Қоршаған орта микрофлорасы

Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта микрофлорасы.

Микроорганизмдер экологиясы (oikos – грек сөзінен аударғанда – үй, тіршілік ету орны) – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді.

Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады.

Микроорганизмдер – биоценоздың құрамды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп – жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.

Қоршаған ортада микробтардың таралуы.

Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.

Топырақ микрофлорасы

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін – өзі тазарту процесстеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия саны- 10 млрд. жасауға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, құрғақшылық т.б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.

Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.

Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б байланысты. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН- ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-450 С температурада дамуға қабілетті.

Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas,Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк- жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.

Топырақ- Bacillus және Clostridium туыстығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар (Bac.megaterium. Bac. Subtilis және т.б. ), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың  қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum).

Ішек бактериялары ( тұқ. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұсында).

Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.

Қарапайымдылар мөлшері 1 г топырақта 500-500 000-ға дейін жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.

Адам үшін топырақтық құрамы  және оның микрофлорасының мәнін білу топырақтың санитарлық-микробиологиялық бағалануын реттеуге қажетті жағдай. Топырақтың санитарлық-микробиологиялық зерттелуі алдын ала қадағалау және ағымды санитарлық  қадағалау инструкциясына бағынады.

Алдын ала қадағалау жүргізіледі:

  • құрылысты және тұрғылықты жерлердегі қайта қоныстандыру орындарын қайта салуды жоспарлау кезінде.
  • емдеу-профилактикалық және дәріханалық мекемелердің, санаторилардың, балалар мекемелерінің құрылыс орындарын таңдау кезінде.
  • тұрғылықты жердегі сумен қамтамасыз ету және канализация мәселелерін шешу кезінде.
  • ұжымдық дем алу орындарын және жағажайлардың санитарлық бағалануы кезінде.

Ағымды санитарлық қадағалау жүргізіледі:

  • топырақтың санитарлық жағдайын бағалау кезінде және өзін өзі тазалау қабілетін тексеру кезінде (мысалы балалар бақшасының топырағын, аурухананың, демалу орындарының топырақтарын жылына 2 рет жүргіледі).
  • ағын сулар мен қалдықтарды топырақтық және биотермиялық залалсыздандыру әдістерімен қадағалау кезінде жүргізіледі (айына 4 ретке дейін)
  • эпидемиялық көрсеткіштер бойынша инфекциялық аурулардың берілуін анықтау.

Ағымды-санитарлық қадағалауды жүргізу кезінде тағайындалады, оған: ЖМС, ІТТБ, қатал анаэробтар титрі, термофильді бактериялар, нитрификациялайтын бактериялар. Толық санитарлы микробиологиялық анализге қосымша енгізіледі: микробтардың жалпы санына споралардың, актиномицеттердің, саңырауқұлақтардың, целюлоза ыдыратушы микроорганизмдердің және аммонификаторлардың, топырақ микробиоценозының негізгі топтарының пайыздық қатынасын анықтау. Эпидемиялық көрсеткіштер зерттеу барысында патагеді микроорганизмдерді анықтау жүргізіледі.

Сынама алу: Сынаманы 5×5 метр, 5 нүктеден (конверт әдісі) аламыз.

Асептика жағдайында 1 кг сынаманы 20-25см тереңдіктен аламыз.

Зерттеу әдістері: Топырақтағы ЖМС-ны терең егумен анықтаймыз (тығыз ортада) 10 еселенген сұйылтуда және тікелей микроскопиялау әдісі (Перфильев бойынша).

Егер нәжістік ластану деңгейі жоғары болмаса, топырақтағы ІТТБ-ны ащыту сынамасы әдісімен анықтаймыз немесе мембраналық фильтр әдісімен; жоғары  дәрежеде – тікелей  топырақтық суспензияны егу жүргізіледі (1:10) Эндо ортасына. Топырақтың санитарлық жағдайының және оның өзін өзі тазалау қасиетінің маңызды критериі болып топырақтың перфингенс-титрі болып табылады (топырақтың Clostridium perfringens анықталып жатқан минималды мөлшері). Топырақтың нәжістік ластануынан 4-5 айдан кейін эшерихиялар жойылады, ал клостридиялар 0,01 титрде анықталады. Перфрингенс-титрді Вильсон-Блер ортасына топырақтық суспензияны 10 есе сұйылтып терең егеміз. Термофильді бактериялар санын тығыз ортада 60° С та 1 тәулік бойы инкубациялап санаймыз. Ал нитрифицирлейтін бактериялар титрін топырақтық суспензияны 10-есе сұйылтып сұйық синтетикалық Виноградский ортасына егіп анықтаймыз. Жаңа нәжістік зақымдану көрсетеді: Энтерококктардың табылуы, нитрифицирлейтін бактериялар және термофильдердің болмауы ІТТБ санының көптігін және клостридиялардың вегетативті пішіндерінің жоғарылауына алып келеді. Термофильді бактериялардың анықталуы топырақтың көңмен, шыммен немесе ағын сумен ластануын және органикалық субстраттың ыдырау стадиясын көрсетеді. Нитрифицирлейтін бактериялардың пайда болуы өздігінен тазару процесінің дамуын көрсетеді. Өздігінен тазарудың толық бағасын беру үшін топырақта органикалық субстраттардың жылдам ыдырытатын микроорганизмдерді анықтаймыз: Бациллаларды, актиномицеттерді.

Зерттеу күніЗерттеуге арналған құралЗерттеу барысыҚорытынды
11Топырақты балшықа)Арнайы сулы ваннада 30 мин 80°-ге қыздырылған және 45°С суытылған Китт-Тароцци ортасына балшықты егу.

б)37°С термостатта инкубациялау.

12Топырақты балшық пен егілген Китт-Тороци ыдысыа) препарат дайындау,грам бойынша бояу, микроскоптау.

Ауа микрофлорасы

Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты.

Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шар тәрізді және таяқша бактериялар, костридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының  жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында микроорганизмдер өте аз.Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында  болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақытылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б байланысты болады.

Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т.б. ) қолданылады.

Ауаны зерттеудің сандық микробиологиялық зерттеу әдісі тұндыру (седиментация), аспирация немесе фильтрация принциптеріне негізделген.

Седиментациялық әдіс. Қоректендіретін агары бар екі Петри табақшасын 60 минут бойы ашық күйде қалдырады содан соң термостатта 370С-да инкубациялайды. Нәтижелерді екі табақшадағы колониялардың жалпы санымен бағалайды: егер 250-ден аз колония табылатын болса ауа таза деп есептеледі, 250-500 колония орта дәрежеде ластанған, 500-ден көп колония ластанған деп есептеледі.

Аспирациялық әдіс. Ауаның микробтық өлшемін анықтайтын нақтырақ әдіс. Ауаның дақылдандырылуы құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Кротов құралы қоректендіретін Петри табақшасын жауып тұратын плексигластық пластинаның жіңішке тесігінен белгілі бір жылдамдықпен ауаны өткізіп тұрады. Инкубациядан кейін термостатта микробтық өлшемді мына формула бойынша санайды:

x =a*1000/V

мұнда a-табақшадағы өскен колониялардың саны; V-құралдан өткен өткізілген ауаның көлемі, л; 1000-ауаның болуға тиіс көлемі,л.

Жалпы микробтық саны. Ауаның ЖМС 1м³ көлемінде колония түзүші бірліктің саны (қоректік агар бетіне дақылдандырылған және 24сағат бойы 37°С градуста немесе бөлме температурасында инкубациланған колониялар санын есептейді).

Саңырауқұлақтар бар болуы. ауадағы ашытқы және зең саңырауқұлақтарының барлығын 96 сағат Сабуро ортасында 22-28°С  инкубациял апанықтайды.

Ауаның микробтың санын анықтау үшін қоректендіретін агар қолданылады, гемолитикалық стрептококктарды анықтау үшін-генциан фиолет қосылған қанды агар, күдікті колонияларды қанды агарға қайта егу мен екіншілік микроскоптау арқылы жүреді. Staph. aureus-ті сарыуызды-тұзды агарға ауаны дақылдандыру арқылы анықтайды.

Орталар құрамы. Генциан-виолетті қанды агар:2% қоректендіретін агар мен 5-10% жылқының дефибринацияланған қанымен, қоян немесе қойдыкімен. Сарыуызды-тұзды агар: 2% қоректендіретін агар 10% натрий хлориді, 20% сарыуыз өлшемі.

Ауаны зерттеу үшін өзге де құралдар қолданылуы мүмкін (Дьяков, Речменский, Киктенко, ПАБ-1, ПОВ-1), оларда ауаның белгілі бір көлемі сұйықтықтар мен фильтрлерден өткізіледі, сосын қоректік орталарға өлшеніп дақылдандырылады. ПАБ-1 және ПОВ-1 қолдана отырып ауаның үлкен көлемдерін өлшеп, патогенді бактериялар мен вирустарды анықтайды. Патогенді және шартты-патогенді бактериялардың-ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштары (стафиллококктар, көк іріңді таяқша мен өзге де грам теріс бактериялар), міндетті анықталынуы-қазіргі уақытта стационарлардағы ауаны тексеруде қолданылады: хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық,т.б.

Ауруханаішілік стафиллококктық этиологиясы бар инфекциялар анықталған жағдайда оның көзі мен таралу жолдарын табу үшін зерттелінеді: қоршаған орта объектілерінен бөлінген және науқастар мен күтүші персоналдан фаготиптену жолымен бөлінген стафиллококктар идентификацияланады.

Стационардағы кейбір бөлімшелердің ішіндегі ауаның микробты зақымдалуының рұқсат етілген мөлшері

Жұғын алу орныЖұғын алу уақытыЗерттеу қорытындылары1 м³ ауа
Микробтар жалпы көлемі(КОЕ /м³)Алтын стафф.Грам теріс бак.
Операциялық блок

 

Реанимациялық бөлім(палаталар)

Процедуралық бөлме

Жұмысқа дейін

Кейін

Жұмысқа дайын

Жұмысқа дейін

100-ден көп емес

1000

1000-нан көп емес

50-ден көп емес

1000

Болмауға тиіс

 

4-тен көп емес

1-2ден көп емес

Болмауға тиіс

 

Болмауға тиіс

Болмауға тиіс

1-2 мүмкін

Қоршаған орта микрофлорасы

Су микрофлорасы

Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің физикалық- химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.

Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар,аэромонадалар және т.б) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және  аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (тұнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы организмдермен өңделетін,органикалық қалдықтардан өзін өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері (ішек таяқшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококк, клостридии) және ішек жұқпасының қоздырғыштары (іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспероз, энтеровирустар және т.б) ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және жауын-шашын сулармен өзен, көлдерге түседі. Олай болса, су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады.Кейбір қоздырғыштар суда көбейе алады (тырысқақ вибрионы, легионеллалар). Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүрлі, жарқырауық және галофильді (тұз жақсы көретін) микроорганизмдер болады. Мысалы галофильді вибриондар молюскалар мен кейбір балық түрларін зақымдайды, оларды тамаққа қолданғанда тағамдық токсиноинфекция дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болғандықтан, артезиан скважинасының суында микроорганимздер болмайды.

Су түрлi микроорганизмдар табиғи тiршiлiк ортасы  болып табылады.

Көптеген жағдайлардада табиғи суларды микрофлорасы оның табиғатына  байланысты. Негізгі түрлері:

  1. тұщы жер үстi сулар, оларға:
  • ағын өзендер, жылғаларды сулар,
  • су – көлдер, тоғандар, cу қоймалары;
  1. жер асты-топырақ, топырақ, артезиан сулары (қабат аралық);
  2. атмосфералық – жауын, қар;

теңiз сулар.

Қасиеті бойынша бөлінедi:

  1. ішуге арналған су. Сумен орталықты және жергілікті қамту, ашық сутоғандардан (өзен, су қоймасы) немесе жер асты суларынан (ұңғымақ, балды бұлақтар, құдықтар) жиналады;
  2. жүзуге арналған хауызды сулар;

Қалдық суларды бөлек ерекшелейдi: шаруашылық–фекальді, өнеркәсiптiк, нөсер жаңбырдан, бірақ осы сулардың микрофлорасы табиғи суларды ластайды.

Судың микрофлорасы мен гигиеналық қасиеті оның қолдануы мен табиғатына байланысты әр түрлі болады. Жер асты суларды микрофлора аз санды болады, артезиан ұңғымаларында судың 1 мл  бірнеше бактериялар болады.

Ашық су тоғандарында  микроорганизмдердің сандық байланыстары әр түрлі шектерде өзгеріп отырады: 1мл–де  бiрнеше он шақты, жүздеген,  миллионға дейін болады, бірақ ол оның ластануының дәрежесi, метеорологиялық шарттардың ауысымына,  суқұбырдың түрлеріне, маусым және тағы басқаларына байланысты болады.

Сутоғандарының барлық микрофлорасын  экологиялық тұрғыда  екi топқа бөлуге болады:

  1. аутохтонды (немесе сулы)

аллохтонды, әр түрлі көздерден ластану кезінде

Аутохтонды флора – суда өмiр сүретін  және көбейетiн микроорганизмдер. Судың микробтарын топырақтың микрофлорасының құрамын бейнелеп көрсеткендіктен, , топырақта өте көп  таралған микробтар табылады.

Суда өмір сүруге бейімделген микроорганизмдер кұрамында  тұрақты болатын микроорганизмдерді судың арнайы флорасы деп атайды.. Оларға аэробты  кокктар жатады: Micrococcus candicans, Micrococcus roseus, Sarcina lutea Pseudomonas fluorescens,  Proteus , Leptospira өкiлдерi.

Таза ластанбаған сутоғандарында  оттегiні қажетсінбейтін бактерия аз. Көбінесе Serratia marcescens, Bacillus cereus, Bacillus mycoides, Chromobacterium violaceum,  Clostridium және басқалары болады.

Су түбінде және жағалаудағы аймақта микробтар саны көп болады, себебі жаңбыр суы және жағажайдың топырағынан бактериялардың көптеп  түсуінен болады.

Судың микроорганизмдері табиғаттағы заттар айналымында түбегейлi рөл ойнайды. Су тоғандарындағы биологиялық белсенділік жазғы-күзгi мерзiмде ең жоғары дәрежеде болады.

Сапробтық

Су тоғандарының өздiгiнен тазаруы жануар және өсiмдiк тектес және патогендiк микроорганизмдерден  ластанып қалатын органикалық субстраттарынан босау процессі болып табылады.

Бұл үрдiс тек қана  органикалық ластанудан кейін  жүргізіледі және органикалық заттарды шапшаң жiктеуге сондай-ақ әр түрлi  бактериялар санының азаюына алып келген сапрофиттер су микрофлорасы тiршiлiгін белсендiріп, органикалық заттардың тез ыдырауынан  бактериялар санынын азаюына әкеледі. Судың  өздiгiнен тазаруы микроорганизмдердің болуымен және органикалык заттармен қаншалықты судың ластану  үрдістерінің  көлемі болып табылады. Өздiгiнен тазаруға су тоғанындағы микроорганизмдердің тұрақты түрлерiнің болуымен сипатталады.

Дегенмен биоценоздағы сандық және сапалы байланыстары тұрақсыз, ол органикалық заттардың, яғни сапробтық қасиетіне байланысты сипатталады.

«Сапробтық» термині грекше (sapros – шiрiген) су тоғандарының ерекшелiктері кешенi, судағы тиiстi микроорганизмдердің дамуымен анықталады, яғни түрлi мөлшерде  органикалық заттардың болуы қажет. Сапробтықтың шкаласы бойынша 3 аймақ ажыратылады:

  1. полисапробты,
  2. мезосапробты,
  3. олигосапробты.

Полисапробты аймақтар (күштi ластанатын аймақтар) жеңіл ыдырайтын органикалық заттардың көп болуы, сол себепті жеңіл кабылданатын микроорганизмдер. Аймақтарда оттегі мүлдем болмайды. Микробтар түрлерінің көбінесе оттегіні қажетсінбейтін түрлері, саңырауқұлақтар, шiру және ашу үрдісін тудыратын актиномицеттер көптеп кездеседі. Судың 1 мл-дегі бактериялардың саны бұл аймақта миллионнан жетіп асады.

Мезосапробты аймақтар (қалыпты ластанған  аймақ) тотықтырғыш процесстердi басымдылықпен, нитрификациялаумен сипатталады. Құрамында азоты бар қосындылары нитриттер және нитраттарға дейiн тотығып аммиакқа дейiн ыдырайды. Микроорганизмдердің жалпы саны 1 мл-ге жетеді. Сапалы құрамы әр түрлi. Нитриттейтiн бактериялардың саны басым болады.

Олигосапробты аймақтың (мөлдiр су аймағы)  органикалық байланыстары және минерализация процессiнің аяқталуы және өздiгiнен тазаруы тоқтау процессімен сипатталады. Микрофлорасы қалыпты  су флорасына жақындайды. Судың 1 мл-iнде бактериялар саны 10-нан 1000-ға дейiн болады. Су тазалығының жоғарғы дәрежесiмен ерекшеленедi.

Қорыта келгенде, су тоғандарындағы судың өздiгiнен тазару процесстерi кезінде биоценоздары бiртiндеп ауысып,  ретпен және үздiксiз өтіп жатады.

Су тоғандарының өздiгiнен тазару процесстерi кезінде бірнеше факторлар қатар әсер етедi. Негiзгi факторлардың бiрi су тоғандарының мөлдiр суына лас  суларды  қосу болып табылады. Су тоғандарындағы бактериялардың көбеюiн анықтаудың шешушi факторына  судың температурасы жатады.

Су тоғандарындағы өздiгiнен тазарудың қарқындылығы микроорганизмдердің оттегі үшiн күресуге және құнарлы заттарды қажетсінуі әр топтардың арасында қалыптасқан бәсекелестiк қарым-қатынастар түрінде қалып отырады.

Су тоғандары биологиялық өздiгiнен тазару кезінде қалыпты бактериялар фагтармен литикалық әрекеттеседі. Фагтардың  әсер ету қызметі үшiн жоғары температура қажет.

Барлық аталған факторлар жиынтығы қатты ластанған су көздерін тазартуда суды таза және гигиеналық сапаларға сай жақсартуға алып келедi.

Судың санитарлық – микробиологиялық зерттелуi

Санитарлық – микробиологиялық зерттеуге  жататын сулар:

  1. орталықтандырылған су құбыры;
  2. құдықтар;
  3. ашық су тоғандары (өзен, көл);
  4. жүзу хауыздары:
  5. қалдық сулар.

Судың санитарлық – микробиологиялық зерттеуiн жүргiзу:

  1. орталықтандырылған шаруашылықтың iшуге жарамды суының  көзін таңдау және бұл көздi кезеңді бақылау;
  2.  орталықтандырылған сумен қамтуда ауыз судың зарарсыздандыруын тиiмдiлiгің  бақылау;
  3. сумен орталықтан қамту, сондай артезиан ұңғымақтар, топырақ суларда бұлақтарға бақылауда;
  4. жеке су пайдаланатындарда  судың жарамдылығының дәрежесiн анықтау; (құдықтар, бабұлақтар және тағы басқалар)
  5. ашық су тоғандарды судың күйiмен  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау: су  қойнаулары, тоғандар, көлдер, өзендер;
  6. жүзу хауыздарындағы  суды зарасыздандыру тиiмдiлiгiн бақылау;
  7. қалдық суларды сапасын тексеруге және тазарту дәрежесiнiң тексеру;
  8. жұқпалы аурулардың судан сурастыру.

Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы

  1. Сынама алуды тек микробиологиялық талдау үшiн сынама алудың орындау техникасы бойынша нұсқау беруді өткен маман ғана iстеп шығарады.
  2. Суға сынама алуы үшiн бiр реттi ыдысты немесе микроорганизмдардың тiршiлiк әрекетіне ықпал етпейтiн материалдан жасалған бiрнеше рет қолдануға арналған ыдыстар қолданады.
  3. Ыдыстар тығыздап жабылмалы тығындары және қорғайтын қалпақтармен жабдылған болуы керек. Көп рет қолдануға болатын ыдыс, оның ішінде пробирка құрғақ қыздыру немесе автоклавтаумен зарасыздандыруға шыдамды болуы керек.
  4. Әр түрлi мақсаттар үшiн бір жерден сынамалар алуда ылғи бiрiншi бактериологиялық зерттеулер үшiн сынақты таңдайды.
  5. Сынаманы стерильденген ыдыстарға жинайды. Ыдысқа сынаманы жинау кезінде, пробканы стерильденген калпакпен бірге шешіп алады. Сынаманы жинау кезінде ыдыстың пробкасы мен жиектері баска да бір жерлерге тимеуі қажет. Ыдысты шаюға болмайды.
  6. Егер судың сынамасын көп таралған жерлерден, мысалы крандардан жинайтын болсақ. Онда алдымен оны стерильдеу қажет. Ол үшін кранды күйдіру немесе 10 минут уақыттай суды ашық қалдыру қажет. Сынама алу кезінде судық ағу жылдамдығы төмен болуы мүмкін. Сынама алу кезінде кранда резинке шлангтар мен басқа да қондырғылар болмауы тиіс. Ыдысты толтыру кезінде пробка мен судың бетінің арасында бос орын қалуы қажет, себебі пробка тасымалдау кезінде суланбауы ушін. Ыдыс суға толған соң оның бетін стерильді пробкамен және қалпақпен жабады.
  7. Сынамаға алынған судың документі болады. Онда сынаманың алынған жерін, уақытын, күнін, сынама жинаған адамның аты жөнін және т.б ақпараттар жазылады.

Сынамаларды сақтау және транспорттау.

Ауыз суының сынамасын контейнер- тоңазытқыштарда +(4, 10) градуста жеткізеді. Сынаманы тексеру уақыты мен сынаманы жинау уақыты 6 сағаттан аспауы керек.

Егер сынаманы салқындататын тоңазытқыштар болмаса  анализді сынама алған соң 2 сағаттын ішінде істеп бітіру керек.

Егер сынаманы жеткізу уақыты мен температурасы сәйкес келмеген жағдайда анализді жүргізбейміз.

Суды ашық су көздерінен суқоймадан, құдықтардан, бассейндерден жинаған кезде арнайы аспаптарды қолданады:

  • Барометр
  • Исаченко аспабы
  • Рутнер аспабы

Ашық сулардан сынаманы жағалаудан әр түрлі қашықтықта және әр түрлі тереңдікте жиналады.

Судың сынамасын санитарлық дәрігер және оның жанында жүретін көмекшісі немесе арнайы  лабораторияда жұмыс істейтін маман  жинайды. Суды зерттеудің  қорытындылары  суды дұрыс жиналуына байланысты. Сынама алу кезіндегі қателіктерді дұрыстау мүмкін емес. Ең басты ереже стерильділікті сақтау.

  • Сынамаға алынған судың бәрі номерленеді.
  • Ілеспе (соправодительный) құжатта көрсетілуі қажет:
  • Су қойманың атауы, және оның орналасу жері;
  • Сынама алынған жердің суреттемесі   (су қоймалары үшін- жағалаудан қашықтығы және тереңдігі);
  • Жақын маңдағы ластаушы көздер;
  • Метеорологиялық жағдайы- судың, ауаның температурасы т.б.;
  • Сынаманы алу күні (уақыт, күні, айы, жылы);

 

Суды патогенді микроағзалар болғанда санитарлы- микробиологиялық зерттеу.

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Суда патогенді бактерияларды анықтау өте қиын және әрқашан нақты нәтижелер бермейді. Суда патогенді микроағзаларды анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін.

  1. Қоректік ортаға судың тікелей дақылы.
  2. бактериялардың алдын ала жасалынған концентрациясының сумен бірге мембраналық фильтр немесе егу ортасына жинақталуы,
  3. жұқтыру әдісі арқылы патогенді микроорганизмдерді сезімтал жануарлардан анықтау (биопроба)
  4. тездетілген әдістерді қолдпну: РИФ, ИФА

Судың микробиологиялық көрсеткіштерін бағалау

Судың сапасын бағалау жинақталған түрде шығарылады: химиялық, гельминтологиялық және органолептикалық белгілері бойынша санитарлық микробиологиялық көрсеткіш. Патогенді микроорганизмнің болуы судың ластануының шартсыз көрсеткіші болып табылады. Бұл жағдайда су барлық мақсатта жарамсыз болып табылады. Судың сапасын бағалау критериі дифференциальді анықталады, яғни судың тағайындалуы мен категориясы.

Ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерінің нормалары.(ҚК ДСМ 28.07.2010 Бұйрық 554)

КөрсеткіштерӨлшем бірліктеріНормалары
Жалпы микробтық сан1 мл-да колония түзетін бактерия саны50 кем емес
Жалпы колиформдық бактерия100 мл-да бактериялар саныболмайды
Термотолерантты колиформды бактерия100 мл-да бактериялар саныболмайды
колифагтар100 мл-да түйіншек түзуші бірлік саныболмайды
Сульфитредуцирлейтін клостридия споралары20 мл-да спора саныболмайды
Лямбля цисталары50 мл-да лямбля цисталарының саныболмайды
  1. термотолерантты колиформды бактерияларды анықтау кезінде 100 мл суды 3 рет тексеру өткізіледі.
  2. колиформ бактерияларды номативтеу кезінде 95% пробадан аспайды.
  3. таратушы желіге беткейлік су көзінен лямбля цисталарының және колифагты анықтау, ол жүйелік сумен қамтамасыз ету түрінде өткізіледі.
  4. сульфитредуцирлейтін клостридия спораларын анықтау судың технологиялы әсерін анықтау түрінде өткізіледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз
  2. Бактериялар генетикасы. Мутациясы.
  3. Бактериялардың идентификациясы
  4. Бактериялар қоректену және тыныс алуы. Қоректік орталар
  5. Бактериялардың құрылысы
  6. Қоршаған ортамен байланысты ауруларды алдын алу

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!