Рефлюкс –эзофагит

Ваготомияның асқынуы болып табылады, ол асқазанның кардиалды бөлігінің қызметінің бұзылуымен сипатталады. Науқастардың 5–37%-да кездеседі. Науқастардың 5,7%-да оның даму себебі: көкеттің өңештік тесігінің жарығы мен кардийдің жабылуының жетімсіздігі.

Симптомы. Науқастар ауырсынуға, қыжылға, аузына қышқыл дәм келуіне, тамақтың ұйқы кезінде регургитациясына шағымданады. Ауырсыну тағам қабылдағаннан кейін күшейеді. Аурудың өршуіне байланысты дисфагия қосылады, ол өңештің спазмы менстриктурасына байланысты.

 

Диагностикасы. Клиникалық мәліметтері мен арнайы зерттеу тәсілдерінің (зертханалық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық, рентгенологиялық) нәтижесіненегізделеді.

     Емі. Консервативті ем қолданылады. Оласқазан-ішек жолының моторикасын жақсартуға бағытталған (координакс, метоклопромид). Ал нәтижесіз болса, оперативті ем қолданылады. Ол кардийдің жабысу қасиетін жақсартуға (өңеш пен көкет арасындағы кемшілікті түзеуге бағытталған).

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!