Көздің көру қызметі

Көз көру қыметі – диаспарантты рецептор, ол бізге қоршаған орта туралы толық мәлімет береді (заттың түсі, пішіні және т.б.). Көру қызыметінің негізгі көздің жарықсезгіштігі тор қабықпен жарықты қабылдауда 2 бөлімді ажыратады – орталық бөлімі сары дақ онда құтышалар бар және шеткі бөлімі онда таяқшалар шоғырланған. Таяқшалар мен құтышалар өткізу жолдары мен көру орталықтары 2 және көру аппараттары (күндізгі және түнгі). Олардың арасында анатомиялық және функциональді байланыс бар. Оның дәлелдемесі күндізгі көрудің біртіндеп түнгіге өтуі. Көру анализаторлары 5 көру қызметін жүзеге асырады:

  1. жарықты сезу
  2.  шеткі, түнгі көру
  3. орталық немесе күндізгі көру
  4. түсті көру
  5. бинокулярлы көру

Көру бірнеше ретті үдерістерден тұрады.

  • Айналадағы заттардан жарық сәулесі көздің оптикалық жүйесінен торлы қабыққа түйіседі.
  • Көру пигменттерінің фотохимиялық реакцияға катысу нәтижесінде тор қабықтың фоторецепторлары жарықтық энергияны нерв импульсына ауыстырады. Таяқшалардың құрамындағы көру пигментін — родопсин, ал сауытшалардағы — йодопсин деп атайды. Жарықтың әсер етуінен родопсиннің молекула құрамына кіретін ретиналь (А дәрменінің альдегиді) фотоизомерацияға ұшырайды, соның салдарынан нерв импульсі туындайды. Қолданған сайын көру пигменті ресинтезделеді.
  • Тор қабықтан нерв импульсі көру анализаторының қыртысты бөліміне өткізгіш жолдар арқылы түседі. Бас миы, екі тор қабықта да бейненің синтезделу нәтижесінде көрінгеннен тамаша бейне туындатады.

Көз үшін физиологиялық тітіркендіргіш — жарықтық сәуле (электромагниттық толқын ұзындығы 380—760 нм). Көру қызметінің морфологиялық субстраты ретінде тор қабықтың фоторецепторлары қызмет етеді: тор қабықта таяқшалардың саны шамамен 120 миллион, ал сауытшалар шамамен 7 миллион құрайды.

Сауытшалар ең тығыз макулярлы аймақтағы орталық шұңқырда орналасқан, ал таяқшалар мұнда жоқ. Әрі қарай сауытшалардың тығыздығы біртіндеп төмендейді. Таяқшалардың тығыздығы ең көп фовеоланың айналасындағы сақинада орналасып, шеткеріге жақындаған сайын олардың саны азаяды. Сауытшалар мен таяқшалардың функциональды айырмашылығы мынадай.

  • Таяқшалардың әлсіз жарыққа сезімталдығы жоғары, бірақ түстілік сезімін жеткізетін қабілеті жоқ. Олар шеткері (перифериялық) көруге жауапты (таяқшалардың орналасуына негізделген), яғни шеткері көрумен және жарық сезумен сипатталады.
  • Сауытшалар жарықтың түсуі жақсы болғанда қызмет етеді және түсті ажыратуға қабілетті. Олар орталық көруді қамтамасыз етеді (аталуы тор қабықтың орталық аймағында орналасуымен байланысты), яғни көру өткірлігімен және түсті сезумен сипатталады.

Көздің функционалды қабілеттерінің түрлері

  • Күндізгі, немесе фотопиялық көру (грек тілінен аударғанда: photos — жарық және opsis — көру деген мағынаны білдіреді) жарық түсу қарқынды болғанда сауытшаларды қамтамасыз етеді; жоғарғы көру жітілігімен және түсті ажырату қабілеттілігімен сипатталады (орталық көрудің белгісі).
  • Ымырттық көру, немесе мезопиялық көру (греч. тesos — орташа, аралық) жарық түсу дәрежесі әлсіз болғанда және таяқшалардың тітіркенуі басымдау болғанда туындайды. Ол төмен көру жітілігімен және заттардың ахроматикалық қабылдануымен сипатталады.
  • Түнгі, немесе скотопиялық көру (грекше skotos — қараңғылық) таяқшалардың жарықтың деңгейлік және деңгейлік үсті шегімен туындайды. Бұл кезде адам тек жарықты және қараңғылықты ажыратуға қабілетті.

Ымырттық және түнгі көруді таяқшалар қамтамасыз етеді (шеткері көруді көрсетеді); ол кеңістікте бейімделуге қажет.

Орталық көру

Тор қабықтың орталық бөлігінде орналасқан сауытшалар орталық формалық көруді және түсті сезуді қамтамасыз етеді. Орталық формалық көру — көру жітілігінің арқасында қарап жатқан заттың пішінін және бөлшектерін ажырату қабілеті.

Жарықты сезу – көру ағзасының филогенезінің  қарапайым қызметі. Таяқшамен жарыққы өте сезімтал, төменгі жарық энергиясымен қызады (ымырта, қараңғыда). Түнгі көру мен ымырты көру адамдарда шеткі көрумен қамтамасыз етіледі, және ол кеңестікте қозғалуға мүмкіндік береді.

  Шеткі көру 4 негізгі тәсілдермен анықталады:

  • периметрия – көру аймағын зерттеу. Көру аймағы қозғалыссыз көзбен қабылдайтын кеңестік. Бұл тәсілмен көру аймағының шекарасы және оның ішіндегі ақаулар анықталады.
  • Кампиметрия – көру  аймағының орталық бөлімін зерттеу, ол соқыр дақтың мөлшерін, аталған тор қабықтың бөлімінде ақауларды анықтайды.
  • Бақылау тәсілі барлық мамандар мен қолданылады. Дәрігерлердің көру аймағымен болжама науқастың көру аймағымен салыстыру.
  • Адаптометрия – түнгі және ымыртты көруді бағалау үшін қараңғы және жарыққа сезімталдығын анықтау.
  • Шеткі көрудің өзгерістері: Көру аймағының таралуы концентерлі күйде тіпті түтін тәрізді таралады немесе шектелген таралу. Аталған өзгерістер тор қабықпен көру нервісінің органикалық өзгерістерінде кездеседі. (тор қабықтың қабыныуы, дистродиясы, невриттер, көру нервісінің семуі.)
  • Скотомалар – көру аймағының ошақтық таралуы. Тор қабық пен көру нервісінің органикалық өзгерістерінде (қабыну, дистродия) Скотоманың келесі түрлерін ажыратады; оң науқас өзі дақ ретінде көреді, теріс (зерттеу арасында анықталады) абсалютты (объект көру аймағынан толық жойылады) салыстырмалы (оъект түрінде, бірақ анық емес); орналасуы бойынша скрбома: орталық ортаға жақын, шеткі, секторлальды.

Физиологиялық сотома –соқыр дақ (абсалюті теріс скатома, КНД кеңестіктегі проекциясына сай) және ангиоскотомалар. Соқыр дақтың шекарасының ұлғаюы кейбір аурулардың глаукоманың, КНД сүйелденуінің гипертония ауруының және т.б. ерте белгісі.

Гемианопия – көру аймағының түсіп қалуы . Көру жолдарының хиазмалық және ретрохиазмалық бөлімінің зақымдануына кездесіуі. Оның келесі түрлерін ажыратады.

Гемонизімді – екі көзді көру аймағының самай немесе танау жағы түсіп қалады. Зақымдау ошағы хиазмада орналасады. (мысалы хиазма ісігі битемпоральды гелшанапция ) немесе хиазманың қилыспаған талшықтары зақымдалса  (мысалы  ішкі ұйқы артериясының аневризмасында немесе 2 жақты оның склерозында бинзальды гемианопсия). Яғни шеткі көруді зерттеу жалпы ауруларда топикалық диагноз қоюға лирмніндік береді.

Ымыртты көрудің патологиялық жағдайы – гелиропатия (тауық соқырлық ) немесе түнгі соқырлық . Ол функциональды (гиповитаминоз А) және симтоматикалық  фотарецептуралар көру нервісінің, тор қабықтың хорамалардың органикалық ауруларында болып бөлінеді. Күндізгі көру құтышалармен жағаны жарық қарқында (30 жылдан жоғары) қамтамасыз етіледі. Оны орталық көру деп те атайды. Құтышалар тор қабықтың орталық шұнқырында шоғырланған жоғары көру өткірлігімен сипатталады түстерді және заттардың формасын жақсы ажыратады объектілерді айқындауға мүмкіндік береді. Ол тор қабықта = 0,004 мм тең немесе 4 микрон , яғни бір құтышаның диаметрі. Екі құтыша қозу жағдайында болу үшін арасындағы 1 құтыша тыныштықта болады. Екі қатар орналасқан құтышалар қозса бейнелер және көрінбейді. Сондықтан орталық көру өткірлігімен өлшенеді көру өткірлігі бір – бірімен минималды қашықтықта орналасқан нүктелерді 1 минутқа тең бұрыш астында қабылдау қабілеті. Бұндай көру өткірлігі =1,0 тең және ол қалыпты. Одан төмен көру өткірлігі 1,0 дің ондық , жүздік, мыңдық бөлімі. Көру өткірлігін анықтау кестелері бар. Ересектерде Свирцев, балаларда Орлов кестесі қолданылады.

Көру өткірлігі (жітілігі)— көздің бір-бірінен өте жақын қашықтықта, сол сияқты жеке-жеке орналасқан екі нүктені қабылдау қасиеті.

Екі нүктенің ең аз қашықтықта жеке-жеке көруі, тор қабықтың анатомиялық физиологиялық қасиетіне байланысты. Егер екі нүктенің бейнесі екі көршілес сауытшаларға түссе, олар қысқа сызыққа тұтасады. Егер екі нүктенің бейнесі, тор қабықта (екі қозған сауытша), бір қоздырылмаған сауытшамен айрылса, екі нүкте бөлек қабылданады. Сонымен, сауытшаның диаметрі максималды көру жітілігінің шамасын анықтайды. Неғұрлым сауытшалардың диаметрі кіші болса, соғұрлым көру жітілігі жоғары болады

Көрінген заттың ең шеткі нүктелері мен көздің түйінді нүктесінен (бұршақтың артқы полюсінде орналасақан) пайда болған бұрышты көру бұрышы деп атайды. Көру бұрышы — көру жітілігін айқындауға әмбебап негіз. Көздің сезімталдық шегі қалыптыда көп адамдарда 1-ге тең (1 бұрыштық минут).

Көз, арасындағы бұрыш 1-ден кем емес екі нүктені бөлек-бөлек көрсе, көру жітілігі қалыпты болып саналады және оны бір бірлікке тең деп анықтайды. Кейбір адамдардың көру жітілігі екі бірлік және одан да жоғары бірлікке ие болады.

Жас келе көру жітілігі өзгереді. Затты көру 2—3 ай кезінде пайда болады. 4 айлық балада көру жітілігі шамамен 0,01 құрайды. Бір жасқа таман көру жітілігі 0,1—0,3-ке жетеді. 1,0-ге тең көру жітілігі 5-15 жаста қалыптасады.

Көру жітілігін анықтау үшін арнайы әр түрлі көлемді әріп, сан немесе белгілер (балалар үшін суреттер — көлік, шырша және т.б.) бар кестені қолданады. Бұл белгілерді оптотиптер деп атайды. Оптотиптердің құрылу негізіне, олардың бөлшектерінің көлемі халықаралық келісім бойынша жасалған, яғни барлық оптотип 5 м қашықтықтан 5′ бұрышқа тең.

көру жітілігі

Кішкентай балалардың көру жітілігін шамалап анықтайды, яғни, әр түрлі көлемді, жарық заттарға фиксациясын бағалайды. Үш жастан бастап көру жітілігін арнайы кесте арқылы бағалайды. Біздің елімізде Головин—Сивцев кестесі ең кең тараған, оны жарықты кестеге біркелкі түсіретін, қабырғасы айнадан жасалған жәшік — Рот аппаратына орнатылады. Кесте 12 қатардан тұрады.

көздің көру қабілеті
Головин-Сивцев кестесі: а — үлкендерге; б — балаларға
  • Науқас кестеден 5 м қашықтықта отырады. Әр көзге зерттеу бөлек- бөлек жүргізіледі. Екінші көзді қалқанмен жабады. Ең алдымен оң көзді (ОD — oculus dexter), кейіннен сол көзді (03 —oculus sinsiter) зерттейді. Екі көздің көру жітілігі бірдей болған жағдайда, ОЕІ (oculi utriusque) деген белгіні қолданады.

Кестенің белгілерін 2—3 с аралығында көрсету керек. Ең алдымен оныншы қатардағы белгіні көрсетеді. Егер науқас оны көрмесе, әрі қарай зерттеуді бірінші қатардан бастап, біртіндеп келесі қатардағы белгілерді де көрсете отырып жүргізеді (2-ші, 3-ші және т.б.). Зерттелуші ажыратқан ең кіші көлемді оптотиптермен көру жітілігі сипатталады.

Көру жітілігін есептеу үшін Снеллен формуласын қолданады: visus = d / D, яғни, d — науқастың кестедегі ең анық қатарды оқыған қашықтық, ал D — көру жітілігі 1,0 тең, берілген қатарды оқитын қашықтық (бұл қашықтық әр қатардың сол жағында көрсетілген).

Мысалы, егер зерттелуші оң көзбен 5 м қашықтықта екінші қатардағы белгілерді ажыратса (13=25 м), ал сол көзбен бесінші қатардағы белгілерді ажырата алса (0=10 м), онда

  • visus OD=5/25=0,2
  • visus ОS=5/10=0,5

Қалыпты көру өткірлігі 1,0. Егер көру өткірлігі 0,01 ден төмен болса, көзден қандай қашықтықта саусақ санайтыны анықталады: VIS= беттен 10 есе.

Егер затты көру қабілеті болмаса, жарықсезгіштікті көзге түсірілген жарықтың бағытын анықтайды. Егер науқас жарық көрмесе   VIS= 0. Бұл кестелерде 12 қатар оптотиптер орналасқан. Барлық белгілер 5 метрден 5 мин тең бұрыш астында көрінеді, ал айқындығы қаралығы және ашықтығы, ақшылдығы 1 мин тең бұрыш астында көрінеді. Балаларға арналған Орлова кестесінде әріптердің орнына суреттер келтірілген . Көру өткірлігі 5 метрден 1 қатарды оқыса VIS= 0,1, ал 10 шы қатарды оқыса  =1,0 тең. Кесте бойынша көру өткірлігі 0,1 мен 2,0 аралығында анықталады. Егер көру өткірлігі 0,1 ден төмен болса қандай қашықтықтан 1 қатарда көретіндігі анықталады. Ол үшін Снеллен формуласы көру өткірлігін анықтаудың объективті тәсілі де бар. Ол аппаратпен жүргізіледі. Қозғалыстағы объектіге қарағанда оптокинетикалық нистагмге негізделген.

  • Ең төменгі көру жітілігі — көздің жарықты қараңғылықтан айыра білу қабілеті. Бұл жағдайда зерттеуді қараңғы бөлмеде, көзді жарық шоқ сәулесімен жарықтату арқылы жүргізеді. Егер зерттелуші жарықты көрсе, оның көру жітілігі жарық сезуге тең (perception lucis). Бұл жағдайда көру жітілігін былайша белгілейді: visus = 1 / °°.
  • Жарық будасын көзге жан-жақты бағыттайды (жоғарыдан, төменнен, оңнан, солдан), осылайша тор қабықтың жеке бөліктеріндегі жарықты қабылдау қасиетін тексереді. Егер зерттелуші жарықтың бағытын дұрыс анықтаса, оның көру жітілігі жарық сезуі дұрыс проекциялы болып есептеледі (visus = 1 / °° proectio lucis certa, немесе visus = 1 / °°l.c).
  • Егер де зерттелуші бір жақтан болса да дұрыс анықтамаса, оның көру жітілігі жарык сезуі дұрыс емес проекциялы болып есептеледі (visus = 1 / °о proectio lucis incerta, немесе visus = 1 / °° р.1. іпсегіа).
  • Науқас жарықты қараңғылықтан айыра алмаған жағдайда, оның көру жітілігі нөлге тең болып саналады (visus =0).

Көру жітілігі (өткірлігі) — бұл кәсіби жарамдылық пен мүгедектік тобын анықтау үшін маңызды көру функциясы. Көру жітілігін объективті анықтау үтттін кішкентай балаларда немесе сараптауды жүргізу кезінде, қимылдағы объектілерге караған кездегі көз алмасының нистагмоидты қимылын фиксациялауды қолданады.

Түсті сезу – түстерді ажырату қабілеті. Кеңінен тараған Ломоносов, Юнг, Гельмгольцтің 3 компонентті түсті көру теориясы. Табиғатта 3 түсті сезу компанент бар Олар түрлі ұзындықтағы толқындармен қоздырылады. Көп дәрежеде ұзын (қызыл ), орташа  (жасыл), қысқа (көк) толқындар. Барлық үш құрам біркелкі қыздырылса ақтүс сеземіз, ал қыздыру болмаса – қара түсті сеземіз. Түсті көруді  құтышалар қамтамасыз етеді. Әрбір құтыша ми қыртысында көру аймағында жеке өкілге ие. Түсті көру Рабкиннің полихроматикалық кестесімен анықталады кестеге үш түсті (қызыл, жасыл, көк) 3 қасиетімен ажыратуға принципті салынған. Олар реңі қоюлығы, ашықтығы (жарықтығы) Қалыпты адамның түсті қабылдауы бұзылмаса қалыпта үш хромаат.Түрлі патологиялық жағдайларда түсті көру бұзылады.

  • Протопия – қызыл түсті толық қабылдамау.
  • Дейтеранопия – жасыл түсті толық қабылдамау
  • Тританопия – көк түсті толық қабылдамау.

Түсті қабылдаудың әлсіреуі: протаномолия, дейтераномалия, тританомалия. Дихромазия – екі түсті ғана қабылдау, монохромазия – бір түсті ғана қабылдау. Іштен туа пайда болған өзгерістер жиі 2 жақты, жиі ерлерде көк және жасыл түстерге жүре пайда болған өзгерістер. Жүре пайда болған өзгерісетер тор қабық ауруларында, ОЖЖ ауруларында іштен туа пайда болған өзгерістерге қарағанда жүре пайда болғандар ауру барысында және емнің нәтижесінде өзгереді. Оған жататындар :

  • Эритропсия – айналаны қызыл түсте көру, катарактаны алғаннан кейін.
  • Цианопсия – айналаны көк түсте көру, себебі сол.
  • Ксантопсия айналаны сары түсте көру акрихин немесе никотин қышқылымен уланғанда.
  • Хлоропсия – айналаны көк түсте көру , хлормен уланғанда.                                                                  

  Түсті көрудің бұзылуын  нақтылы анықтау үшін аномалоскопия тәсілі қолданылады, ол арнайы аппаратта анықталады.

Бинокулярлы көру – екі көзбен көру. Екі көздің орталық шұнқырына түскен бейне ми қыртысының пара – пар бөлімдеріне беріледі де екі көздегі бейнелер қосылады, бір бейне болып көрінеді. Ол келесі жайларға байланысы

  1. Көз қимылдатқыш бұлшық еттердің қалыпты болуы және тепе – теңдігі
  2. Тор қабықта анық бейненің болуы
  3. Бейнелердің екі көзде пара –пар бөлімдеріне түсуі
  4. Өткізудің жолдарының қалыпты болуы

Бинокулярлы көру  өткірлігі 0,3 тен төмен болмаса дамиды. Бинокулярлы көрудің жоғары дәрежесі, терең кеңестікті , стероскопия , рельфті көру. Бинокулярлы көрудің бұзылу түрлері:

Монокулярлы – бір көзбен көру

Бір уақытта көру – екі көзбен кезек көру. Бұларға көздің ауытқуларында қылилыққа әкеледі. Бинокулярлы көруді анықтау тәсілдері 4 нүктелі тест , поляроидты диплоскоп Болжама тәсілдері де бар. Соколов сынағы немесе «алақанда тесік», карандаш пен бізбен.

Бинокулярлық көрудің бұзылуын неғұрлым ерте кездесе 3-4 жастан соғұрлым емнің нәтижесі де жоғары. Көру қызметтері адам өмірінде мамандық таңдауда, еңбек және әскери экспертиза да маңызды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Нашар көру және соқырлық себептері
  2. Глаукома

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!