Бүйрек коликасы

Бүйрек ұстамасы

Бүйрек коликасы бүйрек тұсындағы жедел түрде пайда болатын ауырсыну ұстамасы, ол бүйректерде зәр ағысының және қан айналым бұзылысынан болады. Ауырсыну ақпайтын зәр арқылы бүйрек астаушасының керілуінен болады.

Себептері.

  • бүйрек – тас ауруы;
  • минералды алмаудың бұзылыстары;
  • пиелонефрит;
  • нефроптоз;
  • гидронефроз;
  • Бүйрек тұсындағы ісіктік жағдайлар;

Барлық жағдайларды ішінде 38% жағдайда себебі белгісіз болып келеді. Бірақ, жиі дамыған себептердің бірі бүйрек – тас ауруы, ол кезде зәр аққыш жолы таспен бітеліп қалуынан болады. Кей кезде себебі ауыр жағдайлар болуы мүмкін және дереу емді қажет етеді, мысалы, ісіктер. Егер бүйректе тас болған жағдайда және соның фонында бүйрек коликасы пайда болса, алдымен ауырсыну, кейін зәрмен бірге қан ағысы пайда болады.

Бүйрек тасының пайда болуына әкелетін қауіп факторлары:

  • Жақын туыстарда бүйрек – тас аурының болуы.
  • Бел тұсында ауырсыну сезімдерінің бұрынырақта болуы.
  • Физикалық жүктеменің жоғарылауы.
  • Ұзақ уақыт дене температурасының жоғары болуы,2-3 ай.
  • Бүйректе тас туындауына әкелетін аурулар тобы (дәнекер тіннің жүйелі аурулары, зәр шығару жолдарының инфекциясы).
  • Сұйықтықты аз пайдалану.

Бүйрек коликасы қазақша

Клиника.

Бүйрек коликасы оқыс, қалыпты жағдайда да пайда болуы мүмкін. Науқаста бүйрек тұсындағы жедел толғақ тәрізді ауырсыну пайда болады, ол пульсирленген түрде болады және белдің бір жағында немесе екі жағында да болып, дене қалпын өзгерту көмек бермейді. Ауырсыну шап аймағына, жыныс мүшелеріне беріледі, науқас абыржыған күйде болады және ауырсыну шок сатысына дейін барады. Кей жағдайда бүйрек коликасы интоксикацияны көрсететін симптоматикамен көрінеді, ол айқын аяқ – қолдың треморы (діріл), жүрек айну және құсу, жалпы әлсіздік және есінің бұзылысы арқылы да көрінеді. Бұдан басқа, жалған зәр шығару сезімі және жалған дефекация сезімі пайда болады. Барлық жағдайда бүйрек коликасы ішек парезы арқылы жүреді, ол айқын ауырсыну сезіміне рефлекторлы түрде белгілі аймақтың ауырсынуынан пайда болады. Ол газдың шығуының әлсіреуі, іш қату, іштің кебуі арқылы көрінеді. Дене температурасы субфебрильды сандарға дейін жоғарылауы мүмкін (37.1 – 37.5° С), жүрек соғуы жоғарылайды және аздаған қан қысымы жоғарылайды. Зәр түсі қызғылт немесе қызыл түске боялады, ол бүйрек немесе зәр жолдарының таспен зақымдалуынан болады.

Диагностика.

  • Жалы қарау және науқасты сұрастыру (зәр – тас аурының бұрын болуы,ауырсыну сезімісіз зәр түсінің өзгерістері,дене температурасының жоғарылауы, аяқтарының ісінуі). Кейін осы патологияға тән бірнеше симптомдарды тексеру.
  • Лабораторлы зерттеу әдістерінің ішінен зәр анализі көп ақпарат береді, онда қанның формалық элементтері мен тұз деңгейі жоғарылайды. Зәрде ақуыздар мен лейкоцит деңгейі жоғарылаған кезде гломерулонефрит немесе пиелонефрит туралы ойлауға болады, ал зәр – тас ауруы туралы ақпаратты бүйрек коликасынан кейін зәрде пайда болатын қан ақпарат береді.
  • УДЗ – бүйрек – тас ауруы бар науқастарды динамикада зерттеуге көп мүмкіндік береді және ақпаратты, инвазивті емес әдістердің бірі.
  • Экскреторлы урография цистографиямен бірге қолдануға болады, бірақ балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілмеген, себебі иондаушы сәуле мен инвазивтілігі үшін.

Бүйрек коликасындағы алғашқы көмек

Бүйрек колика ұстамасын емдеу үшін (жедел пиелонефрит болмаған жағдайда):

  • Науқасқа толықтай тыныштық беру
  • Жылы процедулардан бастаған дұрыс (бел аймағы мен ішке жылы грелка немесе жылы ванна қолдану), спазмның алдын алып зәрдің дұрыс ағуын реттеу үшін ауырсынуды басатын және спазмолитикалық дәрілер қолданады: 5 мл баралгин тамыр ішілік баяу, 1 мл 0,1% атропинмен 1 мл 1-2 % промедол тері астына, 1 мл 0,2 % платифиллин ерітіндісі тері астына, 2-4 мл 2 % но – шпа ерітіндісі бұлшықетке.
  • 10-15 минуттан соң әсері болмаса, наркотиктер енгізеді: морфин, промедол, пантопон 1 – 2 мл тері астына
  • Жылулық процедуралар мен наркотикалық дәрілерді жедел хирургиялық патология жоққа шығарылғаннан соң ғана қолдану қажет.
  • Зәр аққыштың жамбас бөлігінде тас орналасса, ер адамдарда ұрық шұбырына, ал әйелдерде жатырдың домалақ байламына 40-50 мл 0,5% новокаин ерітіндісін жіберіп блокада жасау көмек береді ( Лорин – Эпштейн бойынша блокада) паранефральды Вишневский бойынша блокада жасау қарсы көрсетілген, себебі оқыс зақым әсерінен қысымда тұрған бүйрек капсуласының жыртылуына байланысты)
  • Егер осы әрекеттерден көмек болмаса, хирургия немесе урологиялық бөлімшеге жатқызылады, онда зәр аққыш катертизациясы және пункциялық нефростомия немесе оперативті ем қолданылады.
  • Егер бүйрек коликасымен бірге пиелонефрит болса, шұғыл түрде госпитализацияланады және жылулық процедуралар қарсы көрсетілген.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бүйрек жіті жетіспеушілігінің патофизиологиясы
  2. Бүйректің шумақшалы фильтрациясын есептеу
  3. Бүйрек несеп жолдарын тексеру. Бүйрек пальпациясы
  4. Бүйректің функционалды зерттеу әдістері
  5. Балалардағы жедел нефротикалық синдром
  6. Липоидты нефроз
  7. Нефроптоз
  8. Нефротикалық сидром
  9. Балалардағы гидронефроз

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!