Диарея

Диарея мүше сақтап қалушы операциялардың спецификалық асқынуына жатады. Жиі бағаналы ваготомиядан кейін дамиды.

Патогенезі. Диарея дамуын негізгі фактор – тұз қышқылының өндірілуінің төмендеуі, ішек моторикасының күшеюі, ұйқы безінің сыртқы секреторлы функциясының төмендеуі, өт қышқылдары алмасуының бұзылысы, ішек флорасының өзгеруі, гастроинтестиналды гормондардың дисбалансы, ішек кілегей қабатының морфологиясының өзгеруі тудырады.

Клиникалық көрінісі. Диареяның үш ауырлық дәрежесі бар:

  • Жеңіл дәрежесінде сұйық нәжіс айына немесе аптасына 1–2 рет болады.
  • Орта дәрежесінде -іш өту тәулігіне 5–-6 рет болады.
  • Ауыр дәрежесінде нәжісі су тәрізді, тәулігіне 5-–10 рет қайталанады.

Диарея науқастың жағдайын тез нашарлатады. Орта және ауырдәрежесі науқастың еңбекке қабілеттілігін төмендетеді.

Емі. Диареяның жеңіл дәрежесін емдеумен түзеледі. Емдәм құрамына: үлкен дәретті жиектоқтататын жиілететінтағамдар кіреді. Емдәмнен сүт тағамдары және демпинг-реакциясын ынталандыратын тағамдар алынып тасталынады. Орта және ауыр дәрежесінде мына препараттар беріледі:

  • асқазан-ішек жолының моторикасын қалыптастыратын (церукал, бензогексоний, реглан, ганглерон);
  • ішекте өт тұздарының адсорбциясын төмендететін (холестерамин);
  • антихолинэргиялық заттар (атропин, скополамин, красавка препараты);
  • фермент препараттары (фестал, панзинорм).

Ішек флорасын қалыптастыратын антибактериалды заттар, бифидумбактерин және оның туындылары. Антидиареялық заттар дифенокси қышқылы (реасек) және опиоидтар (имодиум). Бұл препараттарды тәулігіне 2-–3 таблеткадан 10 күн көлемінде қабылдайды.

 

Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда, оперативті ем қолданылады: Трейц байламының маңында жіңішке ішек сегментінің антиперистальтикалық реверсиясы немесе пилорикалық жолды қайта қалпына келтіру. Асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарылығы ахилияға ауысады, нәтижесінде біртіндеп науқас арықтайды. Коллезді жаралар ахилия фонында дамиды, нәтижесінде егде жастардағы науқастарда жара қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Рентгенде тек 2 см үлкен жараларды көре аламыз. Ең информативті әдіс гастродуоденоскопия биопсиясымен және биоптатты гистологиялық зерттеу.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!