Шатаралық топографиялық анатомиясы

Шатаралық топографиясы, бұлшықет пен шаңдырлары. Шатаралықтың сүйек бұлшықеттік шекаралары. Анальды және несеп- жыныс үшбұрыштарын ажырату. Анальды үшбұрыш. Жамбас диафрагмасы. 

Шат “PERINEUM”- кіші жамбас астауынан шыға берісті толтырып тұратын жұмсақ тіндердің: тері, бұлшықеттер, шаңдырлардың жиынтығы.

Ер адам шатаралығы
Ер адам шатаралығы

Шекаралары:

  • Алдынан- симфиздің төменгі жиегі
  • Артынан- құйымшақ ұшы
  • Бүйірінен- қасаға және шонданай сүиектерінің тармақтарымен және шонданай төмпешіктерімен шектеледі.

Шонданай төмпешіктерін қосатын көлденен сызық, шартты екі үшбұрышты ажыратады

  • Алдыңғыжоғарғы- несеп- жыныс. Regio urogenitalia
  • Төменгіартқы- артқы өтіс аймақтарына. Regio analis

Әйел шатаралығының бұлшықеттері мен шаңдырлары:

  • Несеп- жыныс аймағы деңгейінде-несеп-жыныс көкеті
  • Артқы өтіс аймағында- жамбас астау көкеті орналасқан.
  • Екі көкет өзара негіздерімен жанасқан, ал ұштары сәйкес қасаға симфизіне және құйымшаққа бағытталған

Несеп- жыныс және жамбас астау көкеттері екі қабаттан тұрады

  • БЕТКЕЙ
  • ТЕРЕҢ

Осы орналасқан бұлшықеттер және шаңдырлармен бұлшықетті- шаңдырлы табақша түзіледі. Барлық бұлшықетті- шаңдырлы табақ кіші жамбас астау қуысы жағынан жамбас- астау шаңдырларының париетальды табақшамен, сыртынан беткей шаңдырлармен жабылған.

Несеп-жыныс көкеті (Diaphragma urogenitalis)

Ұшы қасаға симфизіне қараған үшбұрыш пішінді, шаттың алдыңғы бөлігі. Оның        жиектері қасаға және шоңданай сүйектерінің тармақтарымен шектелген және негізгі шоңданай төмпешіктерін қосатын сызыққа сәйкес келеді. Ерлерде несеп- жыныс көкеті арқылы несеп шығаратын өзек, әйелдерде несеп шығаратын өзекпен қынап өтеді.

Несеп-жыныс көкетінің бұлшықеттері:

БЕТКЕЙ

Шаттың беткей көлденең бұлшықеті

  1. transversus perinei superficialis

Буылтық кебек бұлшықеті

  1. bulbospongiosum

Шонданай үңгір бұлшықеті

  1. ischicavernosus

ТЕРЕҢ

Шаттың терең көлденен бұлшықеті

  1. transversus perinei profundus

Несеп- шығарғыш өзектің қысқыш бұлшықеті

  1. Sphincter uretrae

Ерлерде- бұлшықет талшықтары қуықасты безге.

Әйелдерде- қынап қабырғасына қосылады.

шатаралық анатомиясы

Жамбас астау көкеті (Diaphragma pelvina)

Үшбұрыш пішінді шаттың сыртқы бөлігінде орналасқан. Оның ұшы құйымшаққа, ал екі басқа бұрышы шонданай төмпешіктеріне қараған. Жамбас астау көкеті арқылы ерлермен әйелдерде де тік ішектің соңғы бөліміне өтеді

Жамбас астау көкетінің бұлшықеттері:

БЕТКЕЙ- артқы өтістің сыртқы қысқышы

  1. sphincter ani externus

ТЕРЕҢ- артқы өтісті көтеретін бұлшықеттері

  1. levator ani

құйымшақ бұлшықеті m.coccygeus

Шаттың шаңдырлары

  • Шаттың беткей шаңдыры: fascia superficialis
  • Жамбас астау көкеті мен несеп- жыныс көкетінің төменгі шаңдыры: fascia diaphragmatis pelvis inferior
  • Жамбас астау көкеті мен несеп- жыныс көкетінің жоғарғы шаңдыры: fascia diaphragmatis urogenitalis superior

Әйел шатының өзіндік ерекшеліктері бар.Несеп- жыныс көкетінің енінің көлемі үлкен, ол арқылы несеп шығаратын өзекпен бірге қынаптаөтеді. Бұл аймақтың бұлшықеттері ерлерге қарағанда нашар дамыған. Кейде шаттың беткей көлденең бұлшықеттері мүлдем болмайды. Шаттың терең көлденең  беттері де нашар жетілген, керсінше , несеп- жыныс көкетінің екі шаңдыры жақсы жетілген.

  • Несеп шығарғыш өзек (үрпі) қысқыштың беткі будалары қынапты қоршап, оның қабырғаларына шырмалады. Шатаралықтың сіңірлі орталығы  қынаппен артқы өтіс аралығында орналасқан, өзара қиылысқан сіңірлі және эластикалық талшықтардан тұрады.
  • Ерлерде жамбас- астау шаңдырын висцеральды табағы несеп- қуық пен тік ішек- қуықтық қалқасын түзеді.
  • Әйелдерде тік ішекпен қынаптың аралығында көлденен орналасқан тік ішек- қынаптық қалқасын түзеді.

Шаттың қанмен қамтамасыз етілуі

Шатты ішкі жыныс артериясының тармақтары қоректендіріледі. Артерия жамбас- астау қуысынан үлкен шонданай тігісі арқылы шонданай- тік ішек шұңқырына кіріп, бірнеше ірі тармақтар, төменгі тік ішек артерияссын a. rectalis inferior, шат артериясын a. perinealis еркек жыныс мүшесінің не деліткісінің дорсальды артериясын a.dorsalis penis, s. clitoridis береді.

  • Шаттан веналық қан- аттас веналар арқылы ішкі мықын веналарына ағады.
  • Лимфа тамырлары беткей шап лимфа тіндеріне ағады.
  • Шатты жыныс нервісінің тармақтары төменгі тік ішек нервтері, шат нервтері, құйымшақ нервісінің тармағы- артқы өтіс- құйымшақ нервісімен нервтендіріледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Анатомия терминдерінің сөздігі
  2. Білек пен қол ұшының клиникалық анатомиясы
  3. Қалқанша безінің анатомиялық құрылысын анықтау
  4. Көкірекаралық кеңістік анатомиясы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!