ҮДЕ-нің жетіспеушілігін холецистэктомиядан кейінгі синдромның дамуының 4% құрайды.ҮДЕ-–нің қақпашалық механизмінің бұзылысы, он екі елі ішек құрамының өт жолына және панкреатикалық өзегіне рефлюксіне алып келеді. Аурудың генезі Одди сфинктерініңтонусының бұзылуымен байланысты.
Симптомы. Оң қабырға астының ауырсынуы, холангит, сарғаю, холецистопанкреатит белгілері мазалайды.
Диагностикасы. Құрсақ қуысының жалпы шолу рентге-нограммасында, УДЗ-де өт өзектерінде газ анықталады; контрастты дуоденографияда ҮДЕ арқылы контрасты зат өт жолдарына лақтырылады.
Емі. Консервативті емі Одди сфинктерінің тонусын күшейтуге бағытталған. Хирургиялық ем ретінде ұсынылады:
1) күн сәулесі өрімінің спирт-новокаинды блокадасы (0,5% -10,0 новокаин ерітіндісі + 70,0 % 3-4мл спирт);
2) n. Celiacus-қа (құрсақтық өрім) операция (резекциясы, екі жақты симпатэктомия, күн өрімі түйіндерін алып тастау).