HLA-типтік маңызы бар.Қайшы сынамасы теріс болуы керек. Бүйрек консервациясы ұзақтығы 36сағ, кейде 48 сағ. болады.
Бүйрек трансплантациясына негізгі көрсеткіш созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминалды сатысындағы жағдай. Жиі мұндай жағдай бүйрек поликистозы, созылмалы пиелонефрит, созылмалы гломерулонефриттпен, сонымен қатар, бір бүйрегін жоғалтқан науқастарда болады. Бүйрек алмастыруына науқастар гемодиализ арқылы ұзақ уақыт дайындалады. Қазіргі уақытта гетеротопты трансплантация,яғни, оң немесе сол мықын аймағына қондырады.
Операция. Бүйрек венасын реципиенттің сыртқы мықын венасымен анастомоз жасайды. Бүйрек артериясын «ұшын ұшына» ішкі мықын артериясына немесе «ұшын бүйіріне» сыртқы мықын артериясына анастомоз жасайды. Несепағарды қуықтың денесіне имплантациялайды. Бұл кезде 70% жағдайда бүйрек қызметін бірден бастайды, 30% жағдайда жедел тубулярлы некроз (ЖТН) нәтижесінде бүйректің қалпына келуі ұзағырақ болады. Осы жағдайда бүйректің қызметі қалпына келгенше диализ жасау керек.
Трансплантация жасаған барлық науқастарға өмірлік иммуносупрессия қажет. Операциядан кейінгі кезеңде үлкен доза тағайындалады, содан кейін мөлшерін бірнеше айлардан кейін сүйемелдеуші дозаға дейін азайтады. Дәрілік препараттардың ішіненкортикостероидтарды, антипролиферативті препараттар (азатиоприн, микофенолат, мофетил) және кальциневрин антогонистері (циклоспорин такролимус) қолданады. Сәйкес келмеушілік эпизодтарын метилпреднизолонның пульстік дозасы, антилимфоцитарлы глобулин (АЛГ), антитимоцитарлы глобулин (АТГ) немесе моноклоналды антиденені жоғары қауіпті сенсибилизациялық науқастарда профилактикалық мақсатта қолданады.
Кері итеру диагностикасы.Клиникалық мәліметтер бойынша:жалпы бас айналу,дене мaссасының жоғарылауы, диурез төмендеуі.Зертханалық:сарысуда креатинин жоғарылауы, креатинин клиренсі төмендеуі.Радионуклидті сканирлеу.Биопсия.
Асқынулары: Жедел тубулярлы некроз, кері итеру,бүйрек артериясы мен венасының тромбозы әсерінен бүйрек өліеттенуі, бүйрек артериясы тарылуы, қуықтық жыланкөздер, несепағар обструкциясы.
Нәтижелері. Трансплантанттың бір жыл өмір сүруі 85-–90%,ал бес жылдық өмір сүруі 75%.