Аргентиналық хирург П.Мириззи, интраоперациялық холеграфия нәтижесінде, бірінші рет жалпы бауырлық өт өзегінің тарылуы мен өт қуығы мен бауырдан тыс өт жолдарыарасындағы жыланкөзді сипаттаған. Мириззи синдромының екі түрі бар:
- Жедел морфологиялық негізі гепатохоледохтың проксималды бөлігінің тарылуы болыптабылады, ол стриктура дамуымен немесе холецисто-холедохты жыланкөздің дамуымен аяқталады.
- Созылмалы – жыланкөз өт қуығы мен бауырдан тыс өт жолдары арасындағы. Мириззи синдромын өттас ауруының асқынуы ретінде санайды.
Патогенезі. Синдромының негізгі патогенетикалық белгілері:
1) Өзектің сыртынан қысылуы, жиі жедел калькулезді холецистит кезінде дамиды.
2) Бауырдан тыс өт өзегінің стриктурасы.
3) Стриктура кезінде гепатикохоледохтың перфорациясы.
4) Қуықтық- –холедохтық жыланкөздің түзілуі.
Клиникалық көрінісі. Синдромныңдамуы өт қуығының жедел қабынуымен басталады. Жедел холецистит пен обтурациялық сарғаюдың симптомдары болады. Өт өзегінің қысылуы стриктураға әкеледі, егер хирургиялық ем уақытында көрсетілмесе, ауру созылмалы түрге өтеді.
Уақыт өте келе өт қуығының қабырғасымен гепатико-холедох бір-біріне толықжабысқаншажақындайды. Гартман қалтасындағы ірі тас өт қапшығы қабырғасының перфорациясына алып келеді, нәтижесінде өт қапшықты-холедохиалды жыланкөз түзеледі.
Рентгеноскопиялық белгілеріне тән симптом контрастты заттың гепатикохоледохты толтыруы. Холецисто-холедохиалды жыланкөзде контрастты зат бауырішілік, сыртылық өт жолдарын ғана емес, өт қуығында толтырады. Билиарлы жүйеніңаспаптық ревизиясы мен селективті холеграфия диагнозды дәлелдеу үшін ғана емес, ол жыланкөздің мөлшері мен орналасуын анықтайды.
Емі. Мириззи синдромыныңнегізгі емі – хирургиялық. Синдромының 1 түрінде холецистэктомия, гепатохоледохты Кер тәсілімендренаждау қолданылады. Операция көлемі бауырдан тыс өт өзегінің деформацияланған бөлігін интраоперациялық ревизия жолымен шешіледі.