Жедел гастрит

Жедел гастрит – асқазан кілегей қабатының жедел қабынуы.

   Этиологиясы: жедел гастрит дамуында негізгі себептер: тағамдық токсикоинфекция, зиянды тағамдар қолдану, асқазанға шектен тыс жүктеме түсіру, тағамды жеткілікті шайнамау, тұрмыстық улармен улану, аллергия, әртүрлі дәрілік заттарды ұзақ қолдану (сульфаниламидтер, салицилаттар).

   Патогенезі: асқазанның кілегей қабатында бактерия токсині, олардың ыдырау өнімі, адекватты емес тағамдар әсер етіп, оның трофикасын бұзады. Бұл асқазанның сөліністік қызметінің бұзылыстарына әкеледі.

   Клиникалық көрінісі: жедел гастрит көрінісі этиологиялық фактор әсерінен соң 8-12 сағаттан кейін көрініс береді. Алиментарлы себепті жедел гастрит дискомфорт, жалпы әлсіздік, жүрек айну, сілекей ағу, ауызда жағымсыз дәм пайда болумен білінеді. Кейін бас айналу, тәбет төмендеу, бара-бар тәбеті толықтай жойылады, қайталамалы құсу, ол жақсаруға әкеледі және іштің жоғарғы жартысында ұстама тәрізді сипаттағы ауырсынулар қосылады. Құсық құрамында тағам қалдықтары анықталады.

Объективті қарағанда бала бозғылт, тілі ақ-сағыш жабындымен жабылған, метеоризм, эпигастрий аймағында пальпацияда ауырсыну анықталады. Ауру ұзақтығы – 2-5 күн. Токсико-инфекциялық себепті гастритте жоғардағы шағымдарға анық интоксикациялық симптомдар қосылады: дененің фибрильді қызбасы, ұзаққа созылған диарея,сусыздану симптомдары. Ауру ұзақтығы 7-10 күн.

Емдеу: алғашқы 2-3 күні төсектік режим тағайындалады. Емді асқазанды, ішекті тағам қалдықтарынан тазалауды бастайды. Асқазанды жылы NaCl ерітіндісімен 1%-дық натрий гидрокарбонатымен, минеральды немесе қайнаған сумен жуады, ал ішекті тазарту үшін клизма қолданады. Ішекке тұзды іш жүргізетін препараттар береді. Сусыздану байқалса, изотониялық натрий хлориді ерітіндісін 5%-дық глюкоза ерітіндісімен, Рингер ерітіндісін қосып парентеральды түрде тағайындайды. Тоқтаусыз құсық кезінде 0,1 мл/жасына аминазин тағайындайды.

Маңызды орынды емдік тамақтандыру алады. Бұл кезде ана сүті, көп мөлшердесұйықтық – мұздатылған шай, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 5%-дық глюкозамен қосып тағайындайды. Сұйықтықты аз мөлшерденжиі-жиібереді. Ересекбалаларғакілегейлі суп-пюре, майсызсорпалар, қытырлақнан, кисель, ботқалар беруге болады, 5-7 күннен кейін баланы қалыпты тамақтандыруға ауыстырады.  Тағамның рационына  тамақтар, қуырылған ет, консервілер алынып тасталынады.Токсико-инфекциялық гастритте антибактериальды терапия (ампицилин, оксациллин, ципорин, гентамицин), ферменттер, В-тобының витаминдерін тағайындайды.

   Алдын-алу: ауру алдын-алу үшін тиімді тамақтану мен тамақтану гигиенасын ұсынукерек. Асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын заттарды ұзақ қолданбау керек.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!