Қалқанша безінің сцинтиграфиясы

Қалқанша безінің сцинтиграфиясы

Қалқанша безінің сцинтиграфиясы нуклеарлы медицина саласы, радиоактивті изотоп арқылы оның жағдайын тексеретін әдіс. Бұл әдіс функционалды визуализацияның жалғыз әдісі, яғни без тінінің функционалды белсенділігі туралы ақпарат береді. 99Т- Технеций пертехнетат радиоизотопы  токсикалық емес дозада, тексерілуші науқастың ағзасына тамыр ішілік енгізіледі және қан тамырлары арқылы таралады, кейін қалқанша безімен ұсталып, энергия бөле бастайды және ол гамма – камера арқылы анықталады. Алынған мәлімет компьютерге жазылады, монитор экранында екі өлшемді сурет анықталады, ол қалқанша безінің формасы, өлшемі және зақымдалу ошақтарын көрсетеді.

Қалқанша без
Қалқанша без орналасуы

Қалқанша безі сцинтиграфиясына көрсеткіштер

Анатомиялық өзгерістер:

  • мойындағы көлемді түзілістер: түйін және дөңестер
  • қалқанша безі тінінің эктопиясы

Функционалды өзгерістер:

  • гипотиреоз
  • гипертиреоз

Емдеу процесіне қорытынды:

  • терапевтикалық: эффективтілікті анықтау
  • хирургиялық : операция алды дайындық, оперативті араласуға қажетті көлемді анықтау, мүше бөліктерін бағалау, операциядан кейінгі кезеңді бақылау.

Тексеруге дайындық

Ұзақ уақыттық (2- 4 айға) медикаменттерді, йод немесе бром бар заттарды қабылдауды тоқтату,  процедураға жақын уақытта 1 – 2 апта бойы антитиреоидты, антиаритмиялық (кордарон, амиодарон), гормональды препараттар, антибиотиктер, салицилаттар және транквилизаторлар қабылдауды тоқтатылады.

қалқанша безге сцинтиграфия жасау
қалқанша безге сцинтиграфия жасау

Қалыпты қалқанша безінің көрінісі

Екі бөлікті және мойнақтан тұратын, мойынның орта сызығы бойында орналасқан , кеуде төсінің ішкі мойындығынан 1 – 2 см жоғары орналасады.  Егер төс – бұғана байламынан төмен немесе сақина тәрізді шеміршектен жоғары орналасса, онда кеуде артылық немесе лингвалды зоб туралы айтуға болады. Формасына қарай көбелек немесе тағаға ұқсас болады. Сурет операциядан соң немесе түйінді түзіліс кезінде деформацияланады.  Ересек адамдарда оң жақ бөліктің өлшемі 5 – 6 × 2 – 2,5 см, мойнақтың өлшемі оң жақ бөліктің ұзындығынан 1/3. Сол жақ бөліктің көрінісінің интенсивтілігі және радиофарм препараттың сіңірілуі азырақ болады. Диффузды зоб, тиреоидит кезінде бөлікшелер мен мойнақ бірдей ұлғаяды. Мүшенің контурлары тегіс және анық. Әр бөліктің орталығы перифериялық бөліктерге қарағанда контрастты болады. Радиофарм препараттың қалыпты қалқанша безі тінінде таралуы біркелкі болады. Түйінді зақымдалу кезінде түйіннің анық локализациясы анықталады. Түйін суретінің интенсивтілігі қоршаған қалыпты тін интенсивтілігінен көбірек болса, ол «ыстық» түйін деп аталады, ал егер интенсивтілік төмен болса «суық» түйін деп аталады. Декомпенсацияланған токсикалық аденома кезінде «ыстық» (гиперфункциялық) түйін анықталады. Мойынның бүйір және орталық кисталары «суық» түйін болып және қалқанша без тінінен бөлек орналасады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қалқанша без анатомиясы мен физиологиясы
  2. Гипотиреоз
  3. Эндокринді бездер
  4. Диффузды токсикалық зоб
  5. Эутирокс препараты
  6. Тирозол препараты

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!