Церебролизин дәрілік заты
Саудалық атауы: Церебролизин
Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ
Дәрілік түрі: Инъекцияға арналған ерітінді
Құрамы: 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – 215,2 мг церебролизин концентраты (шошқа миынан алынған пептидтер кешені) бар, қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы: Янтарь тусті мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы: Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар,
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы. Белсенді бөлігі жартылай функциональдық қосынды әсерге ие болатын биологиялық тұрғыдан белсенді олигопептидтердің теңестірілген және тұрақты қоспасынан тұратын Церебролизиннің® күрделі құрамы, оның жеке компоненттеріне фармакокинетикалық талдау жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Фармакодинамикасы. Церебролизиннің құрамында төменгі молекулярлық биологиялық тұрғыдан белсенді нейропептидтер бар, олар гематоэнцефалды кедергіден өтіп, жүйке жасушаларына тікелей түседі. Препарат миға органоспецификалық мультимодальды әсер етеді, яғни метаболикалық реттелуді, нейропротекцияны, функциональдық нейромодуляция мен нейротрофикалық белсенділікті камтамасыз етеді.
Метаболикалық реттеу: Церебролизин мидың аэробтык энергетикалық метаболизмнің тиімділігін көтереді, даму кезеңіндегі және қартаю кезеңіндегі мидағы ақуыздардың жасуша ішіндегі синтезін жақсартады.
Нейропротекция: Церебролизин нейрондарды лактацидоздың зиянды әсерінен қорғайды, бос радикалдардың түзілуін болғызбайды, гипоксия мен ишемия жағдайында нейрондардың өміршеңдігін арттырады және жойылуын болғызбайды, қоздырғыш аминқышқылдарының (глутаматтың) зиянды нейроуытты әсерін төмендетеді.
Нейротрофикалық белсенділік: Церебролизин – нейроналдық өсудің табиғи факторлардың әсеріне барабар, перифериялық енгізу жағдайында көрініс беретін нейротрофикалық белсенділігі дәлелденген бірден-бір ноотроптық пептидергиялық препарат.
Функционалдық нейромодуляция: Церебролизин когнитивтік функциялардың бұзылуында еске сақтау және ақпаратты қайта жаңғырту процестеріне оң әсер етеді, ойлау кызметін жандандырады, көңіл-күйді жақсартады, осылайша мінез-құлыққа модельдейтін әсер ете отырып, жағымды эмоциялардың қалыптасуына ықпал етеді.
Қолданылуы
- Альцгеймер ауруы, түрлі генездегі деменция синдромдарында
- жедел және қалпына келтіру фазасындағы ишемиялық инсультте
- ми мен жұлынның жарақаттық зақымдануларында
- түрлі генезді энцефалопатияларда
- созылмалы цереброваскулярлық патологияда
- полиневропатияларда
- балалардағы ақыл-ой дамуының тежелуінде
- балалардағы назар аудару жеткіліксіздігіне байланысты бұзылуларда
- психоорганикалық синдромда және антидепрессанттарға төзімді эндогендік депрессияда (кешенді ем құрамында)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Тек парентеральды қолданылады: бұлшық ет инъекциясы түрінде (5 мл-ге дейін) және көктамыр ішіне инфузиясы түрінде (10-60 мл), берілген стандартты инфузиялық ерітіндімен араластырғаннан кейін, баяу көктамыр ішіне инфузиясы арқылы енгізу ұсынылады. Инфузияның ұзақтығы 15-тан 60 минутқа дейін болады. Дозасы мен емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ науқастың жасына байланысты анықталады. Бір рет тағайындалатын дозаның мөлшері 60 мл-ге дейін жетуі мүмкін, бірақ емдеу курсын жүргізу ТИІМДІ. Емдеу курсының стандартты ұзақтығы – 4 апта (мүмкіндігінше күн сайын аптасына 5 инъекция/инфузия). Емнің тиімділігі жоғары болу үшін, емдеу курсын науқастың халі жақсарғанға дейін жүргізу керек. Емдеудің бірінші курсын жүргізгеннен кейін, белгіленген доза жиілігін аптасына 2-3 есе кемітуге болады. Альцгеймер ауруында, түрлі генездегі деменция синдромында: көктамыр ішіне инфузиясы 20- 30 мл-ден, 100-200 мл физиологиялық ерітіндіде енгізу ұсынылады. Емдеу курсы 20 инфузиядан тұрады, аптасына 5 инфузия (келесі 2 күнділік үзіліспен) 28 күн бойы енгізу ұсынылады. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 3-6 айдан кейін қайталауға болады. Жедел жағдайларда (ишемиялық инсульт, жедел және қалпына келу фазасындағы): ауыр дәрежедегі ишемиялық инсультта Церебролизин тамшы инфузиясы түрінде күнделікті 20-30 мл дозада, 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде-60-90 минут бойы енгізіледі. Емдеу курсының ұзақтығы 10-25 күн. Орташа дәрежелі ишемиялық инсультта тәуліктік доза 10-20 мл, 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде 60-90 минут бойы енгізіледі. Емдеу курсының ұзақтығы 10-25 күн. Қалпына келу кезеңінде тәуілігіне 10 мл-ден көктамыр ішіне, 20-30 күн бойы енгізу ұсынылады. Ми мен жұлынның жарақаттық зақымдануларда: көктамыр ішіне инфузия түрінде 10-20 мл- ден. 10-20 күн бойы енгізу ұсынылады. Қалпына келу кезеңінде көктамыр ішіне 5-10 мл-ден, 20-30 күн бойы енгізу ұсынылады. Психоорганикалық синдромда және эндогендік депрессияда: көк тамыр инфузиясы 5-30 мл- ден, аптасына 5 инфузия (келесі 2 күнділік үзіліспен), 20-25 күн бойы енгізу ұсынылады. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 6 айдан кейін қайталауға болады. Нейропедиатриялық практикада (балалардағы ақыл-ой дамуының назар аудару жеткіліксіздігімен байланысты бұзылыстар) орташа тәуліктік доза 0,1- 0,2 мл/кг бұлшықет ішіне иньекциясы түрінде, күн сайын ұсынылады. Емдеу курсының ұзақтығы 30 күн, емді жылына 2-3 рет қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
- дене қызуының көтерілуі, ыстықты сезіну (көктамыр ішіне шапшаң инфузияда)
Өте сирек
- бас ауруы, бас айналуы
- тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, іш қатуы
- аллергиялық реакциялар: терінің қызаруы, инъекция орнының қышуы мен шымылдау сезімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратты дербес көтере алмаушылықта
- жедел бүйрек жеткіліксіздігінде
- эпилепсиялық ұстамаларда
Дәрілермен өзара әрекеттестігі
- Антидепрессанттарды немесе моноаминоксидаза тежегіштерін Церебролизинмен үйлестіре отырып, бір мезгілде қолдану олардың әсерінің күшеюін туғызуы ықтимал.
- Церебролизин мен аминоқышқылдарының үйлескен ерітіндісін бір инфузиялық ерітіндіде араластыруға болмайды.
- Церебролизин құрамында липидтер бар ерітінділермен және рН-ортасы (5,0-8,0) өзгертетін ерітінділермен үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар
Церебролизин қауіпсіз дәрілік препараттардың қатарына жатады. Оның құрамына енетін нейропептидтердің төменгі молекулалық салмағы анафилактикалық реакцияларға деген ықтималдықты жоққа шығарады. Аллергиялық диатездерде үлкен құрысу ұстамаларында препаратты сақтықпен тағайындайды.
Педиатрияда қолданылуы: Церебролизин балалық шақтағы барлық топқа көрсетілімдер бойынша қолданылады.
Жүктілік және лактация: Осы уақытқа дейін жүктілік кезінде Церебролизиннің қолданған әйелдерде, препараттың ұрыққа деген жағымсыз әсері байқалмады. Бірақ препарат жүкті әйелдерге қатаң жеке көрсетілімдерге сай тағайындалады және міндетті түрде емдеуші дәрігердің бақылауында болуы қажет. Жүктіліктің I триместрінде және лактация кезеңінде препаратты сақтықпен тағайындау қажет.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және механизмдерді меңгеру қабілетіне әсерін тигізбейді.
Артық дозаланғанда: Осы уақытқа дейін артық дозалану және уыттануы туралы деректер жок.
Шығарылу түрі және қаптамасы: 1. 5 немесе 10 мл-де қоңыр түсті шыны ампулада.
Сақтау шарттары: Жарықтан қорғалған жерде, +15 °С-ден +25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі: 5 жыл. Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босату шарттары: Рецепт бойынша