Ауруханаға дейінгі акушерлік босануды жүргізу

Ауруханаға дейінгі кезеңдегі акушерлік көмек

Босану – жедел жәрдем шақырту себептерінің бірі. Жедел жәрдем дәрігері босанудың әр бір кезеңімен: ашылу кезеңі, қуу кезеңі және ерте босанғаннан кейінгі кезеңдермен бетпе- бет кездесуі мүмкін.

Босану толғақ келуіне байланысты жатыр мойнының ашылу кезеңінен басталады. Бірінші және қайта босанған әйелдердің жатыр мойнының ашылу үрдісінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Бірінші рет босанғанда жатыр мойны әуелі тегістеліп, сонан соң ашылады, қайта босанғандарда жатыр мойнының тегістелуі мен ашылуы бір мезетте болады. Ашылу кезеңінің ұзақтығы бірінші босанатындарда 12-14 сағат, кайта босанғандарда 8-10 сағатты құрайды. Физиологиялық босанудың ашылу кезеңінің аяғында кағанақ жарылып, айналасындағы су ағады. Дегенмен 30-40% босануда қағанақ жарылуы ерте (қағанақ суының ерте ағуы), я болмаса толғақ алды (қағанақ суының мезгілінен бұрын ағуы) болады. Кейде қағанақ суы жарылмайды, қуу кезінде жыныстық қуыстан бірінші туылады. Сол кезде жасанды тесу аркылы қағанак суын ағызу керек. Себебі нәресте қағанақтың пердесімен туылса, дереу іштен тыс демала алмай, тұншығуы мүмкін.

Босанудың екінші кезеңі – қуу кезеңі- нәрестенің тууымен, дүниеге келуімен аяқталады. Бұл кезеңде толғаққа күшену қосылады – дене көлденең жолақты бұлшық еттерінің рефлекторлы жиырылуы. Күшенудің әсерінен іштегі нәресте туу жүйесінен өтіп бара жатып, итерілу және айналу қимылдарын: бастың иілуі, бастың ішкі айналуы, шалқайтылуы (туылуы), ішкі айналуы және дененің туылуы.

Дені сау нәресте туыла салысымен қатты айқайлайды, белсенді, терісі қызғылт болады. Бірінші рет босанғандарда қуу кезеңі 1-2 сағат, қайта босанғандарда 30 минунқа дейін, кейде 5-10 минутқа созылады.

Ауруханаға дейінгі босану

Үшінші босанғаннан кейінгі кезең — бала жолдасының тууымен аяқталады (яғни бала жолдасы мен пердесі). Алдыңғы екі кезеңге қарағанда, соңғы кезеңде көбірек қан кетуі мүмкін. Негізінде бала жолдасының түсуі 3-4 толғақпен немесе ұзақтығы 10-15 минут ішінде аяқталады. Физиологиялық  қан жоғалту ерте босанғаннан кейін немесе бала жолдасының түсуі кезеңінде 200-250 мл құрайды. Толғақ басталғаннан әйелді босанатын әйел деп, босанғаннан кейін және одан кейін 8 аптаға дейін – босанған әйел деп атайды.

Егер ауруханаға дейін босанудың екінші кезеңін бітіру қажет болса (үй жағдайында, мекемелерде, санитарлы көлікте) босанатын әйелді аркасына ыңғайлы етіп, жатқызып, аяғын тізесінде бүгіп, кең ашады. Жамбас астына жастық қойып, көтеріп жатқызады. Босанатын әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін калий перманганаты ерітіндісімен (0,02%), йоданатпен (1%) немесе гибитанмен (хлоргексидин биглюконаттың 0,5% спирттік ерітіндісімен); йодтың спирттік ерітіндісімен (5-7%); дәрігердің қолын – гибитанмен, первомурмен, олар жоқ болса спирт немесе йодпен залалсыздандыру қажет.

Дәрігер акушерлік құрал қолдану үшін босанатын әйелдің оң жағында тұрып, оң қолының алақанын басбармақ пен ажыратылған сұқ саусағымен шатқа қояды, оның жыртылып кетпеуін қадағалайды. Сол қолдың саусақтарының ұшын дәрігер нәрестенің басына қойып, оны кішкене артқа қайырып, шатқа қаратып, күшенген кезде қатты шығып кетпеуін қадағалайды. Бала туылғаннан кейін үшінші, бала жолдасының түсу кезеңі басталады. Босанған әйелдің хал – жағдайына, өңіне, шағымына, АҚҚ, пульсіне, мұқият қарап отырған жөн.

Әйелдің жамбасының астына жоғалтып жатқан қанды жинап, есептеу үшін жам (жайпақ ыдыс) қойылады. Баланың жолдасының ажыратылып,түсуіне кедергі болмау үшін қуықты катетер қойып босату қажет. Баланың жолдасын жатырды сыртынан сипау немесе кіндіктен тарту арқылы күшпен түсуін тездетуге болмайды, себебі бала жолдасының түсу үрдісінің бұзылуына және қан кетуге әкеліп соғады. Түскен баланың жолдасын міндетті түрде перзентханаға жеткізу керек, себебі акушер – дәрігер оның бүтіндігіне түбегейлі баға беруі керек. Босандыру үшін бір реттік қолданылатын, залалсыздандырылған акушерлік құрам қолданылғаны дұрыс. Сонымен қатар “жедел жәрдем” көлігінде жаңа туған нәрестені біріншілік өңдеу үшін залалсыздандырылған қораптар болады. Қораптың ішінде жоғарғы тыныс жолдарынан кілегей сорып алу үшін катетер, мақтадан жасалған тығындар, офтальмобленнореяның алдын алу үшін қолданылатын пипетка, Кохер қысқышының үшеуі, анатомиялық қысқаш, қайшы бар. “Жедел жәрдем” көлігінде келесі дәрі-дәрмектер босануды жүргізу және нәрестені біріншілік залалсыздандыру үшін этил спирті 95%, 1% йодонат ерітіндісі (немесе 5% йодтың спирттік ерітіндісі) 30% сульфацил натий ерітіндісі, 0,02% перманганат калий ерітіндісі болуы керек.

Жаңа туған нәрестені біріншілік тазарту. Баланы залалсыздандырылған жөргекке қабылдап, кіндігін тартпай анасының екі аяғының ортасына жатқызады. Залалсыздандырылған катетермен жоғары тыныс жолдарынан кілегейді сорып алып, Апгар әдісі бойынша баланы қарап, бағалаймыз: оған бес клиникалық белгілер кіреді: жүрек соғуының жылдамдығы, дем алу тереңдігі, нерв жүйесінің рефлекторлы қозғыштығы, бұлшықет тонусының жағдайы, тері түсі.

Апгар шкаласы бойынша туылғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін нәресте жағдайын клиникалық бағалау

0 Балл

  • Жүрек соғысы: анықталмайды
  • Тынысы:анықталмайды
  • Бұлшықет тонусы: аныкталмайды
  • Рефлекторлы қозғыштық: аныкталмайды
  • Тері түсі: жалпы бозаруы немесе көгеруі

1 Балл

  • Жүрек соғысы: 100 аз
  • Тынысы: Ретсіз брадипноэ, жеке тырысу, жоғары дем
  • Бұлшықет тонусы: аяқ-қол жинау жеңіл сатысы
  • Рефлекторлы қозғыштық: Бет – келбетінің жиырылып, өзгеруі
  • Тері түсі: Терінің қызғылт түсі және аяқ-қолының  көгеруі

2 Балл

  • Жүрек соғысы: 100 көп
  • Тынысы: қалыпты, үнемі, қатты (дауыс) айқай
  • Бұлшықет тонусы: белсенді қозғалыс, жаңа туған нәрестенің физиологиялық жатысы
  • Рефлекторлы қозғыштық: Жөтел, түшкіру, айқай.
  • Тері түсі: қызғылт түс

Жақсы айқындалған кезекті белгі 2 баллға белгі болмауы немесе қалыпты ауытқуы – 1 және 0 баллға бағаланады. Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық болса 8-10 балды, жеңіл тұншығуда 6-7 балды, тұншығудың орташа ауырлығында – 4-5 баллды, ауыр және ұзақ гипоксиялық жағдайда- 1-3 баллды құрайды. Апгар шкаласы бойынша қайта бағалау 5 минуттан кейін жүргізіледі, ол реанимациялық іс-шаралардың нәтижелілігін көрсетеді.

Жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалағаннан кейін, оның біріншілік тазалауына кіріседі: офтальмобленнореяның алдын алу, кіндігін байлау. Офтальмобленнореяның алдын алуды 30% сульфацил – натрий ерітіндісімен ( ерітіндінің жарамдылық мерзімі 1 тәулік) жүргізеді. Нәрестенің көздерін бөлек – бөлек заласыздандырылған мақта тығындарымен сүртеді, айналдырылған жоғары қабағының астына 2-3 тамшы ерітінді тамызады, қыз баланың жыныс еріндерін ашып, қынап аймағына 2-3 тамшы тамызады. Кіндігін үш Кохер қысқышымен ұстап, бірінші қысқышты 10 см, екіншіні – 8 см кіндік түбінен алшактықта, үшіншіні әйелдің жыныс мүшелеріне жақын жерден қысып салады. Бірінші және үшінші қысқыштардың арасын алдын ала 95 % этил спиртіне малынған мақта тығынымен заласыздандырып қайшымен қырқады. Нәрестенің кіндік аймағындағы екі қысқыш тасымалдаған кезде тамырларынан қан кетуден сақтайды. Нәрестені біріншілік тазалағаннан кейін залалсыздандырған жаялыққа орап, жылы ұстап, перзентханаға жеткізеді. Ары қарай нәрестенің денесін, кіндігін тазалау, таразыға тарту, бойын өлшеу, перзентханада жүргізілуі керек. Тұншығып туған нәрестеге реанимациялық іс – шаралар үстелге жатқызып жүргізіледі. Реанимация баланың ауыз, мұрын, кеңірдек қуысынан кілегейді сорып алу шараларынан басталады. Реанимацияның ұзақтығы нәтижелілік белгілері жоқ болса 15 минуттан аспауы керек.

Тұншығып туылған нәрестеге ауруханаға дейін өткізілетін реанимациялық шаралардың көлемі:

Жеңіл тұншығу: (Апгар шкаласы бойынша бағалау 6-7 балл) Ауыз, мұрын-тамақ қуысынан, асқазаннан кілегейді сорып алу.

Орта ауырлықтағы тұншығу (Апгар шкаласы бойынша бағалау 4-5 балл) ауыз, мұрын -тамақ қуысынан, асқазаннан кілегейді сорып алу. Өкпені маскалық әдіспен жасанды желдету (Амбу қапшығы немесе “Пенлоннмен”). Кіндіктің көк тамырына бір кг салмаққа 5 мл 20% глюкоза ерітіндісін, 8 мг/кг кокарбоксилаза енгізіледі

Ауыр тұншығу (Апгар шкаласы бойынша бағалау 1- 3 балл) ауыз, мұрын – тамақ қуысынан, асқазаннан кілегейді сорып алу. Өкпені маскалық әдіспен жасанды желдету (Амбу қапшығы немесе “Пенлонмен”). Кіндіктің көк тамырына бір кг салмаққа 5 мл 20% глюкоза ерітіндісін, (8мг/кг) кокарбоксилаза, гидрокортизон (5мг) немесе преднизолон (1-2 мг/кг) енгізіледі. Барлық ерітінділерді өте жәй енгізу қажет.

Өкпені жасанды желдетуді кеңірдек интубациясы әдісімен, жағдай жоқ болса – маскалы әдіспен жүргізу қажет, Кеңірдек интубациясын тік ларингоскоп бақылауымен жүргізіп, кеңірдек және үлкен бронхтардағы кілегейлер сорып алынады.

Ауалы – оттегі қосындысымен өкпені жасанды желдетуге – қан қысымы 30-40 мм.с.б. және тыныс алу жиілігі минутына 30-40-тан артпаған жағдайда кіріседі.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!