Соқыр ішектің бұралуы

Соқыр ішектің бұралуы жедел ішек түйілуінің сирек түрі. Бұған әкелетін себебі, ішектің өзіндік ұзын шажырқайы.

Симптомы. Жедел ағымды, ауыру сезімі ұстама тәрізді, тұрақты, бел аймағына жайылады. Ауыру сезімі оң жақ іш, кіндік аймағына беріледі. Қарау кезінде іштің асимметриясы көрінеді. Пальпацияда оң жақ мықын аймағында босаңсу сезімі сезіледі (Шинанс–Данс симптомы) және ішперде бұлшықетінің ригидтілігі байқалады.

Диагностика. Жалпы шолу рентгенограммасында сұйықтықтың деңгейі горизонталды, соқыр ішектің оң жаққа қарай ісінгені көрінеді.

Емі оперативті. Ішектің деторсиясын жасайды. Өмір сүруге қабілеті бар ішекті фиксациялап және шажырқайды қысқартады.

Фиксация бірнеше әдіспен жасалынады:

1) соқыр ішекті іштің артқы бүйірінен алынған париеталды ішперденің қиындысымен фиксациялау (П.А.Герцен);

2) паралелды taenia libere 2-–3 қабатты серозды-бұлшықетті тігіс жасап, соқыр ішекті париеталды ішперденің қиындысымен фиксациялау (К.С.Симонян);

3) жоғарылаған жиектоқ ішекті taenia libere арқылы кіші мықын етіне париеталды ішпердені кескеннен кейін фиксациялау;

4) париеталды ішпердеден кесілген қиындыны жоғарылаған жиектоқ ішекке тігеді (К.Д.Иоакимис);

5) соқыр ішекті іштің бүйір қабырғасына фиксация жасайды.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!