Психостимуляторлар — адамның миына әсер ететін, денесінің жұмысқа деген қабілетін (ойлау қабілетін де, күш-қуатын да) үйлестіретін заттар.
Жіктелуі:
- фенамин (амфетамин)
- нервитин
- перидрол
- центедрин
- мередил
- эфедрин
- теофедрин
- катин, катинон
- кофеин
- кола
- битель
- матее
Психостимуляторлар классификациясы:
1) Амфетаминдер:
- Арилалкиламин туындысы (фенилалкиламина): амфетамин.
- фенилалкилпиперидин туындысы : метилфенидат
2) Сиднониминдер: мезокарб, фепрозиднин.
3) метилксантин туындысы: кофеин.
4) психостимулы әсері бар басқа фармакологиялық топтар: сальбутиамин, этилтиобензимидазола гидробромид (Бемитил), деанола ацеглумат, меклофеноксат, Семакс.
Амфетаминдер
- Типі: синтетикалық химиялық заттар.
- Сыртқы түрі: капсулалар, таблеткалар, пилюлялар.
- Қолданылуы: ішке, мұрын арқылы,көк тамырға .
- Әсерлері: эйфория, жүрек соғысының жиілеуі, қан қысымының жоғарылауы, қарашықтың кеңеюі, тәбеттің төмендеуі, ұзақ уақыт бойы ұйықтамау.
- Қауіптілігі: бас айналуы, бас ауруы, тырысулар, анорексия, инфаркт, инсульт галлюцинация.
Амфетамин – Фенилэтиламиннің туындысы, наркотикалық зат. ОЖЖ ынталандырады, ағзанның белсенділігін белсендіреді, уақытша ұйқышылдықты пен шаршағыштықты басады. Нашақорлардың тілінде «амфик», «фен», «фрекс», «белый», «спиды», «скорость», «порох», «шмага» деп аталады.
Әсер ету механизімі: Синапсалды ұштарынан катехоламиндер, әсіресе дофамин мен норадреналиндерді көп мөлшерде бөлінеді. Қалыпты жағдайда дофаминергиялық синапста дофамин синапстық қуыстағы экзоцитозды везул арқылы бөлінеді де клеткаларға енеді: DATтранспортері (дофаминный транспортер) дофаминді синапстық қуыстан цитоплазмаға көшіреді, ал VMATтранспортер (везикулярлы транспортер моноамин) — цитоплазмадан везикулаға. Амфетамин клеткаға енгеннен кейін қарама – қарсы бағытта жұмыс істейді, везикуладағы дофаминді цитоплазмаға одан синапстық қуысқа ауыстырады. Нәтижесінде синапстық қуыста дофамин мөлшері көбееді.
Клиникалық көрінісі: Амфетамин қабылдағаннан кейін жарты сағаттан соң активті жағдайға ауысады . Көп мөлшерін артырғанда 2-3 тәулік бойы сергек боп жүреді, ал мөлшерін азайтқанда 4-8 сағатқа созылады.
Амфетаминнің әсері кенеттен тоқтайды. 6-8 сағаттан кейін шаршағыш, тітіркенгіш күйге ауысады.
Орталыққа әсері:
- Көңіл күйі көтереңкі, психикалық және физикалық белсенділік , өз – өзіне сенімді,күшті, жігерлі; ұйқысы қашады. қозғалысы және сөйлеуі белсенді болады, жұмысқа қабілетілігі артады;
- Негативті жақтары: ұйқысыздық, тремор және психоздар.
Перифериялық әсері:
- Кокаин әсеріне ұқсас, симпатикалық нерв жүйесін ынталандырады.
- Тахирадия
- АҚ жоғарлайды.
- Мидриаз
- диафорез
- Гипертермия
- қалшылдау және ауызының құрғауы
Кофеин – Метилксантин туындысы, алкалоид, кофе ұрығында, шай жапырағында және басқада өсімдіктердің құрамында болады. Психостимулятор және аналептикалық әсері бар. Ми қыртысына тікелей әсер етеді.
Қоладнуға көрсеткіш:
- ОЖЖ тежелуі
- ЖҚЖ жетіспеушілік
- Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі
- Ұйқылшылдық
- Балалардағы энурез
Қарсы көрсеткіштер:
- Жоғары қозғыштық
- Ұйқысыздық
- Гипертензия
- Атеросклероз
- Жүрек қантамыр жүйесі аурулары
- Қарт жаста
- Глаукома
- Поликистоз
Жанама әсері: Абстинентті синдром :
- бас ауру
- Құсу
- Жүрек айну
- Тітіркенгіш
- Психикалық депрессия
Кокаин – (Егуthroxylon coca, отаны— Орталық Америка) Кока өсімдігінен алады. Үнділер жапырағын стимулдеуші әсер және аштықты басу үшін шайнап қолданған. Бастапқы кезінде кокаин кока- кола сусынында, қазір медицина саласында жергілікті анестетик ретінде пайдаланылады.
Рихарду Вильштеттер 1897 жылы Айнхорна лабораториясында толықтай зерттеген
Әсер ету механизмі: кокаин гидрохлоридінің кристалін иіскеу тәсілі арқылы, ингаляция («крэк»}, инъекция (көбіне героин қосып). Пероральді қолданбайды. Себебі асқазан сөлінде активтілігі төмендейді
Қанға 10 минуттан кейің түседі, әсері 10-30 минуттай болды. Бауырда метаболизденеді, зәр арқылы сыртқа шығады.
Клиникалық көрінісі:
- Эйфория, кокаин қолданғаннан кейінгі минут(немесе секунд) дисфория, апатия, қорқыныш, агрессия
- Гиперактивтілік
- Қозу
- Тітіркендіргіш және тынымсыздық,
- Гиперсексуальдылық.
Соматикалық и неврологиялық бұзылыстар көрініс береді:
- Ауыз кебуі
- тершеңдік
- қалтырау
- қарашықтың ұлғаюы
- бас ауруы, гипергидроз
- тахикардия
- гипертензия
- рефлекс жоғарылауы
- дене температурасының жоғарылауы
- ұйқысыздық
- тәбет жоғалуы
- журек айну
- диарея
- аритмия
Шамадан тыс көп доза қолданғанда: естен танып, эпилептикалық статус, жүрек соғуы немесе тыныс алуы тоқтап өліммен аяқталады.
«Кокаинды паралич» -кокаинды нашақорлық кезіндегі деменцияның ерекше түрі. Клиникасы: Ұлылық сандырағы, көңіл-күйдің көтерілуі, критикасы жоқ, айқын кемақылдылық.