Рефлюкс нефропатия

Рефлюкс-нефропатия

Рефлюкс нефропатия бүйрек тінінің созылмалы деструктивты қабынбалы процессы, ол пиелоренальды  рефлюкспен шақырылады. Рефлюкс нефропатия бүйрек дамуы аномалиясы әсерінен дамиды және рефлюкс комбинациясы, зәр инфекциясы және уродинамика бұзылысының қосарлануымен, нәтижесінде бүйректің ошақты тыртықтануымен көрінеді.

Цистография бойынша жіктелу бес дәрежені бөліп қарастырады:

  • 1-ші дәреже контрасттың қуықтан кеңеймеген несепағарға баруы.
  • 2-ші дәреже кеңеймеген несепағар және бүйректің кеңеймеген тостағаншасының толуы
  • 3-ші дәреже жинағыш жүйе кеңейген, бірақ форникс жедел болып қалады.
  • 4-ші дәреже домалақ болады.
  • 5-ші дәреже массивты дилатация және жоғары зәр шығару жолдарының қисықтығымен көрініс береді.

Этиологиясы:

  • уролитиаз
  • нефроптоз
  • обструктивты уропатия
  • пиелонефрит

Патологияның пайда болуына әсер ететін басты факторлар:

  • Несепағар мен түбекшенің екі еселенуі
  • Уретраның артқы клапандарының пайда болуы;
  • Бүйрек тіні дисплазиясы
  • Туа пайда болған нейробұлшықеттік аппарат бұзылысы
  • Туа пайда болған дәнекер тіннің патологиясы

Қуық – несепағарлық рефлюкс этиологиясы біріншілік және екіншілік болып жіктеледі. Одан басқа рефлюкс пассивты  және белсенді  (зәр шығару кезінде пайда болады) болып жіктеледі. Клиникалық тұрғыдан зәр шығару жолдарының рецидивирлеуші инфекциясы, салыстырмалы протеинурия, гематурия анықталады. Артериалды гипертензия аурудың кеш сатысында дамиды, тостағанша – түбекшелі құрылымның деструктивты өзгерістері дамиды. Рефлюкс-нефропатия ұзақ уақыт бүйрек тінінің бактериалды зақымдалуынсыз жүреді. Рефлюкс-нефропатия балаларда көптеген туа пайда болған аномалия және су мен минерал алмасуының бұзылысынан дамиды. Балаларда жиі бейспецификалық симптомдар дамиды, олар қызба, түсініксіз іш ауруы. Туа пайда болған аномалия кезінде туыстарында дамыған ұқсас өзгерістерді анықтауға болады.

Клиникасы:

Бүйректік рефлюксты диагностикалау қиын, сондықтан оны балаларда жедел пиелонефрит ретінде анықтайды. Егер бала бір уақытта зәр шығару жолдарының басқа ауруларымен ауырса, рефлюксты анықтау қиынырақ. Ата –аналар үшін дабылды жағдайлар:

  • Жоғары дене температурасы;
  • Ауырсынулы зәр шығару;
  • Ұзақ уақыттық және қатты қалтырау;
  • Мұрын – жұтқыншақта қабынудың болмауы;
  • Бүйірінде ауырсынудың байқалуы;
  • Бел тұсындағы ұзақ емес спазмдар.

Рефлюкс-нефропатияны қалыпты тұмаумен шатастыруға болады, себебі симптомдары ұқсас келеді. Диагнозды растау үшін баланың шырышты қабаттарын тексеру қажет, егер рефлюкс нефропатия болса қабыну процессі байқалмайды. Рефлюкс нефропатияны кіші жастағы балаларда анықтау қиын, себебі олар ауырсыну нүктесінің қай жерде орналасқанын дәл анықтай алмайды. Бұл жағдайда зәрді тексеру қажет және ауру кезінде зәр көлемі өзгереді.

нефропатия қазақша

Асқынулары:  

Рефлюкс-нефропатияның екі түрі болады: бір жақты және екі жақты. Екі түрінде де созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі даму қаупі жоғары. Ауру үдеуі кезінде зақымдалған тіннің қызметі төмендейді және тыртық пайда болады. Қозу ошақтарында атрофия дамиды. Зәр қайтадан бүйрекке қайтатындықтан, көптеген мүшелердің қызметі бұзылады. Оларға:

  • Инфекциялық аурулардың үдеуі;
  • Бүйректе тас түзілу
  • Созылмалы және қайтымсыз бүйрек жеткіліксіздігі;
  • Склероз

Емі:

Емдік мақсат зәрдің қалыпты ағысын қалпына келтіруге бағытталған, ол жиі хирургиялық жолмен қалыпына келтіріледі. Консервативты ем кезінде антибактериалды препараттар және өсімдік уросептиктері қолданылады, бірақ оны хирургиялық коррекция болмаған кезде қолданылады.

Консервативты ем кезінде жиі қолданылатын
антибактериалды препараттар нитрофурандар немесе триметоприм-сульфаметоксазол (бисептол). Олардың қолданылуына қарсы көрсеткіш аллергия, нәресте кезеңі. Бұл кезде пенициллин немесе ампициллин қолданылады. Консервативты емнің басты аспектісі зәр инфекциясы мен артериалды гипертонияның алдын алу. Қуық – несепағарлық рефлюкс немесе рефлюкс нефропатиясы бар балаларға профилактикалық антибактериалды ем қажет. Ол зәр инфекциясының алдын алады. Пубертатты жасқа дейін немесе рефлюкс жоғалғанға дейін антибиотикпен ем жасалу қажет. Антихолинергиялық препараттар толықтай рефлюксты жоғалтады немесе көрінісін азайтады.

Хирургиялық ем.

Антирефлюксты операция несепағарға ұзын интрамуральды тоннель жасаумен негізделеді. Төртінші және бесінші сатыдағы рефлюкс бар науқастар және үдеулі  рефлюкс-нефропатия бар науқастарға міндетті түрде операция тағайындалады.

Операцияға салыстырмалы көрсеткіш:

  • төрт жыл бойғы консервативты емнен соң рефлюкстың сақталуы
  • бойжеткен жастағы науқастар, рефлюкс көріністері сақталса

Біріншілік рефлюкстың алдын алу үшін несепағардың ұзын шырышты бөлігі арқылы қуыққа реимплантация Cohen немесе антирефлюксты механизм Leadbetter-Politano бойынша жасалады. Хирургиялық емнің альтернативты жолы несепағардың шырышты қабатына эндоскопиялық жолмен моделдеуші препараттарын енгізуге негізделген.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бүйректің ассиметриялы зақымдалуы
  2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
  3. Бүйректің ишемиялық ауруы
  4. Бүйрек коликасы
  5. Бүйрек коликасы

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!