көлемі әртүрлі болып келеді. 

Химиялық құрамы бойынша:

  • бейорганикалық: кальций оксалаттары, кальций фосфаттары, ураттар, магний фосфаты.
  • органикалық: цистинді, ксантинді. 

 

Клиникалық көрінісі:

Бұл ауру көбінесе жас адамдарда көп  кездеседі. Тастардың болуы урадинамиканың бұзылысын шақырмаса, клиникалық көрінісі көрінбейді. Бел аймағында сыздап, катты ауырсыну болады.

бүйректегі тастардың ауруы

Зәр инфекциясының қосылуынан бірінші жоспарға созылмалы пиелонефрит симптомы шығады. Обструкция кезінде клиникалық көрініс жеткілікті. Бүйректік колика аяқ-астынан және физикалық жүктемеден кейін жиі кездеседі немесе сүйық көп қабылдағанда. Ол кезде: құсі, журек айну, жиі, аз мөлшерде зәрдің бөлінуі. Бүйрек коликасында зәрдің түсі – қызыл (қанмен боялған).

Коралл тектес тастың бүйректе болуындағы жалпы симптомы: әлсіздік, тежелу, бас ауру. Іштің төменгі бөлігінің ауруы – тастың қуықта болуы. Зәр анализінде жиі гематурия болады.

Несептің сыртқа шығарылуы диурез деп аталады. Тәулігіне ересек адамдарда 1,5 л-дей зәр шығарылады. Оны тәуліктік диурез деп атайды.

Тәуліктік диурездің өзгерістері:

  • Полиурия – несеп шығарылуының тәулігіне 2-15 литрден астам көбеюі.
  • Олигурия – зәр шығарылуының тәулігіне 500-600 мл-ге дейін азаюы.
  • Анурия – несеп шығарылуының болмауы.
  • Поллакиурия – несептің жиі шығарылуы.
  • Олакизурия – несептің сирек шығарылуы.
  • Никтурия – несептің түнде көп шығарылуы.

 

Экскреторлы урографиядағы бүйрек тастарының көрінісі

Жасқа сай ерекшеліктері:

Нәрестелерде нефрон туғанға дейін қалыптасқан болып келеді. Жаңа туған балада бүйректік плазма ағысы және гломерулярлы фильтрациясы төмен. Бір жастан кейін қалыптаса бастайды. Нәрестелердың бүйрегінде зәрдің осмостық концентрациясы жеткіліксіз, АДГ әлсіз әсер етеді, ол дегеніміз көптеген бүйрек элементтерінің құрылымының жетілмеуімен байланысты. Балалардың өмірінің бірінші айында зәрде және қанда мочевина концентрациясы, сонымен қатар бүйректің милы затында төмен.

Емі.

Несеп тас ауруының емдеудегі дәрігер мақсаты:

а) ауырсынуды, шаншуды басу:

б) тасты несеп жүйесінен шығару:

в) инфекциялық қабынуды басу:

г) тас пайда болуының себептерін жою:

д) несеп тас ауруының пайда болуының алдын алу:

Бүйрек тас-ауруының емі бүйрек коликаларына және тастарды алуға бағытталған. Бұл аурудың шешімін табу үшін уролог маманынан кеңес алу керек. Өздігінен ұсақ, майда диаметрі 10 мм тастар ғана кетеді.

Тас несеп ағардың төменгі бөлігінде орналасса-Лорин-Эпштейн блокадасымен коликаны басуға болады: 40-60 мл 0,5% новокаин ерітіндісі еркектердің шәует бауы немесе әйелдердің жұмыр жатыр байламына енгізеді.

Консервативтік терапия

Дәрі-дәрмекпен, диета сақтау, санаторлы-курортты емдеуден тұрады. Ұсақ тастарды шығару үшін – олиметин, энатин, пинабин, цистенал, уролесан, роватин, роватинекс, артемизол және т.б дәрілер қолданылады.

Тері арқылы нефролитотомия

Бүйрек түбекшесіндегі және несепағардың жоғарғы бөлігіндегі кіші көлемді тастар тері арқылы енгізген нефроскоппен көрінеді. Тастар қысқышпен ұстап шығарылады. Тасардың қалдықтары нефроскоп арқылы шайылады немесе тқмен қарай өзінен өзі несепағармен шығады.

Ретроградтық оперативтік уретроскопия

Оперативтік уретероскоппен тікелей көзбен бақылап-тастарды уатылау, экстракциялау немесе ультрадыбыспен уатылау жасалынады.

Уретроскопия

Несепағардың тастарына ерте оперция жасаудың көрсетімдері:

1.Тас инфекциялы гидронефрозға ұластырса – жедел тасты алып тастау қажет.

2.Тас көлемі 4 мм-ден үлкен және несепағарға сыналана еніп тұрса, уретролитотомия операциясын қолдану қажет.

3.Ұршық тәрізді 4 мм кіші тас несепағардың төменгі бөлігінде орналасса-тасты Дормиа экстрактарымен алп тастайды.

Бүйректен тастарды алып тастауАшық әдіспен тастарды алу

 

Қортындылай келгенде іріңді пиелонефрит, жекеленген абсцесс, пионефроз, іріңді пери- және паранефрит дамиды. Осы өзгерістер уросепсиспен аяқталуы мүмкін. Ауру өліміне осы асқыну түрлері алып келеді.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!