Босанудан кейінгі бөлімдегі асептика және антисептика

Босанудан кейінгі бөлімдегі асептика және антисептика

ҚР №87 бұйыққа сәйкес: Жеке босандыру палатасы немесе бірге болу палатасы – босанатын бір әйелді босандыруға арналған, санитариялық торабы бар, босанған әйел жаңа туған нәрестесімен стационардан шыққанға дейін болатын, жабдықталған үй-жай;

  1. босандыру залдары, шынтақ крандары қондырғысы бар қолжуғыштармен, сұйық антисептикалық сабыны мен антисептиктер ерітіндісі бар шынтақ дозаторларымен жабдықталады.

Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда, санитариялық өткізгіштерде, операция алды және босандыру залдарында, емшара, танып-байлау, егу кабинеттерінде, стерилдеу, жаңа туған нәрестелер және бір жасқа дейінгі балалар бөлімшелерінде, санитариялық-тұрмыстық бөлмелерде, жуу, буфет, тарату, ас блоктарында, кір жуатын орындарда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнатылады.

Операциялық, наркоз, босандыру бөлмесіне, реанимациялық, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі науқастарына арналған палаталарға берілетін ауа тазалау дәрежесі жоғары бактерицидті ауа сүзгілерінің көмегімен зарарсыздандырылады (кемінде 95%).

Операциялық блокты, танып-байлау, босандыру залдарын, емшара, манипуляциялық, стерилдеу үй-жайларын, қарқынды терапия палаталарын, асептикалық режимді үй-жайларды ауқымды жинау жабдықты, жиһазды, мүкәммалды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі.

Операциялық бөлмелерде, таңу бөлмелерінде, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара бөлмелерінде, инфекциялық бокстарда, асептикалық режимі бар үй-жайларда әрбір ағымдық жинаудан кейін отыз минутқа, ал күрделі жинаудан кейін екі сағатқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады.

Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі.

120. Операциялық, босандыру блоктарында, асептикалық режимдегі үй-жайларда ауруханалық стерилді немесе бір реттік киім-кешек пайдаланылады.

Жеке босандыру палатасы сұйық сабынмен, антисептикпен, бір рет пайдаланылатын сүлгімен, қол жуу техникасы бойынша қабырғалық көрнекі құралмен, кілемшемен, доппен, швед шкафымен қамтамасыз етіледі. Палаталарда ылғалды жинауға болатын заттарды қолданған жағдайда еркін интерьерге, ана мен бала үшін өзінің таза киімін қолдануға жол беріледі.

босанудан кейінгі асептика

Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +25 С болуы тиіс. Егер мерзімінен бұрын босану күтілетін болса, ауаның температуры кемінде +28 С болуы тиіс.

202. Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде үш-бес күн болудан аспайтындай етіп толықтырылуы тиіс, үй-жайдың температурасы кемінде 25 С болуы тиіс.

Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты
Босанудан кейінгі палаталар: ауаның есепті температурасы 25-28 С, 1 сағатта ауа алмасу жиілігі (ішке сору, сыртқа сору) 100%, табиғи ауа алмасу кезіндегі сору жиілігі: жол берілмейді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Хиругиялық инфекция, асептика және антисептика
  2. Қоршаған орта микрофлорасы
  3. Босанудан кейінгі күтім
  4. Ауруханаға дейінгі акушерлік босануды жүргізу
  5. Босануға физио- психопрофилактикалық дайындық

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!