Клацкин ісігі
Клацкин ісігі жайында жалпы түсінік. Соңғы 30 жылда әлемде қатерлі ісікпен ауырып қайтыс болған адамдар саны айтарлықтай өскен.Соның ішінде бауырдан тыс өт жолдарынын қатерлі ісігі 1-2% құрағанымен осы ауруды диагностикалау және дер кезінде анықтау өзекті мәселе болып тұр.
Бауырдан тыс өт жолдарының қатерлі ісіктің 90% –аденокарцинома,10%-жалпақ клеткалы ісік,карциноид және лейомиосаркома құрайды.
Алғашқы рет бауыр қақпасындағы қатерлі ісік жайында клиникалық бақылаулар 1957 жылы әдебиттерде жазылды.
Сонымен Клацкин ісігі деп – бауырдан тыс орналасқан, проксималды өт жолдарының ісігін атайды.
Өзектілік. Көптеген авторлардың тұжырымы бойынша өт жолдарының қатерлі ісіктерінің ішінде бауырдан тыс өт жолдарының қатерлі ісігі 10-26% құрайды. Биллярлы патологиясы бар науқастарды инструментальды зерттеу түрлері даму үстінде болсада қазіргі таңда бауырдан тыс өт жолдарынын қатерлі ісігін дер кезінде анықтау өзекті мәселе болып тұр.
Тарихи шолу. 1965 жылы G.Klatskin өт жолдарының бауыр жолдарындағы бифуркация аймағындағы қатерлі ісігін сипаттап жазған.Кейін осы ісік түрі онын атымен аталды.Клацкин ісігі ол- холангиокарциноманың топикалық түрі болып табылады.
Таралуы жиілігіне қарай 4 типін бөліп ажыратады (Bismuth-Corlette):
- 1 тип.Жалпы бауыр жолынын қатерлі ісігі бырақ бифуркацияға инфилтрациясыз.
- 2 тип. Жалпы бауыр жолынын бифуркациясынын ісікпен обструкциясы
- 3 а тип.Бифуркациядан оң жақ бауыр жолына ісіктің инвазиясы.
- 3 б тип. Бифуркациядан сол жақ бауыр жолына ісіктің инвазиясы.
- 4 тип.Ісікпен Бауыр жолынын 2 тармағынын да бітелуі
Осы уақытқа дейін белгілі қатерлі ісікке әкелетін қауіп факторлар:
- өт жолдарында тасы бар өт-тас ауруы
- бауырдан тыс өт өзектерінің аномалиясы
- өт жолдарының туа біткен дилатациясы
- біріншілік склероздаушы холангит
- бактериалды инфекция (описторхоз, клонорхоз, тиф, паратиф), спецификалық емес жаралық колит.
Клиникалық көрінісі.
- Ауырсынусыз болатын обструктивті сарғаю
- Бауыр қызметінің патологиялық нәтижелері (Сілтілі фосфатазанын, жалпы және тікелей билирубиннің жоғарлауы,трансаминазалар АЛТ, АСТ жоғарлауы)
- Тері қышуы
- тәбеттің төмендеуі
- дене салмағынын төмендеуі
- іштің жоғарғы оң жақ квадрантындағы ауырсыну
Диагностикасы.
- Ултра дыбысты зерттеу
- Рентгендік компьютерлік томография РКТ
- Магнитті резонансты томография МРТ
- Контрасты заттарды өт жолдарына тікелей енгізу арқылы ретроградты холангио-панкреатография РХПГ, тері – бауыр арқылы холангография,
- Онкомаркер СА-19,9 анықтау
Ажырату диагностикасы.
- Біріншілік склероздаушы холангит
- Бауыр қақпасына метастаз берген лимфома
- Мириззи синдромы
- Өт жолдарынын қатерсіз түзілістері
Ауру болжамы: Дер кезіңдегі хирургиялық ем көрсеткенде 5 жылдық өмірсуру көрсеткіші 23-46% Лимфа туйіндеріне метастаз берген жағдайда 10% құрайды.
Клацкин ісігінен науқастардың өлу себептері:
- Билиарлы цирроз
- Өт жолдарынын бұзылысы, өттің дұрыс бөлінбеуі
- Абцесстердің түзілуімен болған бауыр ішілік инфекция
- Ағзанын жалпы реактивтілігі, әлсіреуі
- Сепсис