Амилоидоз туралы түсінік

Амилоидоз деп зат алмасуының өте ауыр түрде бұзылуы нәтижесінде ағзалардың аралық тінінде құрамы өте күрделі, қалыпты жағдайда кездеспейтін, аномалды белоктық заттың түзілуін айтады. Түрлері: туа пайда болған, біріншілік және екіншілік. Екіншілік амилоидоз жедел белок алмасу  бұзылысы фонында болады. Көбінесе созылмалы қабыну ауруларында: туберкулез, остеомиелит, бронхоэктаз ауруы. Сонымен қатар кейде деформациялық полиартрит, лимфогранулематозда дамуы мүмкін.  Амилоидоздың жалпы және жергілікті түрлері бар.

Амилоидоз туралы түсінік

Жалпы амилоидозда амилоид көбінесе көкбауырда, бауырда, бүйректерде, бүйрекүсті бездерінде, ішекте шөгіп қалады.Көкбауырда амилоидоз  жайылмалы түрде немесе тек лимфа фолликулаларында түйін түрінде жиналады. Амилоидоз жайылмалы түрде тұнғаңда көкбауырдың көлемі 2-3 есе үлғаяды, тығыздалып, қатаяды, кесіп қарағанда ол қоңыр-қызыл түсті, май жағып қойғандай жылтырақ болады.

Клиникасы: бүйрек амилоидозы нефротикалық синдмен көрінеді. Бастапқы сатысында бүйрек зақымдануы науқаста көп байқалмайды. Тек зәр анализі ғана протеинурияны (10-15 г/л), зәрле тек альбуминдер ғана емес, глобулиндер де болады. Зәр тұнбасында: цилиндерлер анық, эритроциттер аз болады. Біраз кеш кезеңдерінде ісік пайда болады. Арт. гипертензия бар. Шумақшалық фильтрация амилоидоздың бастапқы сатасынан бастап бұзылуы. Ақтық сатысында азотемия мен уремиямен көрінетін бүйрек қызметінің жетіспеушілігі болып, кейде жағдай науқасты өлімге әкеледі.

     Емі: екіншілік амилоидоз кез бастапқы ауруды емдеу керек. тек бүйте түбегейлі өзгерістер болмаған жағдайда ғана нәтижелі ем болады. Сонымен қатар диета құрамында белоктар көп. Витаминдік терапия.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 12 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014