Спирография
Спирография – бұл өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу әдісі болып табылады. Әртүрлі созылмалы өкпе ауруларын диагностикалауда (өкпенің созылмалы қабынуы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, созылмалы бронхтық демікпе және т.б) қолданады.
Спирография жүргізуге негізгі көрсеткіштері:
- Бронх, өкпе, кеңірдек аурулары;
- Қан айналым жеткіліксіздігі белгілері бар
- Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында;
- Емдеу нәтижесінің тиімділігін бағалау үшін;
- Кәсіптік және әскери медицинада жұмыс істейтін, спортпен айналысатын адамдардың еңбекке қабілеттілігін бағалау үшін;
- Эпидемиологиялық және популяциялық зерттеулер ;
Басқа әдістермен қоса өкпе және жүрек жетіспеушілігін ажырату диагностикасы үшін;
Қарсы көрсеткіштері:
- Науқастың жалпы жағдайы ауыр болғанда,- зерттеуді жүргізуге мүмкіндік болмағанда;
- Үдемелі стенокардия, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы;
- Қатерлі артериялық гипертензия, гипертоникалық криз ;
- Жүктіліктің екінші жартысындағы токсикоз;
- Қан айналым жетіспеушілігінің III кезеңі;
- Ауыр дәрежедегі өкпе жетіспеушілігі;
Техникалық орындауларда барлық спирографтар:
- Ашық түрі: клапанды қорап арқылы ауамен дем алып,ал дем шығарғанда ауа Дуглас қапшығына немесе Тисо спирометріне түседі (көлемі 100—200 л) ауаның талдауы: жұтылған О2 мен СО2 мөлшері анықталады.
- Жабық түрінде: колокол аппаратындағы ауа қолданылады
Спирографияны жүргізу кезіндегі дайындық
Спирографияны таңертең немесе таңғы астан кейін 1—1,5 сағатта жүргізіледі. Зерттеу жүргізер алдында темекі шегу,қою кофе мен шай ішуге тыйым салынады.
Егер науқасқа спирография жасар алдында дәрігердің белгілеуімен тыныс жүйесіне әсер ететін препараттарды тағайындаған болса оларды 6—24 сағатқа дейін,яғни спирография жасағанға дейін шектейді. Науқастың тісінде протездер болса, шешіледі.
Спирографияны жүргізу
Зерттеу науқас тыныш отырып дем алғанда 3—5 мин аралығында жазылады. Бұл уақытта құрал жұмыс істеу көрсеткіштерін тіркейді: тыныс алу жиілігі мен тыныс алу көлемі жазылады.1—2 минут үзіліс жасап, құралды өшіреді. Үзілістен кейін әрбір 1 минут сайын қысқа үзіліспен, форсирленген тыныс алумен байланысты параметрлерді жазады.
Спирограф тіркейтін көрсеткіштер:
- Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) — 1 минуттағы тыныс алудың саны. Сау адамдарда бұл көрсеткіш 16—17 тең;
- Тыныс алу көлемі (ТАК) —бір рет тыныс алғанда өкпедегі ауаның көлемі. Ер адамдарда 300 ден 1200 мл дейін, әйелдерде — 250 ден 800 мл дейін;
- Тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) — өкпе арқылы 1 минутта өткен ауаның көлемі. Орташа 4 тен 10 л дейін;
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Балалардағы өкпенің даму ақаулары
- Өкпеге жасанды тыныс алдыру
- Өкпе аускультациясы
- Өкпе перкуссиясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия
- Өкпеден қан кету кезіндегі жедел жәрдем
- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)
- Өкпе ісінуі. Жедел жәрдем
- Өкпе обыры
- Өкпеден қан кету
- Өкпе гипертензиясы
- Өкпе эмфиземасы
- Өкпе саркоидозы
- Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (ХОБЛ)