Асқорыту жүйесі ағзаларының инволюциялық өзгерістері:
Ауыз қуысы: Ауыз қуысы көлемінің кішіреюі. Жоғарғы жақтың атрофиясы төменгі жақ атрофиясынан басым болуы.Тағамды шайнау қиындығы, дәм сезу бұзылысы. Мимикалық және шайнау бұлшықеттерінің бұзылыстары.Сілекей бездері көлемінің кішіреюі. Ауыз қуысының құрғауы. Тіл мен ерінде қатпарлардың пайда болуы.
Өңеш: Өңеш ұзарады және қисая бастайды. Бұлшықет тіні дәнекер тінімен ауыса бастайды.
Асқазан: Капиллярлы баған жиырылуының нәтижесінде гипоксияға бейімділік. Асқазан тонусының төмендеуі (негізінен асқазан денесі мен антральді бөлікте)
Ұйқы безі: Ацинозды жасушаның өлуі. Ұйқы безіндегі Лангерганс аралшығының бета-жасушаларының саны азаяды. Инсулин рецепторларының азаюы.
Бауыр: Бауыр салмағының төмендеуі. Гепатоциттердің функционалды қабілетінің төмендеуі: Ақуыз, липид, көмірсу, пигментті алмасудың бұзылысы. Бауырдың антитоксикалық қызметінің төмендеуі.
Өт қапшық: Көлемінің ұлғаюы. Өт жолдарының дискинезиясы, өт-тас ауруы даму қаупінің жоғарылуы.
Ішек: Жалпы ұзындығының ұзаруы (көбінесе тоқ ішектің бөлек бөліктерінің ұзаруы есебінен). Тоқ ішек қабырғасындағы атрофиялық өзгерістер. Микрофлора өзгерісі.