Шек құрттарын жоятын заттар

Шек құрттарын жоятын заттар

Бұл топ дәрілері, басқа нұсқауын болмаса, ішке тамақ пен бірге немесе тамақ ішкеннен кейін енгізіледі. Емдеу курсын жүргізгеннен кейін мөлшері 2 апта бойы нәжісте паразиттердің, олар личинкаларының, жұмыртқаларының жоқтығын анықтау керек.

Албендазол – жою әсері кең зат боп табылады. Албендазол аскаридоз, энтеробиоз, трихоцефалез, стронгилоидоз, анкилостомоз кезінде қолданылады, ал эхинококкоз, цистицеркоз кезінде тандаулы дәрілер қатарына жатады. Химиялық құрылысы жағынан бұл дәрі бензимидазолдың карбамат тұзы боп табылады, майлы тамақ пен бірге ішкенде, аш қарынға ішкенге қарағанда, оның ішектен қанға сорылуы 4 есе артық болады.

Домалақ құрттарды жоятын заттар

№4 Кесте

Ішек құртыТандаулы емдеу әдісіБасқа емдеу әдісі
Ascaris lumbricoidesПирантелдің памоат тұзы немесе мебендазолПиперазин, албендазол, левамизол
Trichuris trichiuraМебендазол + дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинолАлбендазол немесе оксантелдің/пирантелдің памоат тұзы
Ancylostoma duodenale (некатор)Пирантелдің памоат тұзы немесе мебендазолАлбендазол немесе левамизол
Strongyloides stercoralisТиабендазол немесе ивермектинАлбендазол немесе мебендазол
Enterobius vermicularisМебендазол немесе пирантелдің памоат тұзыАлбендазол
Trichinella spiralisМебендазол немесе тиабендазол, кортикостироидтерАлбендазол, кортикостироидтер
TrichostrongylusПирантелдің памоат тұзы немесе мебендазолАлбендазол немесе левамизол
Тер үстінде аусатын нематодалардың личинкаларыАлбендазолТиабендазол
Ішкі ағзада ауысатың нематодалардың личинкаларыТиабендазол немесе албендазолМебендазол немесе ивермектин
Angiostrongylus cantonesisЛевамизолАлбендазол немесе мебендазол
Wuchereria bancrofti, Brugia malayi (филяриатоз)ДиэтилкарбамазинИвермектин немесе йодохинол
Onchocerca volvulusИвермектинДиэтилкарбамазин + сурамин
Dracunculus medinensis (ришты)МетронидазолТиабендазол немесе мебендазол
Capillaria philippinensisАлбендазолМебендазол немесе тиабендазол

Әсерінің негізі –  құрттардың глюкозаны сорып алу қабілетін тедеп, оларда гликогеннің қорын азайтады, АТФ түзілуін бұзады. Нәтижеде құрттар әлсіреп, қимылдай алмай қалады. Некатороз кезінде личинкаларды жояды, ал аскаридоз, анкилостомоз және трихиуриаз кезінде ооцидті ықпалын білдіреді.

Жалпақ құрттарды жоятын заттар

№5 Кесте

Ішек құртыТандаулы емдеу әдісіБасқа емдеу әдісі
Taenia saginataНиклосамид н/е празиквантелМебендазол
Difillobotrium l.Никлосамид н/е празиквантел
Taenia solumНиклосамид н/е празиквантел
ЦистицеркозАлбендазолПразиквантел
Hymenolepis nanaПразиквантелНиклосамид
Hymenolepis diminuta (атжалманн.) Dipilidium canin.Никлосамид немесе празиквантел 
Echinococcus granulosus, Echinococcus multilocul.АлбендазолМебендазол

Трематодаларды жоятын заттар

№6 Кесте

Ішек құртыТандаулы емдеу әдісіБасқа емдеу әдісі
Shistosoma haematobium (шистосом)ПразиквантелМетрифонат
Shistosoma mansoniПразиквантелОксамнихин
Shistosoma japon.Празиквантел 
Clonorchis sinensis, Opistorchis felineus түрлеріПразиквантелМебендазол немесе албендазол
Paragonimus westermaniПразиквантелБитионол
Fasciola hepatica (қой бауырының екі ауызды параз)БитионолПразиквантел немесе албендазол
Fasciolopsis buskПразиквантел н/е никлосамидТетрахлорэтилен
Heterophyes, Meta gonimus yokogawaiПразиквантел н/е никлосамидТетрахлорэтилен

Емдеу мөлшерінде (5 мг/кг) адамға әсері жоқ.

Қолдануы – ішектегі құрттарды жою үшін албендазолды аш қарынға ішкен жөн, ал тіндерге сіңіп кеткен паразиттерді жоямыз десек, онда майлы тамақ пен бірге ішкен дұрыс болады. Көбінесе 400 мг нан бір рет ішеді. Энтеробиоз кезінде 2 аптадан кейін тағы 400 мг ішу керек. Қатерлі жағдайда 400 мг нан күніне бір рет 2-3 күн бойы ішуге болады. Стронгилоидоз кезінде 400 мг нан күніне 2 рет 7-14 күн бойы албендазолды тамақ пен бірге ішкізеді. Эхинококкоз кезінде 800 мг/күн 28 күн бойы дәріні белгілейді. Осындай 3 курс жасау керек, арасындағы үзілістер 2 аптадан болады. Нейроцистицеркоз кезінде 15 мг/кг/күн албендазолды 8 күн бойы ішкізеді, қосымша кортикостироидтерді тағайындайды (преднизон 30 мг/күн). Қабыну белгілері азаймаса, кортикостероидтердің мөлшерін көбейтеді немесе маннитолды қосады. Тері үстіне ауысатын личинкаларды емдегенде албендазолды 200 мг/күн 3-5 күн береді, трихинеллез кезінде дәріні 400 мг/күн мөлшерінде 15 күн бойы ішкізеді (кейде преднизон мен (40 мг/күн) бірге). Клонархоз кезінде 400 мг нан күніне 2 рет 7 күн бойы албендазолды ішкізеді.

Жанама әсерлері – іш өтуі, бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық. Үш ай бойы эхинококозды емдегенде бауырдағы аминотрансферазалардың белсенділігі артады, сары ауру болу мүмкін, қасқабастану, қышыма бөртпе, лейкопения.

Жақпайтын жағдайлар – жүктілік, бауырдың циррозы.

Битионол –фасциолез кезінде тадаулы дәрілерге жатады. Өкпенің парагонимозые емдегенде битионолдың қолдануы басқа емдеу әдістеріне жатады.

Қолдануы – атап кеткен аурулар кезінде битионол 30-50 мг/күнара мөлшерінде қолданылады (оны тамақтан кейін 2-3 ішкенге бөледі).

Жанама әсерлері – іш өтуі, ішектердің түйшлуш, тәбеттің жоғалуы, лоқсу, бас ауруы, ұйқысыздық, гипертермия, протеинурия, лейкопения. Балаларға битионолды абайлап беру керек.

Диэтилкарбамазиннің цитрат тұзы – пиперазиннің жасанды туындысына жатады. Филяриатоз кезінде тандаулы дәрі боп табылады, ал онхоцеркозды емдегенде басқа емдеу әдістеріне  жатады.

Әсерінің негізі – белгісіз сияқты, дәрі микрофиляриялардың кимылын тежеп, оларды тіндерден шығарады. Қосымша, диэтилкарбамазин құрттардын сырткы қабықтарының құрамын өзгертеді, олардың жойылуын тездетеді.

Қолдануы – дәріні тамақтан кейін ішу керек. Wuchereria bancrofti, Brugia timori, Loa loa деген паразиттерді диэтилкарбамазин 2 мг/кг күніне 3 рет 3 апта бойы қолданылғанда жақсы жояды. Өлген микрофиллярияларға аллергиялық жауапты азайту үшін қосымша антигистаминді заттарды, кейде кортикостероидтерді береді. 3-4 аптадан кейін емдеу курсын қайталау керек. Кейде диэтилкарбамазинді  лоаоздың (300 мг ай сайын) аурулардың алдын алу үшін тағайындайды.

Жанама әсерлері – бас ауруы, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, іш өтуі, ұйқышылдық. Өлген микрофиляриялар эозинофилияны, лейкоцитозды тудырады. Онхоцеркозды емдегенде көздің зақымы болу мүмкін. Өлген паразиттер лимфангиттерді, протеинурияны тудыру мүмкін.

Жақпайтын жағдайлар – қаң қысымы артқанда, бүйрек аурулары кезінде диэтилкарбамазинді абайлап тағайындау керек.

Эметиннің гидрохлорид тұзы және дигидроэметин – Fasciola hepatica деген паразитті жақсы жояды, бірақ бұл заттар тандаулы дәрілерге жатпайды, себебі, олардың, битионолға қарағанда, улағыш ықпалы артыктау болады. Дегенмен, дигидроэметин, эметинге қарасақ, аурулардың бастарынан жақсы өткізіледі.

Ивермектин – онхоцеркоз кезінде тандаулы заттарға жатады. Одан басқа ивермектинді филяриатоз, стронгилоидоз  кезінде, тері үстінде ауысатын личинкаларды жойғанда белгілейді. Дәрі жартылай жасанды макроциклді лактон боп, авермектин-1а және авермектин-1б деген заттардың қосындысы боп табылады, Streptomyces avermitilis деген жердің актиномицетінен алынады. Адамға ивермектинді тек ауыз қуысы арқылы тағайындайды.

Ивермектин нематодаларды және бунақ аяқтыларды салдандырады, себебі, ол шеткі жүйкелердің ГАМҚ-ергиялық синапстарында импульстардың берілуін арттырады. Онхоцеркоз кезінде ивермектин микрофилирияларды, ұзақ емдегенде макрофилярияларды да жоя алады. Ішек құрттарының ұрғашыларына әсер етіп, ивермектин олардың ішінде эмбриогенезді бұзады, микрофиляриялардың дегенерациясын келтіреді.

Адам баласына  ивермектиннің жағымсыз ықпалы жоқ сияқты, себебі, ол адамның қан-ми аралыұ кедергісінен жөнді өтпейді.

Қолдануы – а) онхоцеркоз кезінде ішке бір рет 150 мкг/кг аш қарынға су менбірге қолданылады. Тері үстінде микрофиляриялардың болуына қарай 6-12 айдан кейін емді қайталайды. Бірнеше айдан кейін көздің  алғы камерасында микрофиляриялары жойылады. Көздің онхоцеркозын ивермектин диэтилкарбамазиннен жақсы емдейді және оның жанама әсерлері аздау. Сол кезде, мысал, диэтилкарбамазин кератит, хориоретинит, көру жүйкенің суалуын туғызады, ивермектиннің ондай ықпалы байқалмайды.

б) W.bancrofti қоздыратын филяриатоз кезінде басынан 20 мкг/кг, кейін 400 мкг/кг ивермектинді беріп, макрофилярияларды жою үшін диэтилкарбамазинді қосады.

в) лоаоз, стронгилоидоз кезінде 200 мкг/кг бір рет ішкізеді. Одан басқа ивермектинмен аскаридозды, тері үстінде ауысатын личинкаларды емдеуге болады деген ой бар.

Жанама әсері – өлген микрофиляриялар тудыратын Мазотти реакциясы (дене қызуы, бас ауруы, ұйқышылдық, әлсіздік, қышыма бөртпе, іш өтуі, буындардың қақсауы, қан қысымының төмендеуі, тахикардия, лимфадениттер, лимфангиттер). Ол жағдайда кортикостероидтердің қолдануы қажет болады. Емнің бірнеше күні өткенде көз бұршағының нүктелі лайлануы байқалады, увеит, конъюнктивит, кератит, көру жүйкенің қабынуы, хориоидит болу мүмкін.

Жақпайтын жағдайлар- ивермектин ГАМҚ-ергиялық процестерді арттыратына байланысты, оны басқа сондай ықпалын  тигізетін заттар мен бірге қолдануға болмайды (мысал, барбитураттар мен, бензодиазепиндер мен, вальпройлы қышқыл мен). Жүктілік кезінде де ивермектинді беруге болмайды.  Қан-ми аралық кедергісінің өтімділігі бұзылған ауруларға (мысал, менингит, африкандық ұйқы ауруы жұққандарға) ивермектиннің қолдануы қауіпті болады.

Левамизол –имидазотиазолдың және D, L- тетармизолдың L –изомерінің жасанды туындысы боп табылады. Ascaris және Trichostrongylus деген паразиттерді жақсы жояды, ал анкилостомалардың екі түріне жою ықпалы шамалы.

Мебендазол – жасанды бензимидазолға жататын дәрі, оның ішектен қанға сорылуын  арттырамыз десек, майлы тамақ пен бірге ішу керек.

Әсерінің  негізі – нематодаларда микротүтікшелердің түзілуін бұзып, мебендазол құрттардың глюкозаны сорып алатын қабілетін тежейді. Нәтижеде ішектердегі паразиттер салданып, баяу өледі. Дәрі анкилостомаларды, аскаридаларды, және Trichuris деген паразиттің жұмыртқаларын жояды.

Қолдануы – дәріні тамаққа дейін, тамақтан кейін ішуге болады, ондайда оны, шайнап алып, жұту керек. Асқазан-ішектердің толқындалып жиырылуы артық болған адамдарда мебендазолдың пайдалылығы азаяды. Трихинеллезді, эхинококкозды, дракункулезді емдегенде дәріні майлы тамақ пен бірге ішу керек, сонда мебендазолдың қанға сорылуы артады.

Энтеробиоз – бір рет 100 мг ішкізеді, 2 және 4 аптадан кейін емді қайталады. Балаларға да, ересектерге де дәрінің мөлшері бірдей болады.

Ascaris lumbricoides, Trichuris trichiura, Trichostrongylus, Ancylostoma duodenale тудыратын аурулар кезінде ересектерге және жасы екіден асқан балаларға мебендазолды 100 мг нан күніне 2 рет 3 күн бойы тағайындайды. 2-3 аптадан кейін емді қайталауға болады. Іш өткізетін заттар мүлде қажетсіз.

Эхинококкоз – мебендазол бұл кезде басқа емдеу әдістерге жатады. 50 мг/кг мөлшерінде мебендазолды күніне 3 уақ 3 ай бойы ішу керек.

Ішектердің капилляриозы кезінде 400 мг/күн бірнеше ретке бөліп, 21 күн бойы ішкізеді.

Трихенеллез кезінде мебендазол ішектердегі үлкен гельминттерді, қонысын ауыстыратын және бұлшық  еттерінде табылатын личинкаларды жою үшін мебендазолды келесі схема бойынша береді: басынан 600 мг, кейін дәрі мөлшерін үш күнде 1200-1500 мг ға дейін көбейтеді, сол дозада 10 күн бойы ішкізеді. Дәрінің тәулік мөлшерін үшке бөледі.

Тениоз кезінде мебендазолды 300 мг нан күніне 2 рет 3 күн бойы ішкізеді. Ол кезде мебендазолмен  емдеу никлозамидтен артық болуға тиіс, өйткені, алғаш әдіспен емді жүргізгенде, проглоттидтер жарылмаған түрінде организмнен шығарылады.

Жанама әсерлері – қышыма бөртпе, эозинофилия, бұлшық еттердің, буындардың қақсауы, дене қызуы, бауыр қызметінің нашарлауы, қасқабастану, гломерулонефрит, агранулоцитоз.

Жақпайтын жағдайлар – бауыр зақымдалғанда мебендазол алмасуы өте баяу болады. Жүктілік кезінде мебендазолды тағайындамайды. Карбамазепин мебендазолдың қандығы мөлшерін азайтады, ал циметидин болса арттырады.

Метрифонат – Shistosoma haematobium деген паразитті жоятын, басқа әдістерге жататын арзан және қауіпсіз дәрі боп табылады. Метрифонат фосфорорганикалық заттарға жатады, дихлорвосқа айналғанда ғана дәрінің паразиттерді жоятын қабілеті жетіледі.

Әсерінің негізі – анықталмаған, бірақ дәрі паразиттердің холинэстеразасын жояды деген ой бар. Ол кезде үлкен гельминттер салданып, қуықтын көк тамырларынан өкпенің артериолаларына жиналады да, сол жерде өледі. Дәрі құрттың жұмыртқаларын жоймайды.

Емдеу мөлшерінде метрифонат адамның тек холинэстеразасына ықпалын тигізеді. Ішке 7,5-12,5 мг/кг бутирилхолинэстеразасының белсенділігін толық тежейді, ал эритроциттердің холинэстеразасының белсенділігін жартылай басады. Қан сары суындағы холинэстеразаның белсенділігі бір айдын ішінде қалпына келеді, ал эритроциттердің холинэстеразасының қызметі 15 аптадан кейін ғана қалыптасады.

Қолдануы – шистосомозды емдегенде метрофинатты 7,5-10 мг/кг мөлшерінде 14 күн сайын 3 рет енгізеді.

Жанама әсерлері – холинергиялық белгілер байқалады, оның ішінде іш өтуі, бронхтардың түйілуі, тершендік, әлсіздік, бас айналуы.

Жақпайтын жағдайлар – таяуда инсектицидтермен контакт болғанда, холинэстеразаны тежейтін заттар мен бірге және жүктілік кезінде метрифонатты қолданбайды. Миорелаксанттарды метрифонаттан кейін бірде енгізуге болмайды (48 сағат тосу керек).

Никлосамид – жалпақ құрттардың көбін жоя алатын таңдаулы дәрі боп табылады. Дәрі салициламидтің туындыларына жатады, ішектен қанға өте аз мөлшерінде сіңеді.

Никлосамидпен әрекеттескендецестодалардың сколекстері және сегменттері жойылады, бірақ, олардың жұмыртқаларына дәрінің ықпалы тимейді. Никлосамид әсерінің негізінде тотықтыру арқылы АТФ түзілу процесін тежеу немесе АТФ-азаның белсенділігін арттыру жатады. Дәрі адамның организмінде хромосомды аберрациялардың жиілігін арттырады.

Қолдануы – T. saginata, T.solium, Diphyllobotrium latum деген ішек құрттарын жою үшін ересектерге 2 г (0,5 граммнан 4 таблетка) береді. Балаларға: салмағы 34 кг нан артық болса – 3 таблетка, 11-34 кг болса – 2 таблетка, 11 кг нан аз болса – 1 таблетка. Дәріні таңертен аш қарынға ішкізеді. Таблеткаларды жақсылап шайнап, сумен жұтып алу керек. Тамақты екі сағаттан  кейін ішуге болады. Іш өткізетін дәрілер қажетсіз, оларды тек іштері қатқан ауруларға беру қажет болады. Кейде T.solium деген паразитті жойғанда, никлосамид ішкеннен 2 сағат өткенде, іш өткізетін магнийдің сульфат тұзын енгізу (15-30 г) қажет болады. Цистицеркоз болмас үшін, аурудың дәретін бақылау керек.

Hymenolepis nana- бұл құртты жоятын тандаулы дәрі – празиквантел. Никлосамид үлкен паразиттерді ішек қуысында жоя алады, ал ішек түгіндегі цистицерктерге әсер ете алмайды. Сондықтан, емді цистицерктердің барлығы ішек қуысына шыққанша (оған төрт күн қажет) жүргізу керек. Сонымен, емнің ең аз мерзімі – 7 күн. Кейде осы курсты 5 күннен кейін қайталады.

Цистицеркоз және эхинококоз кезінде никлосамидтің қолдануы пайдасыз болады.

Трематодоз кезінде (Fasciolopsis buski, Heterophyes heterophyes, Metagonimus yokogawai) никлосамидті күнара жиыны 3 рет стандартты мөлшерінде береді.

Жанама әсерлері – іш өтуі, жүрек айнауы, лоқсу, бөртпе, есекжем.

Жақпайтын жағдайлар – дәрі ішкен күні және ертеңінде арақты ішпеу керек.

Оксамнихин – S. mansoni тудыратын ауруды емдейтін тандаулы зат боп табылады. S.haematobium және  S.japonicum деген құрттарға оксамнихиннің ықпалы жоқ. Оксамнихин жартылай жасанды тетрагидрохинолиндерге жатады. Дәрі тек ішке қолданылады, жанама ықпалын азайту үшін, оны тамақ пен бірге ішкізеді.

Әсерінің негізі – құрттың ДНҚ-ымен байланысып, оксамнихин паразиттерді әлсіретеді, шажырқайдың венулаларынан босап, гельминттер бауырға түседі, сол жерде өледі. S. Mansoni құртының өміріндегі екі кезеңіне де дәрі әсер ете алады, бірақ, церкарицидті ықпалы жоқ.

Қолдануы – 10-20 мг/кг/күн мөлшерінде 1-3 күн бойы ішкізеді.

Жанама әсерлері – бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық, лоқсу, іш өтуі, ішектердің түйілуі, қышыма бөртпе, есекжем. Дене қызуы, несептің қызыл түсіне боялуы, микрогематурия, протеинурия, лейкопения сирек кездеседі. Кейде адамның тәртібі өзгереді, елестеушілік болады.

Жақпайтын жағдайлар – дәрі ішкеннен кейін 3 сағат бойы ауруды бақылау қажет, себебі, дәрінің ОЖЖ-сіне жағымсыз ықпалы болса, оны емдеу керек. Дәрі ішкенде бір тәулік бойы көлікті жүргізуге болмайды (адамның ықылас салу қабілеті азаяды). Жүктілік кезінде оксамнихинді белгілемейді.

Оксантелдің/пирантелдің памоат тұзы – тетрагидроксипиримидиннің туындысы боп табылатын оксантелдің памоат тұзы пирантелдің метаоксифенолды аналогтарына да жатады. Оксантел тек трихоцефалезді жоя алады. Трихоцефалез қоздырғышы көбінесе басқа құрттар смен бірге адамны зақымдайтына байланысты, оксантелді пирантелмен құрастырады. Сол кезде күрделі дәрі қосымша аскаридаларды, анкилостомаларды жоя алатын болады.

Пиперазин – аскаридозды емдейтін басқа әдістің дәрісі боп табылады. Анкилостомозды, трихоцефалезді, стронгилоидозды пиперазинмен емдейді. Энтеробиозды да қазір пиперазинмен емдемейді, себебі, ол үшін дәріні 7 күн бойы ішу керек.

Әсерінің негізі – құрттардың жүйке-бұлшық ег синапстарында пиперазин ацетилхолиннің импульс беру қызметің бұзып, паразиттерді салдандырады. Олар кейін оңай организмнен жөнеледі.

Қолдануы – аскаридоз кезінде дәріні 75 мг/кг (3,5 граммнан артық емес) мөлшерінде 2 күн бойы таңертеңгі тамаққа дейін немесе тамақтан кейін ішке енгізеді. Қатерлі жағдайда емді 3-4 күнге дейін ұзартады немесе бір аптадан кейін қайталады.

Жанама әсерлері – нейротоксикалық құбылыстар, аллергиялық жауаптар. Жақпайтын жағдайлар – бауыр-бүйрек аурулары, қояншық кезінде және фенотиазиндер мен бірге дәріні қолдануға болмайды.

Празиквантел – барлық шистосомоздарды, трематодоздардың, цестодоздардың көбін, оның ішінде цистицеркоздарды, емдейтін изохинолин-пиразиннің жасанды туындысы боп табылады. Празиквантел теқ Fasciola hepatica деген құртты және эхинококктарды жоя алмайды.

Әсерінің негізі – құрттар клеткаларының қабығына әсер етіп, празиквантел оның Са++ иондарына өтімділігін өзгертеді. Оған байланысты, құрттар басынан қатты жиырылып, кейін әлсіреп қалады.

Қолдануы – дәрінің таблеткаларын шайнамай жұту керек. Шистосомоз кезінде празиквантелді 20 мг/кг мөлшерінде 4-6 сағат сайын жиыны  3 рет ішкізеді. Клонархоз, описторхоз, парагонимоз кезінде 25 мг/кг мөлшерінде дәріні күніне 3 рет 1 (описторхоз) немесе 2 (клонархоз, парагонимоз) күн бойы тағайындайды. Тениоз кезінде празиквантелді 10 мг/кг мөлшерінде бір рет ішкізеді. Цистицеркоз көп тараған аудандарда пайдалылығы бірдей, бірақ қауіпсіздау әдісі бойынша дәріні 2,5 мг/кг мөлшерінде бір рет берген дұрыс болады. Taenia solium деген құрттан толық құтылу үшін празиквантелді ішкеннен кейін 2 сағат өткенде іш өткізетін магнийдің сульфат тұзын 15-30 г мөлшерінде ішкізу керек. Онда құрттардың сегменттері жарылмаған түрінде шығады, сегменттерден құрттардың жқмыртқалары бөлінбейді, организмге тарамайды (цистицеркоздың алдың алу). Дифиллоботриозды емдеу үшін празиквантелді 25 мг/кг мөлшерінде бір рет береді. Нейроцисцеркоз кезінде празиквантелді 50 мг/кг күн мөлшерін 3 ішкенге бөледі, 14 күн бойы ішеді. Гименолепидоз кезінде празиквантел тандаулы заттарға жатады, оны бір рет 25 мг/кг мөлшерінде ішеді. Кейде емді қайталуа керек болады.

Жанама әсерлері – бас ауруы, айналуы, ұйқышылдық, қышыма бөртпе, буындардың, бұлшық еттердің қақсауы, дене қызуы, ми қабығының тітіркендірілуі, тырысулар, психиканың өзгеруі.

Жақпайтын жағдайлар – дексаметазон мен бірге қолданғанда празиквантелдің қандағы мөлшері екі есе азаяды. Дәріні фенитоинмен, карбамазепинмен де құрастырғанда, празиквантелдің пайдалылығы азаяды, ал цимитидин оны арттырады.

Жақпайтын жағдайлар – көздің цистицеркозы кезінде құрттарды жоюға болмайды. Одан басқа жұлынды нейроцистицеркоз кезінде бұл дәрі жақпайды. Дәрі ішкенде аурулар көлікті жүргізуші болмау керек. Жүктілік кезінде, баланы емізетін аналарға празиквантелді беруге болмайды.

Пирантелдің памоат тұзы – энтеробиозды, аскаридозды, трихостронгилоидозды, анкилостомозды емдейтін нәтижелі зат. Трихуриазды (трихоцефалезді) және стронгилоидозды бұл дәрі емдей алмайды, ал некаторозға ықпалы шамалы.

Әсерінің негізі – ішек куысындағы жетілген және жетілмеген гельминттерді  жақсы жояды, бірақ конысып ауыстыратын, тіндерге тараған құрттарды жоя алмайды. Пирантел жүйкеден бұлшық еттерге импульстардың берілуін тежейді, ол кезде деполяризациялық кураре тәрізді зат сияқты әсер етеді. Холинэстаразаны тежейді, ацетилхолиннің бөлінуін арттырады. Салданған паразиттер ішектен оңай шығарылады.

Қолдануы – дәрінің стандартты мөлшері 11 мг/кг (түзсыз салмағы), барынша толық мөлшері – 1г. Дәріні тамақ пен немесе тамақсыз ішеді. Энтеробиоз кезінде пирантелді бір рет ішеді, емді 2 және 4 аптадан кейін қайталайды. Аскаридоз –  бір рет ішіп, 2 аптадан кейін емді қайталады. Анкилостомоз және трихостронгилоидоз кезінде емді қатерлі жағдайда 3 күнге дейін ұзартады.

Жанама әсерлері оксантелге ұқсайды. Жақпайтын жағдайлары жоқ.

Сурамин –онхоцеркозды емдейтін басқа дәрілерге жатады, африкандық трипаносомоздың гемолимфатикалық кезеңін емдейтін тандаулы дәрілерге жатады. Қазір бұл дәрі сүт безінің және қуық түбі безінің рагын емдейтін зат ретінде талдануда. Сурамин көп ферменттердің бейөзгешелік тежеуші заты боп табылады. Дәрінің улағыш әсері зор және жиі болады: бүйрек, жүйкелер зақымдалуы, қан аздығы, сары ауру, дерматит, есекжем, дене қызуы и т.б.

Тиабендазол – стронгилоизды емдейтін тандаулы заттарға және тері үстінде қонысын ауыстыранын личинкаларын жоятын басқа дәрілерге жатады.

Дәрі бензимидазол туындыларына жатады, оның хелатты байланыстарды тудыратын қабілеті бар, көп металлдармен байланысады, бірақ Са++ иондарын байламайды.

Тиабендазолдың қабыну басатын ықпалы бар, сондықтан, оның қөп инвазияларда аурулардың белгілерін жоятын әсері пайдалы болады. Одан басқа тиабендазол Т-клеткалық иммунитетті ынталандырады, дене қызуын қайтарады, уақ саңырауқұлақтарды жоя алады.

Ішек құрттарын жоятын әсерінің негізінде фумаратредуктазаның белсенділігін азайту, оның арқасында микротүтікшелердің агрегациясын бұзу жатады. Тиабендазол кейбір құрттардың жұмыртқаларын жояды.

Қолдануы – дәрінің стандартты мөлшері 25 мг/кг (барынша толық мөлшері – 1,5 г.). Тиабендазолдың таблеткаларын тамақтан кейін, жөндеп шайнап, ішеді. Іш өткізетін заттар қажетсіз. Стронгилоидозды емдегенде дәрінің стандартты мөлшерін күніне 2 рет 2 күн бойы ішкізеді. Қажет болса, емдеу курсын қайталауға болады. Тері үстінде ауысатын личинкаларды жойғанда да емді солай жүргізеді. Кейде бұл ауруды емдегенде тиабендазолдың 15% кремін немесе оның 2% диметилсульфоксидті ерітіндісін тері үстіне 5 күн бойы жағады. Трихенеллезді емдегенде дәрінің стандартты мөлшерін күніне 2 рет 2-4 күн бойы тағайындайды, ал ішкі ағзаларда қонысын ауыстыратын личинкаларды жойғанда тиабендазолды 7 күн бойы ішкізеді. Ішектердегі капилляриоз кезінде дәріні 12 мг/кг мөлшерінде күніне 2 рет 30 күн бойы енгізеді.

Жанама әсерлері – бас ауруы, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, лоқсу, ішектердің түйілуі, іш өтуі, ұйқышылдық, құлақта шу естілу, брадикардия, қан қысымының азаюы, гипергликемия, тырысулар, лейкопения, гематурия, кристаллурия, көру жүйкенің зақымы, сары ауру, бауыр қызметінің нашарлау. Балаларда Стивенс-Джонс синдромы болу мүмкін.

Жақпайтын жағдайлар – жүктілік, бауыр-бүйректің зақымы. Қан аздығында, жүдеулік кезінде тиабендазолды абайлап тағайындау керек. Дәріңі ішкеннен кейін көлікті  жүргізуге болмайды, себебі, тиабендазол аурудың ықылас салу қабілетін азайтады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!