Құрғақ көз синдромы

Көздің құрғауы

«Кұрғақ көз» синдромы — көз жасы қабықшасының тұрақтылығы ұзақ уақыт зақымдалуымен негізделген белгілер жиынтығы. «Құрғақ көз» синдромы көз дәрігеріне әр түрлі шағымдармен келетін науқастардың 45% кездеседі. Жас келе осы синдромның кездесужиілігіжоғарылайды.

«Құрғақ көз» синдромы дәнекер қабықтың қабыну аурулары және күйіктері, көз саңылауының толық жабылмауынан, дакриоаденит, көз жасы безін алып тастағанда кездеседі, сонымен қатар, жүйелі аурулар (Микулич синдромы, Шегрен синдромы, ревматоидты артрит, патологиялық климакс, А дәруменінің жетіспеушілігі және т.б.) кезінде де кездеседі. Бұдан басқа көптеген физикалық және химиялық экзогенді факторлар жастың түзілуіне қолайсыз әсер етеді.

Перикорнеальді жас қабықшасы үш қабаттан тұрады: муцинды, жас сұйықтығы және беткейлі липид қабаты. «Құрғақ көз» синдромы жас қабықшасының бір немесе бірнеше құрам бөлігінің секрециясы бұзылғанда немесе оның қоршаған орта әсерінен тұрақсыздануында дамиды.

құрғақ көз синдромы

Науқастар көзде бөгде заттың болу сезіміне, көздің құрғақтығына (аурудың басында науқастар сыртқы факторлардың әсерінен күшейетін жас ағуға шағымданады), күйдіру және қышуға шағымданады. Науқастарда көру жітілігінің және тәулік бойы жұмысқа көру қабілеттілігінің ауытқуы байқалады. Бейтарапты тамшыларды тамызған кезде науқастарда ауру сезімі пайда болады. Қараған кезде дәнекердің қызаруы мен ісінуін анықтайды, ал ауыр жағдайда дәнекер мен қасаң қабықтың жылтыры болмайды (диффузды эпителиопатия немесе қасаң қабықтың эрозиясы нәтижесінде). Биомикроскопия кезінде жас қабықшасын «ластайтын» муцин жіпшелерін және қосымша кірінділерді; жас қабықшасының үзілу уақытының қысқаруы анықталады. Ширмер сынамасын жүргізгенде жас түзілуінің төмендеуі анықталады.

Емді этиологиялық факторды жоюдан бастайды. Бұл мүмкін емес кезінде жоқ жас сұйықтығын ауыстыруға негізделген симптоматикалық терапияны жүргізеді. Конъюнктивалды қапшыққа жиілігі әр науқасқа жеке таңдалған «жасанды жас» препараттарын тамызады. Түнге қарай төменгі қабақ артына гельді жағады. Нәтиже болмаған жағдайда хирургиялық араласуға (көз жасы нүктесін бітеу) жүгінеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көру бұзылысын түзету жолдары
  2. Көздің көру қызметі
  3. Нашар көру және соқырлық себептері
  4. Қабақтың абсцессі және флегмонасы
  5. Қабақтың аллергиялық аурулары

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 2 часа

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 975Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: