Қалқанша безінің анатомиялық құрылысын анықтау

Қалқанша безінің анатомиялық құрылысын анықтау

Радиоактивті йод пен технеция қолдану арқылы қалқанша безін сканерлеу. Қалқанша безін сканерлеу клиникалық практикада оның формасын, көлемі мен құрлысын анықтауға қажет. Радионуклидты сканерлеу эктопирленген қалқанша безін анықтау үшін (тіл түбірінің жемсауы және т.б.) және қалқанша безінің функционирлеуші метастаздарын, қалқанша безінде туа біткен атироз диагностикасында, жемсаудың түйінді формаларының функционалды активтілігін бағалауда, мойында және төс арты аумағында (төс арты жемсауы) орналасқан ісіктерде қалқанша безі тіндерін анықтау, тиротоксикалық аденоманы, сонымен қатар диффузды токсикалық жемсаудың функционалды активтілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Радионуклидтты сканерлеуге 131I, 123I, 99mTcO4, сонымен қатар қалқанша безі өзгерген тінінде концентрацияланатын фармакологиялық препараттарды: 75Se-метионин, 32P, 125Ce, пирофосфат 99mTc, 201Tl, 67Ga және т.б. қолданылады. Қазіргі уақытта сканерлеу үшін жиі 99mТcO4- және 123I қолданылады, себебі ол 131I қарағанда жартылай ыдырау кезеңі қысқа және ағзаға сәулеленуді аз береді. 99mTcO4 қолданып сканерлеу 1-3 мКи технецияны қабылдағаннан 20 минуттан соң жүргізіледі , ал 131I қабылдау кезінде тек 24,48 және 72 сағаттан соң, егерде радиоактивті йод қалқанша без ісік метастазын анықтау үшін қолданылған жағдайда. Балаларды тексеру жүргізу қажеттігі болса, 123I қолданған дұрыс, себебі сканерлеу 4 және 24 сағат ішінде жүргізіледі.

Қалыпты жағдайда ересектерде сканограммада қалқанша безі көбелек қанаттары сияқты көріністе болады, әр бірінің ұзындығы 4,5-5 см және ені 2-2,7 см болып көрінеді. Мойындырығы көрінбеуі мүмкін, кейде кең сызық сияқты, без бөліктері ассиметриялы орналасуы мүмкін. Шамалы активтілік пирамидальды бөлік бар болса, сонда анықталады. Жиі пирамидальды бөлік диффузды токсикалық жемсауда анықталады.

қалқанша без құрылымы

Сау адамның қалқанша безі сканограммасы

Қалқанша безін сканерлеуге көрсеткіш:

  • бездің орналасуын анықтау
  • бездің пішіні мен көлемін анықтау
  • қалқанша безінің эктопирленген немесе аберрантты тінін (қосымша бөлік, тіл түбірі жемсауы, төс арты жемсауы, қалқанша безінің толық емес агенезі және т.б);
  • туа біткен атирозды диагностикалау;
  • қалқанша безі түйіндерінің функциональды активтілігін бағалау;
  • қалқанша безі ісік метастаздарын анықтау;
  • тироидэктомиядан кейін қалқанша безінің қалдығының (культя) көлемін нақтылау.

Түйінді жемсауда функциональды активтілікті анықтау үшін 132I немесе 123I қолданылады («ыстық» немесе «суық» түйін). «Ыстық» түйінде қатерсіз болуына байланысты функциональды активтілігі жоғары болады. Бірақ сирек жағдайда қалқанша безі рагы кезінде сканерлеуде «ыстық» түйінді көрсететін жағдайлар кездеседі (F. Becker және авт., 1963). «Суық» түйін қалқанша безі тінінің функциональды активтілігінің төмендігін немесе кистаның толық жоқтығын көрсетеді. Көп жағдайда «суық» түйіндерде қатерсіз болуы мүмкін. Сканограммада түйінді жемсаудың қатерлі немесе қатерсіз екендігін анық басып айта алмаймыз. Бұл мақсатта соңғы уақытта термография кең қолданылуда, қалқанша безі ісігі немесе түйіні үстіндегі тіркелген температураны анықтайды. Қатерлі ісік активті алмасу процестері есебінен қалқанша безінің басқа тіндеріне қарағанда жоғары температураға (инфрақызыл сәулелену) ие. Қалқанша безін сканерлеу ТТГ стимуляциясы немесе Т3 тежелуі сынамасымен де жүргізіледі.

Тиротоксикалық аденома кезіндегі қалқанша безі сканограммасы («ыстық» түйін).

Ультрадыбыс көмегімен сканерлеу

Ульрадыбысты зерттеу (УДЗ), немесе эхография, немесе ультрасонография клиникалық практикада медицинаның әртүрлі аумағында қолданылады, сонымен қатар эндокринология саласында. Бұл салыстырмалы түрде қарапайым процедура, изотоптарды қолдануды қажет етпейтін, ерте жастағы балаларда және жүктілерде қолдануға болады. Ол тығыз түйіндер мен кисталар арасындағы диффиренциальды диагностиканы толық жүргізуге мүмкіндік береді. Диаметрі 4 см-ден кіші кисталар сирек қатерлі болып табылады. Қалқанша безіне УДЗ биопсия орнын анықтауға көмектеседі. Бұл әдіс диагностикада аутоиммунды тироидитты, аз дәрежеде диффузды токсикалық зобты анықтауға көп ақпарат береді.

Қалқанша безінің токсикалық аденомасы емінде УДЗ қолдану сипатталған, яғни алкоголь түйін ішілік тері арқылы инъекциясын УДЗ бақылауымен жүргізген. (A. Paracchi және авт., 1992).

Қалқанша безі аумағының рентгенографиясы.

Рентгенография қалқанша безі түйінінің орналасуы мен көлемі туралы мәліметтер береді. Оның көмегімен трахея мен өңешті басатын төс артылық жемсауды диагностикалауға болады. Әртүрлі этиологиялы дисфагияларда өңешті рентгенконтрастты зат арқылы тексеру жүргізіледі (барий). Қалқанша безнің үлкен емес кальцификация аймақтары папиллярлы ісікте кездеседі, ал үлкен аймақты кальцификациялар бездің медулярлы ісігінде кездеседі. Көп түйінді (конгломератты) жемсауда кальцификация кездеседі.

Қалқанша безі ісіктерін диагностикалауда бұғанаүсті немесе сыртқы ұйқы артериясы арқылы контраст жіберіліп, ангиография жүргізіледі.

Қалқанша безінің ангиограммасы (тиротоксикалық аденома).

Осы мақсатта қалқанша безінің лимфографиясын рентгенконтрастты заттар көмегімен жүргізеді (липийодол, уротраст және т.б.), оларды қалқанша безінің өзіне енгізеді.

Қалқанша безінің лимфограммасы (көп түйіндер оң бөлікте диаметрі 0,2-0,7 см және сол бөлікте түйін диаметрі 4 см).

Қалқанша безінің компьютерлі және ядерлі – магнитті томографиясы.

Бұл әдіс көмегімен қалқанша безінің құрылысы мен орналасуы, маңайындағы тіндер жайлы мәліметтер алуға болады. Төс сабынан төмен орналасқан, қалқанша безінің төмен локализациясында бұл тексеру маңызды. Осындай төс артында орналасқан ісік қатерліге ауысса, кеуде ортасында орналасқан лимфа бездеріне метастаз береді. Осындай жемсауды және олардың метастаздарын УДЗ немесе әртүрлі радиоизотоптарды қолданып анықтау қиынға соғады. Қалқанща безі ісігін дифференциальды диагностикалауда КТ және ЯМРТ УДЗ-ға қарағанда қымбат зерттеу болғанына қарамастан, анық ақпарат беріп, кейінгі жүргізілетін емді анықтауға мүмкіндік береді.

Қалқанша безінің биопсиясы.

Цитологиялық зерттеуге тін алу үшін, қалқанша безінің жабық (пункционды) және ашық биопсиясы жүргізіледі. Жергілікті анестезия көмегімен (кейбір зерттеушілер биопсияны анестезиясыз жүргізеді) арқасымен жатқызылған науқастан, күмәнді түйіннен аспираторлы шприц арқылы тін алады және материалды цитологиялық зерттеуге малигнизация бар жоқтығын анықтау үшін жібереді. Жеткілікті тәжірибе болса, процедура қауіпсіз және оны поликлиникалық жағдайда жүргізуге болады. Бірақ қалқанша безі биопсиясын жүргізуде асқынулар туралы ұмытпау керек: трахея пункциясы, көп қан кету, жұтқыншақ нервісінің зақымдалуы, ларингоспазм, көктамыр флебиті. Ашық биопсия қазіргі уақытта өте сирек жасалады, себебі басқа әдістер мен заттар арқылы қалқанша безінің ауруларына диффиренциальды диагностика жүргізу мүмкіншілігі жоғары.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қалқанша безінің сцинтиграфиясы
  2. Қалқанша без анатомиясы мен физиологиясы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!