Кардиологиядағы микробиологиялық зерттеулер
Микробиологиялық зерттеу жоғары дәрежеде ағзада инфекциялық ауру қоздырғышының бар жоқтығын дәл анықтайды. Сонымен қоса, бұл әдіс бөлінген микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығын анықтайтын эффективті әдіс болып табылады.
Тест өткізу үшін материал ретінде эндоскопиялық немесе басқа инвазивті жолмен алынған биологиялық сұйықтық, тығыз фрагменттер, шырышты қабаттардан жағынды, тіндік биоптат алынады. Алынған зерттеу нәтижелері анық болу үшін, материалды дұрыс және өз уақытында алу маңызды. Кей жағдайларда материалды дәрігер өзі алады.
Классикалық микробиологиялық зерттеу әдістері қоздырғыштың таза түрін алуды шешеді, кейіннен оның биохимиялық, антигенді және басқа қасиеттері бойынша ажыратады. Толықтай анализ материалдың сапасына және тасымалдау уақыты мен сақталу шарттарына қатаң мән береді. Сондықтан сол себеп бойынша, науқас тапсырған биоматериал максималды тез түрде лабораторияға түседі.
Микробиология 4 базалық диагностика әдісін қарастырады: микроскопиялық, культуральды, биологиялық және иммунологиялық
- микроскопиялық диагностика жағынды микроскопиясына негізделген, ол патологиялық материалдан (қан, зәр, жарақаттық бөлінді) анықталады
- культуральды әдіс материалдан таза культуралы микроорганизмды анықтауға және ары қарай идентификациялауға негізделген
- биологиялық немесе экспериментальды диагностика лабораториялық жануар ағзасына патологиялық биоматериалды енгізуге негізделген. Егер материалда патогенді микроорганизм болса, лабораторлы жануар ауырады.
- иммунологиялық әдіс серологиялық реакциялар анализіне негізделген.
Қанның бактериологиялық зерттеу мақсаты қандағы бактерияларды анықтау болып табылады. Микроскоп арқылы бактерия саны аз болғандықтан, бактериемияны анықтау мүмкін еместігіне байланысты, алдын ала арнайы қоректік ортада бактерияларды өсіреді. Қандағы бактерия түрі анықталған соң, олардың антибиотикке сезімталдығы анықталады. Ол анықталған бактерия түрімен қандай дәрі күресе алатындығын білу үшін қажет.
Бактериалды себінді үшін қанды алу ережесі:
- Қанды перифериялық венадан катетерсіз алады
- Процедура стерильды перчаткада жасалады. Венопункция орны антисептикпен өңделеді, сонымен қоса бөтелке қақпағы да дезинфицирленеді.
- Қанды стерильды шприц арқылы алады.
- Бөтелкеге қан резиналы пробка арқылы енгізіледі. Бөтелкеден пробканы шешуге болмайды.
- Қан культурасы науқас аты – жөні жазылған этикеткамен қамтамасыз етіледі.
Нәтижелері:
- Бактерия өсуінің болмауы: науқас қаны таза екендігін көрсететін қалыпты нәтиже.
- Бактериялардың таза өсіндісі: себіндіден анықталған, бір түрлі бактерия өсуі барын көрсететін нәтиже. Бұндай нәтиже науқаста сепсис болған кезде анықталады.
- Аралас өсінді: бірден көп бактерия түрі анықталған кезде байқалады, көп жағдайда ол қоректік орта таза болмағандығын көрсетеді.
Инфекциялық эндокардит кезінде маңызды диагностикалық шара, қанның бактериялық зерттеуі бірнеше рет орындалады. Қанды зерттеуге қызбаның жоғары шегінде алған дұрыс.
Инфекциялық эндокардит кезіндегі бактериологиялық қан анализі:
Барлық науқас қанында қоздырғышты анықтауға болады: үнемі бактериемия болуына байланысты қан себіндісі теориялық бәрінде оң. Практикада себінді нәтижесі алынған қан көлеміне, бір немесе бірнеше венепункциядан соң алынғандығы,бір немесе бірнеше венадан алынғандығы маңызды. Себінді үшін қанды антибиотикотерапия алдында алған дұрыс, себебі антибиотик қабылдау кезінде теріс нәтиже байқалады.
Қиын өсетін микроорганизмдермен зақымдалған кезде, мысалы НАСЕК тобы (Haemophilus parainfluenzae, Haemophilus aphrophilus, Haemophilus paraphrophilus, Actinobacillus actinomycetemcomitans, Cardiobacterium hominis, Eikenella corrodens, Kingella kingae), сирек кездеседі. Қан себіндісінде өсудің болмауы Legionella spp. және ауксотрофты стрептококктармен шақырылған инфекциялық эндокардит кезінде де байқалады. Сондықтан, егер болжама қоздырғыш қиын өсетін культураға жатса, оны себіндіден соң, 3 аптадай инкубирлеу қажет.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар
- Стенокардия
- Имплантацияланатын кардиовертер дефибриллятор (ИКД)
- Морганьи Адамс-Стокс синдромы
- Жүрек кардиостимуляторы