Жергілікті және шектелген перитонит

Жергілікті және шектелген перитонит

Жергілікті перитонит – бұл аурудың алғашқы сатысы. Қабыну ошағы айналасында бітісулердің түзілуі, іріңдік түзілуі мен қалталанған перитониттің пайда болуына алып келеді. Жиі шектелген перитонит құрсақ қуысындағы периаппендикулярлы абсцесс, кіші жамбас абсцесі, ішек аралық іріңдігі немесе диафрагма асты абсцесі дамуы әсерінен пайда болады. Периаппендикулярлы абсцесс аппендикулярлы инфильтраттан түзіледі. Оң жақ мықын аймағында инфильтрат болса, кешкі уақытта дене қызуы көтеріледі және іріңді үрдіске сәйкес шеткі қанда өзгерістер анықталады (ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен нейтрофильді лейкоцитоз).

Кіші жамбастың абсцесі жиі деструктивті аппендициттің асқынуы болып табылады. Абсцесті саусақпен тік ішекті тексеру арқылы анықтайды, оның алдыңғы қабырғасында тығыз, ауру сезімді, кейде ортасы жұмсарған томпаю анықталады. Әйелдерде міндетті түрде қынаптық зерттеу жүргізіледі.

Жергілікті перитонит қазақша

Ішек аралық абсцестер, жайылмалы перитониттен кейін пайда болады. Жалпы аурудан жақсарудан кейін іріңді аурудың жалпы симптомдарының қайталануымен көрінеді. Пальпаторлы үлкен іріңдік кезінде абсцесс аймағында жергілікті тығыздану мен ауру сезІмін анықтауға болады. Іш перденің тітіркену симптомы көп жағдайда болмайды. Перкуторлы тығыздалу анықталады. Диафрагма асты абсцесі гастродуоденальдык жараның тесілуінде, жедел аппендициттің асқынуында және өт жолдарының ауруларында пайда болады. Инфекцияның диафрагма асты кеңістігіне жайылуы – жанасу, лимфогенді, гематогенді жолмен жайылады. Жиі оң жақ, сирек сол жақтық диафрагмалық абсцесс пайда болады. Диафрагма асты абсцесінің клиникалық көрінісі келесі үш симптомдар құрамынан көрінеді:

  1. Жалпы ірінді аурудың симптомы
  2.  іріңдік түзілуіне себеп болған біріншілік аурудың клиникалық белгілері – гастродуоденалды жара тесілуі (сонымен қатар жабылған микроперфорация), жіті аппендицит, жіті холецистит, кеуде мен іштің жарақаттануы және т.б.
  3. Көкет асты абсцестің белгілері, кей науқастарда біртіндеп, кейбіреулерде жедел басталады.

Абсцесстің орналасуы науқастың жалпы жағдайына, инфекцияның вируленттілігіне және антибиотиктерді қолдануға байланысты. Жедел дамығанда оныншы, он бірінші қабырға аралығында күйгендей немесе шаншыған ауру сезімі болады және ол алдыңғы ішастар қабырғасына, аркасына, бұғана асты аймағына таралып, дем алғанда, қимылдағанда күшейеді. Жиі ықылық пайда болады (диафрагмалық нервтің тітіркенуінен). Кейде реактивті плевриттің қосылуына байланысты, кеудедегі қысылу сезіміне, құрғақ жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде зақымдалған жақта кеуде клеткасының дем алудан қалып отыруы байқалады, зақымдалған жақта төменгі қабырғаға бассаң ауру сезімі, ал іштің жоғарғы бөлігінде бұлшық еттің тырысуы анықталады. Оң жақтық бауыр үстілік диафрагма астылық абсцесте іріңдік бауырды төмен ығыстырады.

Қосарланған ылғалды реактивті плеврит сәйкес симптомдармен көрінеді. (алғашында плевраның үйкеліс шуы, кейін перкуторлы тұйықталу, тыныс ауруларының әлсіреуі немесе жоғалуы). Ақырғы диагноз рентгенологиялық зерттеу, УДЗ және пункция арқылы қойылады.

Жедел жәрдем және ауруханаға жатқызу. Жергілікті және шектелген перитонитте науқасты шұғыл ауруханаға жатқызу қажет. Консервативті ем шектелген процессте, операция жүргізуге техникалық себептер кедергі болғанда жүргізіледі.

Перитонит тақырыбына ұқсас материал:

  1. Перитонит ауруы толықтай.

 

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!