Реналды тубуларлық ацидоз

Реналды тубулалық ацидоз (РТА) РТА-ң бірнеше типтерін ажыратады: проксималды, дисталды, гиперкалиемиялық дисталды. РТА-ң клиникасы — ацидоз бой өсудің кідіруіне әкеледі. Жиі белгілері — анорексия, құсу, бұлшықет әлсіздігі. I типті рта (классикалық дисталды РТА, дРТА) дРТА дисталды өзекшелерде қышқыл валенттіліктердің (Н+) экскрециясының төмендеуімен жүретін гиперхлоремиялық метаболикалық ацидозбен сипатталады. Дисталды реналді тубулярлық ацидозда бүйрек несепті қышқылдандыра алмайды. Сондықтан бұл науқастарда өмірге қауіп төндіретін ауыр метаболикалық ацидоз дамуы мүмкін. дРТА-ның ілкі (тұқым қуалайтын) және салдарлық формаларын ажыратады.

Салдарлық дРТА нефрокальциноз, аутоиммундық аурулар сияқты бүйректің аурулары кезінде немесе дисталды өзекшелерді немесе жинақтаушы түтікшелерді зақымдайтын токсиндер мен дәрі-дәрмектердің әсерінен дамуы мүмкін. Клиникасы: аурудың белгілері 3 ай мен 2 жас арасында көрінеді. Сүйектік өзгерістер: аяқ сүйектерінің деформациясы, патологиялық сынулар, сүйектердің ауыруы.

  • Нефрокальциноз.
  • Полиурия.
  • Кейде кереңдік.
  • Зертханалық өзгерістер: несеп талдауында: сілтілі реакция (рН 6,0-ден төмен емес), гиперкальциурия. Қан талдауында: гипокалиемия, гиперхлоремия, декомпенсацияланған метаболизмдік ацидоз

Емі. Негізгі емдік мақсат ацидозды жою болып табылады. Ол үшін сілтілендіруші препараттарды тағайындау керек. Әдетте бұл ацидоздың толық

  • Ацидозды жою мақсатында қышқыл-сілтілі жағдайдың көрсеткіштеріне қарай натрий бикарбонаты 1–3 ммоль/кг және одан жоғары мөлшерде қолданылады (мақсатты деңгей SВ 22 ммоль/л-ден жоғары).
  • Электролиттік бұзылыстарды (гипокалиемияны, гипокальциемияны) қалпына келтіру: калий хлориді 1–3 ммоль/кг, кальций карбонаты.
  • Сондай-ақ, қоспалар түрінде цитраттар: уралит, блемарен, Олбрайт қоспасы.
  • Нефрокальциноз жоқ болса, D3 витаминінің белсенді метаболиттерімен остеопатияны емдеу (альфакальцидол 0,5–1 мкг/тәул).

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!