Трипаносомоз ауруы
Трипаносомоздар – Tryanosoma тұқымдастың гемофлагелляттарымен шақырылатын, трансмиссивті жолмен жұғатын, қан және лимфа арқылы миға және басқа ағзаларға таралып, токсико-аллергиялық реакциялар тудыратын, клиникасында қызбамен, бөртпемен, локальді ісінуілермен және ұйқышылдықпен ауыр өтетін паразитарлы тропикалық ауру.
2 түрге бөлінеді:
1.африкалық:
- родезиялық (жедел өтетін)
 - гамбиялық (созылмалы)
 
2. америкалық
Африкалық трипаносомоз:
Этиологиясы: адам организмінде трипаносомоздар –трипаномастиготтар түрінде жүреді.
Таратушылар, яғни маса организмінде – эпимастиготтар және метациклдік түрлері 18-36 күнде жетіледі- сілекей бездерінде қалыптасады.

Эпидемиологиясы – цеце шыбыны гамбия трипаносомозы-антропоноз.
Родезия трипаносомозы -зоонозды. Ауру көзі – орман антилопалар, қосымша – үй малдары, адам.
Патогенезі: қоздырғыштар енгеннен кейін қан, лимфа арқылы бүкіл организмге тарайды да токсико-аллергиялық өзгерістер тудырады. Нерв клеткаларына аутоантиденелер тууына байланысты лептоменингит, панэнцефалит деген қабыну ошақтар пайда болады. Ми ісінуінің базальды ядроларын зақымдалуы.
Клиникасы: инкубациялық мерзім – 2 аптадан бірнеше айға дейін 3 кезеңге бөлінеді:
- ерте (гемо-лимфатикалық)
 - кеш (менингоэнцефалитті)
 
Бірінішілік аффект – трипаносомды шанкр (1х7см)-тығыз ауырсынатын қызыл көпіршік.
Ерте кезеңдегі клиникалық көріністер:
- қызба
 - полиаденит
 - Уинтерботтом белгісі – мойынның артқы үшбұрышындағы лимфаденит
 - Трепанидалар – эритема тәрізді бөртпелер
 - Керандель белгісі – бұлшық еттердің ауырсыну реакцияларының төмендеуі
 - спленомегалия (50%) гепатомегалия
 - тахикардия
 
Кеш (менингоэнцефалитті) кезеңі:
- басының қатты үнемі ауруы
 - ұйқышылдық (түнде ұйқысыздық)
 - психикалық өзгерістер
 - ұсақ бұлшық еттерінің треморы
 - энцефалит белгілері
 - менингиальды белгілер
 - кома
 
Бұл кезеңнің ұзақтығы – бірнеше жыл.
Родезия түрінде сырқат жеделдеу өтеді. Ауырғандар 3-9 ай ішінде, терминальды кезеңге жетеді.
Диагностикасы: қан, ликвор немесе шанкр, лимфа түйіндерден, сүйек майынан пунктат алып – бактериоскопия жасалынады
- қосымша серологиялық әдістер
 
Емі: І-ші кезеңде сурамин ( антрипол)
ІІ-ші кезеңде – арсобал (схема бойынша)

АМЕРИКАНДЫҚ ТРИПАНОСОМОЗ (Шагас ауруы)
Зоонозды инфекция. Инфекция резервуары: жабайы жануарлар, соның ішінде маймылдар, ұшқыш тышқандар т.б.
Таратушылары – треатом қандалалары. Жабайы табиғатта қандалалар індер ішінде синантропты ошақтарда – батпақпен тростиниктен жасаланған хижиналардың қуыстарында тіршілік сақтайды.
Адамды шаққан кезде ішек бөлінділерімен қоздырғыш теріге түседі: жаралар арқылы қанға өтеді де гистиофагоцитарлы жүйе клеткаларына (бауыр, көк бауыр, бүйрек, лимфа түйіндері) қалыптасып, көбейе бастайды. Нәтижесінде зақымдалған қоздырғыштар әрі қарай дамып басқа клеткаларды процеске ілестіртеді.
Патогенездің негізінде –токсико-аллергиялық және иммунологиялық реакциялар. Жедел фазасында-ганглиозды клеткалардың айқын деструкциясы өтеді.
Созылмалы ағымда процесс жүрекке түсіп – миокардта ауыр патологиялық өзгерістер туғызады.
Клиникасы:
- жедел
 - созылмалы
 - латентті ағым
 
Жедел фазасы: инкубация – 2 апта.
- интоксикация: әлсіздік, миалгия, бас ауру
 - қалтырау
 - дұрыс емес түріндегі қызба
 - гепатоспленомегалия
 - «шагомалар»- қоздырғыш енген орнында бірінішілік қабыну өзгерістер
 - екіншілік «шагомалар»- қан арқылы тарау себебінен тері астында терімен жабысқан, тығыз, қызғылт түйіршіктер
 - полиаденит
 - дистальді ісіктер (аяқ, бет)
 - жүрек зақымдалу белгілері тахикардия, экстрасистолия, аритмия, ЭКТ-де өзгерістер
 - Z-тез, моноцитоз
 - термингальды стадияда – менингоэнцефалит
 
Созылмалы түрі 10 жылда қалыптасады. Оның негізінде – орталық және перифериялық нерв жүйесінің ганглиозды клеткалардың деструкция жатыр.
Науқастарда прогрессивті жүрек зақымы және энтеромегалия қалыптасады (мегаэзофагус, мегадуоденум, мегаколон).
Диагностикасы: бактериоскопия қаннан жуан тамшы, жағынды.
- биологиялық проба
 - ксенодиагностика (қандаларға қан сорғызады )5 күннен кейін 1 ай бойы экскременттарын метациклдік трипаносомаларға тексереді.
 
Емі жоқ.
Жазған: Молдаханов Еркебулан
 
 
