Ұйқы безі трансплантациясы

Ұйқы безінің трансплантациясы қант диабетінің инсулинге тәуелді түрінің бірден– бір әдісі. Алғаш рет қант диабетімен ауыратын науқастыңұйқы безі сегментінің трансплантациясы 1966 жылы Миннессот университетінде Т.Р. Келли мен У.Лиллехаем жасады. Дүние жүзілік трансплантологтардың мәлімдемесінде 1997 жылдың ортасында дүние жүзінде 12  000 – нан аса ұйқы безінің трансплантациясы жасалған.

Донор. Қанның топтық сәйкестігі. Өзінде және жанұялық анамнезінде қант диабетінің болмауы. Қандағы қанттың қалыпты деңгейі.

Операция. Көбінесе гетеротопиялық операция; ұйқы безін оң немесе сол мықыншұңқырына орналастырады. Көп жағдайда бұл ұйқы безінің ауыстыруы қуыққа экзокринді дренирлеу арқылы жасалады. Ұйқы безін он екі елі ішектің сегментімен алады, соны қуықпен анастомоз жасайды. Қантамырларын анастомоздау үшін көкбауыр артериясы мен қақпа венасын пайдаланады. Оларды мықын қантамырларымен анастомоздайды.

Қабылдамау диагностикасы. Ұйқы безін қуыққа дренаждағанда, зәрдегі амилазаның деңгейін азайту керек. Диагноз қоюға радионуклеидті сканерлеумен биопсия көмектеседі.

Асқынуы. Трансплантаттың тромбозы, фиброзы, ұйқы безінің жыланкөзі, қабылдамауы (сәйкессіздік).

    Нәтижесі. Трансплантаттың жылдық өмір сүруі 50%.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!