Описторхоз жайлы
Описторхоз – қоздырғышы трематодоздар класына жататын, ішектен тыс, нәжіс – ауыз механизмі арқылы берілетін, табиғи – ошақтық биогельминтоз, оған аурудың созылмалы өтуі, көпшілігінде бауыр – өт жүйесі мен ұйқы безінің зақымдануы тән ауру.
Морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі
Гельминттің денесі ланцетке (жалпақ) ұқсайды, ұзындығы 13 мм және көлденеңі 1-3,5 мм. Алдыңғы жағында екі сорғышы бар. Артқы жағында – екі ұрық безі, көптеген жұмыртқасы бар, жатыры цепеннің орта бөлігінде орналасқан. O. felineus жұмыртқалары қоршаған ортада біраз төзімділік көрсетеді.
Су қоймаларында жұмыртқалар тіршілік қабілеттілігін бір жылға дейін сақтайды. Жазда топырақта күн сәулесінің әсерінен және қыста салқындықтан 3-10 күн ішінде өледі. Метацеркарий төменгі теператураға өте төзімді: -8-12С теипературада тіршілік қабілетін 20 күнге дейін кейде, одан да ұзақ сақтайды, ал -25С – 72с, -30С-6с, -40С – 3 сағат бойы сақтайды.
Балықты тұздағанда тұз концентрациясы 15 % болғанда метацеркарий 5-10 тәуліктен кейін өледі. Балықты 20 минут ыстап сүрлегенде, пісіргенде және де 3 аптадан кем емес түтіндеп кептіргенде, балықтың 1 кг салмағына 120-140г. тұз жұмсап 2-3 күн тұздағанда, метацеркарийлер тіршілік қабілеттілігін жоғалтады.
Залалданған балықпен адамның (ет қоректі жануарлардың) ішегіне түскен метацеркарийлер өзін қоршаған қабықтардан босанады, сосын жалпы өт және ұйқы безі жолдарымен өт қабына, бауырға, ұйқы безіне өтеді, онда 2 жұмадан кейін ересек дәрежесіне жетеді, ал бір айдан кейін жұмыртқалай бастайды.
Патогенезі және клиникалық көріністері
Описторхоз патогенезі, негізінде, адам организміне гельминттердің, олардың метаболиттері мен жұмыртқаларының аллергиялық, механикалық, токсикалық және рефлекторлық әсер етуімен байланысты. Осының нәтижесінде өт жолдарының, қарынның және ащы ішектің жұмысы мен секрециясы бұзылады, қосымша инфекциялардың белсенділігі күшейіп, холангит дамиды, рак ауруының қозуына жағдай туады.
Н.Д. Ющук (1998) жасаған клиникалық жіктеуге сәйкес мынандай түрлерге бөлінеді:
- бірінші – екінщі латенттік описторхоз; жедел, созылмалы, қалдық, аралас описторхоз; ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа, ауыр түрлері;
- аурудың жағдайы бойынша – компенсация, субкомпенсация, декомпенсация сатылары.
- Аурудың жасырын кезеңі – 2-4 жұма. Алғашқы сатысында (жедел) аллергоз, температураның көтерілуі, бас, бұлшық ет және буындардың ауыруы, қышитын тері бөртпелері байқалады.
Соңғы сатысында (созылмалы) – оң жақ қабырғаның асты ауыруы, бауыр мен өт қабының үлкеюі, өт және ұйқы без жолдарының зақымдалуының күрделі белгілері, нерв жүйесі жұмысының бұзылуы орын алады. Байқалатын асқынулар – іріңді холангит, өт жолдарының жарылуы, өт перитониті, ұйқы безінің жедел қабынуы, бауырдың бастапқы ісігі. Иммунды тапшылық жиі дамиды, ол созылмалы іш сүзегі қоздырғышының тасымалдаушылығын қалыптастырады
Жоғары эндемиялық ошақ аймағындағы балаларда, әдетте описторхоз біріншілік созылмалы ағымға ие. Орташа эндемиялық ошақ аймағында аурудың жедел сатысы 1-3 жастағы балаларда субфебрилитет, оң жақ қабырға асты және эпигастрий аймағындағы ауру сезімімен, кейде терідегі экссудативті немесе полиморфты бөрте, нәжістің бұзылысымен өтеді. Лимфоаденопатия, бауыр ұлғаюы, қанда эозинофилия 12-15%- ке дейін, гипоальбуминемия болады.
Біріншілік белгілерінде СОЭ 20-25 мм/сағ дейін, α2- глобулин жоғарылайды, анемияғ физикалық даму артта қалуы. 4-7 жаста алллергиялық симптоматика айқын 10-12×109г/ лейкоцитоз фонында эозинофилия 20-25 %.
Орта және ересек жастағы балаларда массивті инвазия кезінде ауруды жұқтырғаннан кейін 2-3 аптада қызба,теріде бөртпе, өкпелік синдром (в виде «летучих» инфильтратов) немесе пневмония, миокарда айқын дистрофиялық өзгерістер, аса ауыр ағымда аллергиялық гепатит сарғаюмен, гепатоспленомегалия, эозинофилия 30-40%, СОЭ-35-40%, сары суда α2 және γ-глобулин, трансаминаза,қышқылдық фосфотаза,билирубин 25-35мкмоль/л тура фракциясы жоғарылайды. Жедел ағымы біртіндеп 1-2 аптаның ішінде максимумға жетеді.
Эндемиялық аймақтағы балаларда созылмалы саты холепатиямен, кейде гастроэнтеропатиялық синдроммен өтеді. Орташа есеппен науқас балалардың 1/3 астениялық синдром басым болады. Ерте жастағы балаларда физикалық дамуы баяулайды, тәбеті төмендейді, тұрақсыз нәжіс, бауыр өлшемдерінің ұлғаюы, пальпация кезінде ауырсыну, эозинофилия 12-15%, анемия.
Клиникалық және зертханалық диагноз қою
Описторхоздың диагнозы эпидемиялогиялық анамнеге (пісірілмеген балықты тамаққа пайдалану, бұл инвазияның эпидемиялық аумақтарында болу), клиникалық белгілеріне (дене қызуы, іш ауыруы, көз ағының сарғаюы, бауыр мен өт қабының өсуі, эозинофилдердің көбеюі және т.б.), паразитологиялық, иммунологиялық зерттеулердің деректеріне негізделеді. Описторхозды жедел респираторлық аурулардан (ЖРА), өкпе қабынуынан, тропикалық паразитарлық аурулардан (ТПА), вирустық гепатиттерден, жіті ішек ауруларынан (ЖІА), қан және жедел хирургиялық аурулардан айыра білу керек.
Описторхозды клиникалық белгілері бойынша басқа аурулардан айыру қиын екені ескеріліп, зертханалық тексеру әдістеріне көп көңіл бөлінеді. Соңғыларға аш ішектің бөліндерін және нәжісті овоскопиялық зерттеу жатады. Бұл кезде описторхистің (мысық сорғышының) ересек паразитін табуға болады. Жағындыны микроскоппен тексергенде, клонорхистің жұмыртқасымен шатастырмау керек. Түтікшемен (дуоденальдық) алынған өт сұйығын тексергенде, жұмыртқалар аурулардың нәжісінен гөрі аш ішегінен жиірек табылады. Микроскоптық тексеру теріс болса, зондмен тексеруді қайталау керек.
Описторхоз емі
Бірінгі этап. Дайындық. Осы кезеңде барлық қабыну симптомдары, аллергиялық реакциялар жойылады, өт жүоуі жақсарады, ішектердің тазаруы жүреді және дезинтоксикационды терапия. Балаға беріледі:
- Арнайы диета;
- Антибиотиктер
- Спазмолитиктер
- Пребиотиктер
- Антигистаминды препараттар
Диета. Бөліп тамақтану, күніне 6 реттен кем емес. Қайнап пісіріліген, буға піскен тағамдар жеу қажет.
- Жеуге болады: майсыз тағамдар: ет және балық, көкеністерден жасалған сорпа, кашалар, сүт тағамдарынан айран, ірімшік жеуге тиіс.
- Жеуге болмайды: ащы, майлы, тұзды тағамдар, нан, тоқаш, тәтті тағамдар.
Екінші этап. Паразиттерге әсер ету. Баланың ағзасы негізгі проблеманың себебптерін анықтаған соң, гельменттердің активтілігін ғана емес толықтай жлятын препарттар беріледі. Қазіргі кезде описторхозды емдеуге қолданылатын бірден – бір препарат – празиквантил (син: билтрицид, цесол, азинокс). Тәулігіне 2-3 рет қабылдау үшін салмақ массасына сәйкес 60-75 мг/кг мөлшерінде тағайындалады. Химиялық препаратпен емдеу тиімділігін бақылау үшін 3-6 айдан кейін нәжісті (копроскопиялау) немесе өт сұйығын зерттейді
Үшінші этап. Қалпына келу. Өте маңызды этап бала ағзасын, ауруға дейнгі денсаулық қалпына дейін қалпына келу. Өт қабы, асқазан, бауыр, ішек тазартушы заттар. Витаминдер комплексін алу.
Қорытынды. Тамаққа шикі, шала пісірілген және тұздалған тұқымдас балықтарды пайдаланбау; тамаққа арналған балық тағамдарын (әсіресе осы инвазия бойынша эпидемиялық аймақтардан алынған) ауық – ауық зертханалық тексеру. Етті ашық базарлардан емес, жабық барлық санитарлық шаралары сақталған құжаттары бар жерлерден алған дұрыс. Балаға жеке тақтайша қолдану. Жеке шаралар:піспеген, шала піскен шошқа етін жемеу; Қоғамдық шаралар:санитариялық- ветеринарлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру; Гигиеналық шараларды қатаң сақтау.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: